Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет68/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105

221
Білім  беруді  мекемеішілік  тексеруді  ұйымдастыруда  осындай 
жəне бұдан басқа да кемшіліктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау 
үшін бірқатар жалпы талаптарды білу қажет.
Ондай талаптарға мыналар жатады:
 

жүйелілік
 - бұл талап білім беру мекемесіндегі оқу үдерісінің 
бүкіл барысын басқаруға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, 
бақылау мен тексеруді тұрақты жүргізуге бағытталады;
 

əділдік
  –  бұл  талап  бойынша  оқытушының  немесе 
педагогикалық  ұжымның      мемлекеттік  стандарт  жəне  білім 
бағдарламалары  талабына  сай  жасалынған  жəне  келісілген  крите-
рийлермен бағалануы тиіс;
 
 

ықпалдылық
  тексеру нəтижелері анықталған кемшіліктерді 
жойып, оңда өзгерістер жасауды талап етеді;
 

тексерушінің  өз  ісін  жетік  білуі
  –  тексеретін  тақырыпты 
білуді, тексеру əдістемесін меңгеруді, тексеру нəтижесінің дамуын 
болжай алуды талап етеді.
Білім 
беру 
мекемесінтану 
əдебиетінде 
(М.Л.Портнов, 
Т.И.Шамова,  Н.А.Шубин  жəне  т.б.)  білім  беруді  мекемеішілік 
бақылау мазмұнына мынадай бағыттарды қосады:
 
– жалпыға 
бірдей 
білім 
берудің 
ұйымдастырушылық-
педагогикалық мəселелерін орындау;
 
– оқу  бағдарламалары  мен  мемлекеттік  білім  стандартының 
орындалу барысы жəне сапасы;
 
– білім сапасы, білім алушылардың ептілігі мен дағдысы;
 
– білім алушылардың тəрбиелілігінің деңгейі;
 
– білім,  тəрбие  жəне  оқытудың  дамытушылық  қызметін  іске 
асыратын оқу пəндерінің берілу жайы;
 
– сабақтан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жайы мен 
сапасы;
 
– педагог кадрлармен жұмыс;
 
– білім  алушыларды  тəрбиелеудегі  білім  беру  мекемесінің, 
отбасылық жəне жұртшылықтың бірлескен əрекетінің тиімділігі;
 
– нормативті құжаттар мен қабылданған шешімдердің орында-
луы.
Тексеруші органның немесе білім беру мекемесі əкімшілігінің ар-
найы дайындалған естелік, нұсқау, ұсыныстары негізінде тексерудің 
аталған бағыттары нақтылана түседі.
Білім  беруді  мекемеішілік  бақылаудың  құрылымы,  түрлері 
мен  əдістері.  Қазіргі  кезде  білім  беруді  мекемеішілік  бақылаудың 


222
құрылымы, түрлері мен əдістерін жіктеу мəселесі даулы мəселелер 
қатарында  қалып  отыр.  М.Л.Портнов  «Білім  беру  мекемесі 
басшысының  еңбегі»  деп  аталатын  кітабында  тексерудің  үш  түрін 
бөліп көрсетеді: алдын-ала, ағымдағы, қорытынды. Ал Н.А.Шубин 
түр  мен  əдісті  бірге  топтастыра  отырып,  былайша  үйлестіреді: 
алдын-ала  шолу,  дербес,  тақырыптық,  жан-жақты  жəне  топтық, 
жинақтаушылық.
Педагог-теоретиктер  мен  практиктердің  арасында  Т.И.Шамова 
ұсынған  білім  беруді  мекемеішілік  бақылаудың  құрылымы  мен 
түрлері  кең  қолдау  тапты.  Ол  жіктеу  құрылымдық  жағынан 
тыңғылықты, қисынды, практикалық қолданымға қолайлы жəне ең 
бастысы, бақылаудың құрылымы мен түрлері тұтас педагогикалық 
үдерістің табиғатына толық жауап бере алады.
Ол ұсынған тексерудің түрі - жан-жақты жəне тақырыптық бо-
лып бөлінеді.
     
Тақырыптық тексеру
 - педагогикалық ұжымның оқытушылар 
тобының немесе жекелеген оқытушының қызмет жүйесіндегі белгілі 
бір  нақты  мəселені  тереңдей  зерттеуге  бағытталады.  Тақырыптық 
тексерудің  мазмұны  педагогикалық  үдерістің  түрлі  бағыттарының 
жекелеген  мəселелерін  қамтығанымен,  ол  терең  жəне  мақсатты 
зерттеледі.  Оның  мазмұны  білім  беру    мекемесіндегі  инновация, 
озық педагогикалық тəжірибені енгізу мəселесін де қамтиды.
Жан-жақты  тексеру  -
  педагогикалық  ұжымның,  əдістемелік 
бірлестіктің  немесе  жекелеген  оқытушының  қызметін  жан-жақты 
тексеруге  бағытталады.  Көп  еңбек  сіңіруді  жəне  тексеруге  көп 
адам тартуды қажет ететіндіктен, жаппай тексеруді жылына екі-үш 
рет  қана  жүргізу  тиімді.  Жекелеген  оқытушының  қызметіне  жан-
жақты  тексеру  жүргізгенде,  мысалы,  аттестациялау  барысында, 
оның жұмысының барлық бағыттары - оқу, тəрбие, қоғамдық-саяси, 
басшылық əрекеттері түгел зерттеледі. 
Ал 
білім 
беру 
мекемесін  жан-жақты  тексеру  кезінде  білім  беру  мекемесіне  тəн 
қызметтің  барлық  аспектілері  қамтылады,  ол  жалпы  білім  беру 
заңын,  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру,  ата-аналармен  жұмыс, 
қаржы-шаруашылық қызметі жəне т.б.
Тексеруді кімнің жүргізетіндігіне жəне нені тексеретіндігіне бай-
ланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
Дербес  тексеру
  жекелеген  оқытушы,  сынып  жетекшісі, 
тəрбиешілік жұмысын қамтиды. Ол тақырыптық та, жан-жақты да 
болуы  мүмкін.  Педагогтар  ұжымының  жұмысы  оның  жекелеген 


223
мүшелерінің  жұмысынан  құралатындықтан,  дербес  тексеру  өзін-
өзі ақтайды. Оқытушы қызметін дербес тексеру педагогтың өзін-өзі 
басқару  құралы,  кəсіпқой  болып  қалыптасуының  стимулы  ретінде 
аса маңызды.
Сыныптық-жинақтаушылық  тексеру
  оқу  жəне  оқудан  тыс 
əрекет үдерісінде сынып ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын 
факторлар жиынтығын зерттеуде қолданылады. Тексеру түрлерінің 
астарында  «жинақтаушылық»  ұғымының  жиі  қайталануы, 
педагогикалық  үдерісті  басқаруды  бақылау-тексеру  қызметінің 
дəлелді, əділ, жинақтаушы ақпаратпен қамтамасыз етілуімен байла-
нысты. Өйткені, осындай ақпарат педагогикалық талдау, мақсат қою, 
шешім  қабылдау  жəне  оны  іске  асыру  кезеңінде  қажетті  шынайы 
ақпарат  алуды  қамтамасыз  етеді.  Білім  беру  мекемесі  құжаттарын 
зерттеу,  бақылау,  əңгімелесу,  ауызша  жəне  жазбаша  тексеру,  ан-
кеталау,  озық  педагогикалық  тəжірибені  зерттеу,  хронометрия, 
болжамдау  сияқты  əдістер  де  қолданылады.  Ол  əдістер  бірін-бірі 
толықтырып отырады. Егер істің шынайы жағдайын білгіміз келсе, 
онда мүмкіндігінше түрлі əдістерді қолданып көру қажет.
Оқу-тəрбие үдерісінің сандық жəне сапалық сипаттамасын жасау 
үшін білім беру мекемесі құжаттарын зерттеу əдісін қолдануға бола-
ды. Білім беру мекемесінің оқу-педагогикалық құжаттары мыналар; 
білім  алушылардың  алфавиттік  тіркеу  кітабы,  білім  алушылардың 
жеке  іс-қағаздары,  сынып  жорналдары,  факультативтік  сабақ 
құралдары,  ұзартылған  күн  тобының  жорналы,  білім  туралы  ат-
тестат  беру  жəне  бланкілерді  есепке  алу  кітабы,  педагогикалық 
кеңестің  жəне  білім  беру  мекемесі  кеңесі  мəжілісінің  хаттама-
лар  кітабы,  білім  алушылар  қозғалысының  бұйрық  кітабы,  жалпы 
білім беру мекемесінің бұйрық кітабы, білім беру мекемесі педагог-
кадрларының есеп беру кітабы жəне т.б.
Білім беру мекемесі құжаттарының қатары аса мол, ал олардан 
алынатын ақпараттар да сан-салалы, мазмұны бай болып келеді.
Білім беру мекемесі құжаттары бірнеше жылдық ақпараттарды 
жинақтайды, қажет болған жағдайда мұрағаттың көмегіне сүйенуге 
болады.  Осылайша,  жинақталған  ақпарат  салыстырмалы  талдау 
жасауға,  əсіресе  педагогикалық  əрекетті  болжамдауға  мүмкіндік 
береді.
Білім  беру  мекемесі  практикасында  ауызша  жəне  жазбаша 
тексеру  барынша  жиі  қолданылады.  Қолдануға  жеңіл  əрі  оңай 
болғанымен  тексерудің  тек  осы  түрімен  шектеліп  қалуға  болмай-
ды.  Сонымен  бірге,  білім  беру  мекемесі  практикасында  ақпарат 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау