209
те). Күнделікті жұмыс барысында ішкі жəне сыртқы орта туралы
мəліметтер жинап, олардың əсерін есепке алу
12-кесте.
Педагогикалық менеджмент ұғымына берілген анықтамалар
Анықтамалар
Əдебиет көздері
Педагогикалық
менеджмент –
педагогикалық жүйенің қызмет етуі мен да-
муына бағытталған басқару принциптері,
əдістері, ұйымдастыру формалары жəне
тəсілдер технологияларының кешені
Управление развити-
ем школы /Под ред.
М.М.Поташника и
В.С.Лазарева.- М.: Новая
школа, 1995
Білім беру мекемесін басқару – субъектілері
жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік ету
жəне бақылау арқылы білім алушылардың,
педагогтардың, ата-аналардың, оның
қосымша қызмет көрсетушілерінің біріккен
іс-əрекетін қаматамасыз ететін білім беру
мекемесінің білім беру мақсаттарына
жəне даму мақсаттарына қол жеткізуге
бағытталған айырықша іс-əрекеті
Сластенин В.А. Педа-
гогика / В.А.Сластенин,
И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов;
Под ред. В.А.Сластенина.
– М.: Издательский центр
«Академия», 2004
Білім беруді мекемеішілік басқару дегеніміз
оған қатысушылардың тұтас педагогикалық
үдерістің объективті заңдылықтарын та-
нып білу негізінде оңтайлы нəтижеге же-
туге мақсатты бағытталған, саналы өзара
əрекеттестігі.
Симонов В.П. Педагоги-
ческий менеджмент: 50
НОУ-ХАУ в управлении
педагогическими система-
ми: - М.: Педагогическое
общество России, 1999
Педагогикалық менеджмент – бұл білім
беру үдерісін басқарудың кешенді принципі
мен технологиялық тəсілдері, ол тек білім
мекемелеріндегі тиімді басшылықтың
шығармашылық əлеуетін көрсетіп қана
қоймай, педагогтер, студенттер мен
тыңдаушыларға да өзіне тəн міндеттер
ауқымын жүктейді
Өстеміров К., Шəметов
Н.Р.,
Васильев
И.Б.
Кəсіптік педагогика: кол-
ледж,
университеттер
студенттеріне
арналған
оқулық /Алматы, ЖШС
«Наз-9» ЖШС 6 2006
негізінде алдағы міндеттердің орындалу барысын қадағалайды.
Менеджмент мəселелерін зерттеушілер оның аса маңызды төрт фук-
циясын атап көрсетеді
1
.
– жоспарлау – алдағы мақсаттарға жетудің ең қолайлы жолдарын,
мекеменің стратегиялық даму бағыттарын анықтау;
1
(Веснин В.Р. Основы менеджмента. 3-е изд., доп. и испр. М. : Т. Д. «Элит-2000», 2003.- С.31.
Галенко В.П., Рахманов А.И., Страхова О.А. Менеджмент. СПб. : Питер, 2003. С. 17.):
210
– ұйымдастыру – жасалған жоспардың іске асырылуы үшін,
сонымен қатар ұжым мүшелерінің өкілеттіліктерін, атқаратын
міндеттерін жəне жауапкершіліктерін бөліп беруге қатысты шешім
қабылдау туралы айырықша əрекеттер мен қорларды анықтау;
– жетекшілік ету -қызметкерлердің міндеттерін анықтау, олардың
өз міндеттерін анағұрлым жақсы орындауларына талпындыратын
ұйымдастыру ортасын қамтамасыз ету;
– бақылау – қол жеткен нəтижелерді жоспарланғандарымен
салыстыру жəне талдау, қажеттіліктерге сəйкес ұйымдастырушылық
орындаушылықты қамтамасыз етуді көздейтін бағыттау, бақылау
жəне реттеушілік іс-əрекет.
Педагогикалық үдерісті басқаруда мақсат қою мен жоспарлау
педагогикалық менеджменттің басты міндеті. Педагогикалық
жүйенің үнемі қозғалыста, даму үстінде болуы оқу-тəрбие
жұмысының мақсат қою мен жоспарлау ісін жетілдіріп отыруды
қажет етеді. Əрине, тəрбиеленушілердің бойында белгілі бір
қасиеттің қалыптасуын дəл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Бірақ,
жоспарлау жеке тұлғаның барынша жəне жан-жақты дамуына
қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.
Сондықтан, педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен
міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың
көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол
педагогтың да, білім алушының да əрекетін қамтуы керек. Басқару
қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тəсілдерін, оның жалпы
бағыттарын айқындайтын бастау.
Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі сол, бұл
жерде, қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз. Басқару
əрекетінің жалпы мақсаттарын білім алушылардың жас ерекшелігі
мен дербес психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, белгілеу орынды.
Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған «ағашқа» теңейтін
болсақ, «басты» мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан,
педагогикалық үдерістің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың
іске асуы есебінен нəтиже беретінін ұмытпау қажет.
Басқаруда белгіленген мақсатқа қол жеткізу оқу орны
жетекшісімен бірге оқытушылар жəне білім алушылардың да
осы жұмысқа тартылуын, олардың əрқайсысының педагогикалық
үдерісте белгілі бір құқықты, міндетті, жауапкершілікті саналы
түрде арқалауын көздейді.
Осылайша, мақсат қою басты мақсаттарға қол жеткізуге
211
бағытталатын істі кешенді-мақсатты түрде жоспарлауға мүмкіндік
береді. Кешенді-мақсатты бағдарлама білім беру мекемесі жұмысы
жоспарының қысқартылған моделі емес, ол білім беру мекемесінің
жалпы жоспарынан бөліп алынған, барынша маңызды 3-4 мəселенің
нақтылана түскен бөлігі.
Мұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын
қысқаша түсініктемесі болады; оның жалпы білім беру мекемесінің
жоспарындағы орны; басты мақсаты, міндеттер жүйесі; мақсатқа
жету көрсеткіштері; орындалу мерзімі; міндетті орындауда
басқарудың мəліметпен қамтамасыз етілуі; бағдарламаның
орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға
енгізілген түзету
1
.
Кəсіптік білім беру мекемелеріндегі басқаруды жоспарлау-
ды зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың
негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде
жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ болашаққа (перспекти-
ва) арналуы, ағымдағы істерді шұғыл шешуге бағытталуы мүмкін.
Осыған байланысты, кəсіптік білім беру мекемесі жұмысының жо-
спарын перспективалық (болашақ), жылдық, ағымдағы деп бөліп
қарастырамыз.
Кəсіптік білім беру мекемелерінің жұмысының жоспарын дайын-
дау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін
қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең
алдымен мақсатты бағыттылықтың талабын сақтауға байланысты.
Мақсатты бағыттылық
дегеніміз – белгілі бір мақсатты ұстаным
деп бағалауымыз керек. Оның мəні педагогтар жəне білім алушылар
ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамыту жəне тереңдетілген
білім беру мекемесі жұмысының өткендегі тəжірибесін есепке алу
деген сөз. Бұл білім алушылардың, сынып жетекшілерінің, қоғамдық
ұйымдардың іс-əрекетіндегі жеке мақсаттар қоюы болып табылады.
Жоспарлауға қойылатын талаптардың қатарында біріншіден,
мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты
эмоционалдық сипатын білдірсе, екіншіден, стратегия ретінде,
мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға бола-
тын шынайылығын танытатын оның перспективалылығы. Ал,
жоспарлауға қойылатын талап жоспарды түзу барысында əртүрлі
құралдар, əдіс, тəсілдер мен əрекет түрлерін біртұтас байланы-
ста қарастыруды қажет ететін, оның кешенділік сипатта болуы.
1
Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики /Под ред. Т.И.Шамовой.–
М.:Педагогика,1991. –С.78.
Достарыңызбен бөлісу: |