301
туде өзінің бойындағы бар қасиетін бағыттап, жұмылдыра білуі,
яғни мақсатқа талпынушылығы жəне өзінің іс-қылықтарын қандай
да бір жағдаяттарда бақылауға мүмкіндік беретін байсалдылығы.
Кəсіпке баулу педагогы адамдармен қарым-қатынаста, яғни өз бой-
ында руханилықты, əсемділікті, талғампаздықты жинаған əсерлі,
яғни тартымды болғаны дұрыс. Кəсіпке баулу педагогының сыртқы
көрінісі де эстетикалық мəнерлі үйлесімділіктің үлгісі. Оның шаш
қоюы да, киім киісі де, əсемдік бұйымдары да тəрбиеленушінің жеке
тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді. Демек, сыртқы көрініс қай
жағынан болса да, жарасымды болғаны жөн.
Ізгіліктілік білім алушылардың жеке тұлғалық дамуында білікті
педагогикалық көмек көрсетуде сипат алады. Ол адамға жер бетіндегі
ең жоғары құндылық ретінде қарым-қатынас жасауды жəне оның
нақты істері мен іс-қылығына қарым-қатынасын білдіреді.
Рухани сезімталдық кəсіпке баулу педагогының білім
алушылардың жағдайын, көңіл-күйін сезіну, көмекке мұқтаж
болғандарға дер кезінде қол үшін беруге септігін тигізеді.
Оқытушының өз тəрбиеленушілерінің бүгіні мен ертеңіне
алаңдаушылық танытуы оның табиғи қалпы. Ол өскелең ұрпақтың
тағдыры үшін жеке тұлғалық жауапкершілігін саналы түрде пайым-
дайды.
Кəсіпке баулу педагогы білім алушылардың қай-қайсысының да
шығармашылық мүмкіндіктеріне сенеді, яғни оған педагогикалық
оптимизм тəн.
Педагогикалық үдерісте пайда болатын ширығуларды жойып
жіберу үшін, оған əзілшіл сезімі көмектеседі. Көңілді педагогтың
орынды қолданылған əзіл-қалжыңы, мақал-мəтелдері, сəтті шыққан
афоризмдері мен жылы қабақты қағытпалары, күлімсіруі аудито-
рияда жылы шырайлы эмоционалдық жағдай туғызады, осылайша,
түнеріңкі, қабағынан қар жауғандарды да оқыту үдерісіне жеңіл
жұмылдырады.
Заманауи кəсіпке баулу педагогының жеке тұлғасы көбінесе
оның эрудициясымен, мəдениетінің жоғары деңгейімен анықталады.
Көп білетіндер ғана бүгінгі толассыз тасқынды өмірде еркін бағдар
ала алады. Эрудициялы педагог, білім алушылар үшін əрдайым
көрнекі үлгі болатындықтан, жоғары мəдениеттілікті жеткізуші.
Кəсіби маңызды сапалар кəсіпке баулу педагогының жеке
тұлғасының, өмірінің интеллектуалдық жəне эмоционалдық-
еріктік қырларын сипаттайтындықтан, оның кəсіби-педагогикалық
302
іс-əрекетінің нəтижесіне айтарлықтай ықпалын тигізеді жəне
педагогтың жеке дара мəнерін анықтайды.
Жеке тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері. Кəсіпке баулу
педагогының жеке тұлғасының осы құрылымдық бөлігіне жоғары
жүйке іс-əрекеті типтерінің ерекшеліктерінен, темпераментінен,
мінезінің жеке дара белгілерінен, өзін-өзі реттеу, қозу мен тежелу
үдерістерінің ерекшеліктерінен туындайтын психофизиологиялық
мəнділігінің ерекшеліктерімен сипатталатын қасиеті кіреді. Он-
дай қасиеттерге көру-қозғалу координациясы (бағыты), көзбен
мөлшерлеу, нейротизм, экстраверсия, реактивтілік, энергетизм,
бейнелі ойлау қабілеті, зейін, байқағыштық, интуиция, мимика мен
пантомимиканы меңгеруі жатады.
Экстраверсия – адамның, негізінен өзін қоршаған ортада не бо-
лып жатқандығын, саналы пайымдауы жəне зейін қоюы.
Жоғары эмоционалдық сапа білім алушылардың күйзелістері мен
жан тоғаныстарына ниеттестікпен жан ашығандықта байқалатын
эмоциясын, пікірін, түсіністігін айшықты анық демонстрациялауда
көрініс береді. Əлемді дамыған бейнелі түрде түйсіну, педагогтарға
жағдаяттар мен міндеттердің бейнесін жасауға, құбылыстардың
белгілері мен символдарын жеп-жеңіл ойлап табуға, қосылмайтын
заттарды қиналмай қосуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біртектес əрекеттер амалдарына жəне
қабылдауға үйірсекті құштар болуда, объективті жағдайлар талап
еткен кезде əрекетті немесе қарым-қатынасты өзгертуге салыстыр-
малы қабілеттсіздік танытуда білінетін педагогикалық маңызы
бар жеке дара-психологиялық қасиеті ригидтілік. Эмоционалдық
тұрақтылық қасиетінің педагогикалық маңызы зор. Бұл қасиет
жеке тұлғалық күйзелістерге (стрестерге), психикалық ширығуға,
пессимистік көңіл-күйге, ашушаңдыққа төтеп бере алу дəрежесімен
сипатталады. Үнемі психикалық ширығу педагогикалық іс-əрекеттің
өнімділігіне жағымсыз əсер етеді.
Зейіннің маңызы зор. Зейінді бақылауда, педагогтарға қажетті кез-
де зейінді өз еркімен аудару іскерлігі өте қажет. Зейінді объектілерге
шоғырландырып қана қоймай, екі немесе бірнеше жазықтықта тара-
та, барлық білімгерлерді зейін шеңберінде ұстап тұра алу, олардың
шаршап болдырған белгілерін, түсінбегендіктерін, сонымен қатар,
мінез-құлықтарын аңғара білудің маңызы зор.
Нейротизм (невротизм) – эмоционалдық тұрақсыздықпен,
үрейленгіштікпен, өзін-өзі сыйлау дəрежесінің төмендігімен,
вегегативтік қынжылушылықпен сипатталатын хал-жағдай.
303
Зейін ұғымы байқағыштық ұғымымен тығыз байланысты.
Педагогикалық байқағыштық – бұл, ең алдымен, адамның ішкі жан-
дүниесіне ену, болып жатқанды түсінуге жəне эмоционалды жан
ашуға талпыну, қоршаған болмысқа назар аудара білу қабілеті.
Кəсіпке баулу педагогы үшін көзбен мөлшерлеу жəне көру-
қозғалыс координациясы (бағыты), қозғалыстың дəлдігі мен
анықтығын, қозғалыс бағытының айқындығын, реакцияның
шапшаңдығын қажет ететін, өлшеу приборларымен, станоктармен,
өндірістік құрал-жабдықтармен, аппараттармен, автомобилдермен
жəне т.б. жұмыс атқаруда аса маңызды.
Педагогикалық
іс-əрекетте
жиынтықтау
(интеграция)
маңызды рөл атқарады. Педагогикалық болмыста жағдаяттардың
сан алуандылығы мен қайталанатындығынан, нəтижеге өз
ықпалын тигізетін факторлардың көптігінен, оның үстіне уақыт
тығыздығынан, алынатын ақпараттардың толық емес, кейде шама-
мен алынатындығынан, шешім қабылдау қажеттілігі дəл есептеуді
жасауға мүмкіндік бермейді, міне сол мезетте, тіпті осындай
жағдайға қарамастын, нəтижені интуитивті болжап білу логикалық
есептуден де дəлірек болып шығады.
Интуиция, тəжірибелі оқытушыға дұрыс шешімді бірден көруге
мүмкіндік беретін, логикалық ойлаудың орнын жетістікпен баса
алатын, өзіндік педагогикалық сезгіштік. Интуиция педагогқа
сол педагогикалық іс-əрекет үдерісінде қажетті тəсілді табуға
көмектеседі, сондай-ақ, іс-əрекеттің нəтижесін болжау амалдарына
жетелейді.
Мимика мен пантомимика. Педагогтың іс-əрекетінде мəнерлеу
құралдарын (сөзбен, ыммен) қолдана білу іскерлігінің маңызы
зор, өйткені, педагогикалық іс-əрекеттің жетістігі ол қасиеттердің
қаншалықты қалыптасқандығына байланысты. Демек, педагог,
кей жағдайда, мəнерлеу құралдарын (сөзбен, ыммен) қолдану
ерекшеліктеріне тəуелді.
Кəсіпке баулу педагогы əрдайым интеллект интеллектілікпен
шыңдалатынын, мінезді мінез тəрбиелейтінін, жеке тұлғаны жеке
тұлға қалыптастыратындығын есте ұстауы тиіс.
Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) кəсіби-
педагогикалық мəдениетінің қалыптасуы. Жүйелік құрылым ретінде,
кəсіби-педагогикалық мəдениет, педагогикалық іс-əрекеттің сана-
луан түрлерінде шығармашылықпен жүзеге асырылуға бағытталған
педагогикалық құндылықтардың, технологиялардың, жеке тұлғаның
мəндік қуатының бірлігін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |