298
– əлеуметтік-құқықтық құзыреттілік - қоғамдық институттар-
мен жəне адамдармен өзара əрекеттесу саласындағы білімдер жəне
іскерліктер, сонымен қатар кəсіби қатынас жасау жəне мінез-құлық
тəсілдерін меңгеру;
– жеке құзыреттілік – үнемі кəсіби өсуге жəне біліктілігін
жоғарылатуға қабілеттілігі, сонымен қатар кəсіби еңбек етуде өзін-
өзі жүзеге асыруы;
– арнайы құзыреттілік – өз бетінше нақты іс-əрекеттерді
орындауға қабілеттілігі, типтік кəсіби міндеттерді шешу жəне өз
еңбегінің нəтижесіне баға беру іскерлігі, мамандығы бойынша жаңа
білімдер мен іскерліктерді өз бетімен меңгеру қабілеті;
– аутоқұзыреттілік – өзінің əлеуметтік-кəсіби сипаттамалары
туралы барабар түсінігі жəне кəсіби деструкцияларды жеңудің тех-
нологиясын меңгеруі;
– экстремалдық
құзыреттілік – кенеттен
күрделенген
жағдайларда, апат, техникалық үдерістердің бұзылуы кезінде əрекет
жасау қабілеті.
– Кəсіби құзыреттілік кəсіби-педагогикалық іскерліктердің
қалыптасу деңгейімен өлшеніп бағаланады. Кəсіптік мектеп
педагогының, атқаратын операциялық фукциялары тұрғысынан,
кəсіби-педагогикалық іскерліктердің келесі топтарын атап көрсетуге
болады:
– гностикалық іскерліктер – жаңа ақпаратты алуды, ондағы
бастысын, мəндісін ажыратып көрсетуді жəне өзіне тиесілі
педагогикалық тəжірибесін, жаңашылдардың тəжірибесін, сонымен
қатар, өндіріс өнертапқыштарының тəжірибесін жинақтауды жəне
жүйелеуді көздейтін жалпыкəсіби, өндірістік жəне психологиялық-
педагогикалық білімдерді меңгеру саласындағы танымдық
іскерліктер;
– идеологиялық іскерліктер – білім алушылар арасында
саяси-тəрбиелік жұмыстар жүргізу, педагогикалық білімдерді
насихаттаудағы əлеуметтік-маңызды іскерліктер;
– дидактикалық іскерліктер – оқытудың нақты мақсаттарын
анықтаудың, оқытудың барабар формаларын, əдістерін жəне
құралдарын таңдаудың, педагогикалық жағдаяттарды құрастырудың,
оқу-өндірістік материалдарды, жұмыстың тəсілдерін жəне
техникалық объектілерді демонстрациялаудың жалпы педагогикалық
іскерліктері;
– ұйымдастырушылық-əдістемелік
іскерліктер – оқу-
299
тəрбие үдерісін жүзеге асыру, білім алушылардың мотивация-
сын қалыптастыру, оқу-кəсіби іс-əрекеттерді ұйымдастыру,
педагогикалық жағынан сенімге ие болған өзара қарым-қатынастарды
орнату, ұжымды, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру;
– коммуникативтік-режиссерлік іскерліктер-педагогикалық ре-
жиссура аясындағы (сфера) перцептивтік, экспрессивтік, сугистив-
тік, шешендік іскерліктерді қосып алғандағы, жалпы педагогикалық
іскерліктер;
– прогностикалық іскерліктер - оқу-тəрбие үдерісінің жетістікті
болуын болжауды, білім алушылардың жеке тұлғасын жəне
ұжымын диагностикалауды, педагогикалық жағдаяттарды талдау,
педагогикалық іс-əрекеттің баламалы үлгілерін құру, жеке тұлғаның
жəне ұжымның дамуын жобалау, үдеріс пен нəтижені бақылауды
қосып алғандағы, жалпыпедагогикалық іскерліктер;
– рефлексиялық іскерліктер – өзін-өзі тану, кəсіби іс-əрекетке
жəне кəсіби мінез-құлыққа өзін-өзі өзектендіруге өздік баға беру
қабілеті;
– ұйымдастырушылық-педагогикалық іскерліктер - тəрбие
үдерісін жоспарлау, педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдарын
таңдау, өзін-өзі тəрбиелеу жəне өзін-өзі басқару, білім алушылардың
жеке
тұлғалық
кəсіби
бағыттылығын
қалыптастырудың
жалпыпедагогикалық іскерліктері;
– жалпы кəсіби іскерліктер - сызбаларды, сұлбаларды,
техникалық диаграммаларды оқу жəне құрастыру, сонымен бірге,
есептеу-графикалық жұмыстарды орындау, өндірістің экономикалық
көрсеткіштерін анықтау іскерліктері;
– конструктивтік іскерліктер – оқу жəне техникалық-
технологиялық құжаттарды өңдемелеуді, құрылымдық жұмыстарды
орындауды, техникалық карталарды құрастыруды, бағыттаушы
тестерді құрастыруды қосып алғандағы, техникалық үдерістерді жəне
техникалық қондырғыларды өңдемелеу бойынша жиынтықталған
іскерліктер;
– технологиялық іскерліктер - өндірістік жағдаяттарды,
технологиялық үдерісті жоспарлау, тиімділікпен ұйымдастыру,
техникалық
қондырғыларды
пайдалануды
сандық
талдау
іскерліктері;
– өндірістік-операциялық іскерліктер – салалас кəсіптер бойын-
ша жалпыеңбек іскерліктері;
– арнайы іскерліктер – өндірістің қайсыбір саласы шеңберіндегі
тар мағынадағы кəсіби іскерліктер.
300
Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) кəсіби
маңызды сапаларының қалыптасуы. Педагогтың жеке тұлғасының
құрылымының негізгі компоненті оның кəсіби маңызды сапала-
ры. В.Д.Шадриков кəсіби маңызды сапалар дегенді іс-əрекеттің
тиімділігіне жəне оны меңгерудің жетістіктілігіне ықпалын тигізетін
іс-əрекет субъектісінің жеке дара сапасы ретінде түсіндіреді.
Кəсіби маңызды сапалар санатына ол қабілеттерді де жатқызады.
Педагогтың педагогикалық іс-əрекетінің өнімділігі оның жеке
тұлғасының кəсіби маңызды сапаларының қалыптасуына тікелей
байланысты.
Маңызды кəсіби-педагогикалық сапаға логикалық ойлау
кіреді. Логикалық ойлау, талдау, жинақтау, ұғымдарды жіктемелеу,
логикалық жағдаяттарды табу операцияларын орындауға бағытталған
əрекеттер жиынтығы. Аталған көрсеткіштердің жүзеге асырылуы
логикалық ойлау тəсілдерінің қалыптасқандығын көрсетеді.
Кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттегі сапалардың доминанта-
сы (Р.А.Мижериков, М.Н.Ермоленко) жеке тұлғаның белсенділігі,
мақсатқа талпынушылығы, байсалдылығы, білім алушылармен
жұмыс жүргізуге ықыласы, экстремалды (тосын) жағдаяттарда
қобалжып сасқалақтамау қабілеті, əсерлі тартымдылығы, адалдығы,
шыншылдығы, заманауилығы, педагогикалық ізгіліктілігі, эрудици-
ясы, педагогикалық такты, тағаттылығы, тəртіптілігі, педагогикалық
оптимизмі. Сонымен бірге, бұған талап қоя білушілік, жауапкершілік,
коммуникабелдік сапаларын да қосуға болады.
Кəсіпке баулу педагогының профессиограммасында оның ой
мен толғаныстарын образда (кейіп), мінез құлықта, өзінде, өзінің
жеке тұлғалық көріністерінде бейнелеу қабілетінде байқалатын
педагогикалық əртістік сияқты сапасы да қарастырылады.
Педагогтардың əртістік іс-əрекеттеріне жүргізілген зерттеу-
лер көрсеткеніндей, оларға, əдетте, өзіндік жағымды, əлеуметтік
көпшілдік сипаттар, өзіне жəне өзінің ісіне деген сенімділік, жеке
тұлғалық мүдделері мен кəсіби мүдделерінің сəйкес келуі, үнемі
жетілуге ынтасы, іс-əрекетінің кəсіби бағыттылығы тəн келеді.
Экстремалды жағдаяттарда қобалжып, сасқалақтамау педагог
үшін, əсіресе өндірістік оқыту шебері үшін аса маңызды. Бұл ке-
неттен, күтпеген жағдаяттар пайда болған жағдайда болуы мүмкін
кəсіби іс-əрекеттің сипатымен себептелінеді.
Кəсіпке
баулу
педагогының
педагогикалық
маңызды
сапаларының бірі алға қойылған педагогикалық мақсаттарға же-
Достарыңызбен бөлісу: |