№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
136
Қабылдаушы бейнесі категориясы: «оқушы», «тыңдаушы», «оқырман», «қара
халық», «ақсүйек», «тобыр», «публика», «бірен-саран», «таңдаулылар», «ӛзіміздікі»,
«барлығы».
Қабылдаушы бейнесі категориясының (оқушы, тыңдаушы) «қара халық»,
«ақсүйек», «тобыр», «публика», «бірен-саран», «таңдаулылар», «ӛзіміздікі»,
«барлығы» сынды түрлері бар.
Осындай бақылаулардан, зерттеулерден шығатын қорытынды: ӛнер туындысы
әр адамға оның одан қаншалықты дәрежеде ала алатынына байланысты бере алады
[4, 340].
Қабылдаушының түрлі жіктерге бӛлінуі заңдылық. Қалың кӛпшіліктің бәрі
эстетикалы бағытталған қабылдаушы болуы мүмкін емес. Алайда, қай қоғамда
болмасын, автор алдында ӛз қабылдаушыларын тәрбиелелеу, рухани-моральдық,
біліми, эстетикалық, саяси-экономикалық танымдарының ӛсуіне, жетілуіне ықпал
ету мәселесі тұрады. Ӛнердің табиғаты да осыған жетелейді. Автор мен тыңдаушы
категорияларының, олардың байланысының, қарым-қатынасының полифониялы,
полифункционалды екендігін тануға жол ашылды
Автор – мәтін – тыңдаушы. Автор мен тыңдаушы байланыстары кӛркем
шығарма арқылы жүзеге асады. Кӛркем шығарма әдебиеттану ғылымында мәтін деп
қарастырылады.
Мәтін жасалу барысында автордың қабылдаушымен байланысының да түрліше
құрылуын Ю. Лотманбылайша анықтайды: «Сӛйлеушіге бағдарланған мәдениет ең
жоғарғы құндылықтың сапасы туралы жабық, табылуы қиын немесе тіпті де
түсініксіз мәтіндерден тұрады. Бұл эзотериялық мәдениеттің түрі.
Дана Абайдың: «Сӛз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», - деп мәдениеттің жаңа
кезеңіне жол тартуы, ӛз кезегінде коммуникациялық аймақтың ішіндегі қозғалыс
бола тұра, ӛзіне дейін қалыптасып келген автордың аудиторияның үлгісіне
ыңғайлануынан, бірінші үлгіге, аудиторияның автор үлгісіне ыңғайлануын жасау,
тудыру, қалыптастыру болды.
Қазіргі кезеңде мәтін семиотикалық жүйе ретінде үш пәннің зерттеу нысаны
болып отыр. Олар: текстология; герменевтика; поэтика.
Мәтін – автор мен қабылдаушы арасын байланыстырушы ғана емес, тудырушы
мен тұтынушы екі жақтың ой-пікір, сана-сезім, дауыстарының тоғысатын,
араласатын нысаны. Сол себепті «Мәтінді түсіну үшін дәлме-дәл, сӛзбе-сӛз оқу
шегінен шығу керек: мәтін авторының кӛзқарасына және оның дүниетанымына,
автордан тыс адамдардың «дауысына», яғни қоршаған әлеуметтік орта кӛзқарасына
қанық болу керек әрі осы мәтін соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да
кӛз алдыңа елестете білу кажет
Екінші тарау «Автор мен тыңдаушы және әдеби мектеп дәстҥрі» деп
аталады. Сыр сҥлейлері шығармаларындағы автопортрет. Әдебиет теориясында
бұл бірде автопортрет, бірде автор тұлғасы, бірде автор образы түрінде қолданыла
береді.
Қалай болғанда да автор бейнесінің кӛркем шығарма үшін мәні ерекше. Олай
дейтініміз, кез келген ӛнер туындысы суреткер дүниетанымының жемісі, кӛрінісі.
В.О. Виноградов: «Автор образы дегеніміз кӛркем шығарманың тұла бойына
жайылып жатқан әрі оның барлық элементтерінің ӛзара байланысы мен әсер-
ықпалын анықтайтын сӛздік оқшау структура», - дейді [7, 152].
Автор бейнесі прозада кӛркем шығарманың ӛн бойынан – идеялық-
композициялық құрылымынан, образдар жүйесінен, тіптен тілі мен стилінен айқын
кӛрініс табады. Ал поэзия жанрында, әсіресе, сыршыл лирикада лирикалық кейіпкер
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
137
сезімі мен танымы, ой-ӛресі арқылы кӛрінсе, енді бірде автордың ӛз бейнесін
сомдауы арқылы кӛрініс табады.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің тізгінін тең ұстаған Сыр бойы ақындары
осы дәстүрді жалғастырып қана қоймай жаңғырта, жаңарта түседі.
Сыр сүлейі Балқы Базар ӛзі туралы:
Бұл жер түгіл тӛменгі –
Аштарханның бойында,
Құмар дейді кӛрмекке,
Он екі ата байұлы.
Әлім менен шӛменнің,
Мен едім даңлы шайыры...
...Мен – күпшек санды тел күрең,
Тӛсімнен тартса жетпейтін,
Жуандықтан айылы... [7, 38], - деп жыр нӛсерін тӛгеді.
Екпін, ырғақ, ұйқас шабыт үстіндегі ақын бейнесін кӛз алдымызға әкеледі.
Ақындық шабыты тасыған Базар жырау ӛз бейнесін жасауда сӛз маржанын
тӛгілдіреді.
Бұл әсіре мақтау, қызыл сӛздің тізгінін еркінше жіберу емес. Ақынға халық
берген баға. Жырау сол халықтық бағаны кӛркем сӛзбен жеткізуші ғана.
Базар жыраудың автопортрет жасаудағы шеберлігі кӛрінетін тағы туындысы
«Қайырға біткен шынармын» деп аталады. Толғаудың алғашқы ӛлең жолының
ӛзінен ақындық суреткерлік анық кӛрінеді. «Қайырға біткен шынар» образды
ойлаудың жемісі. Ӛз образын жасауда ақын тек шалқып, тасып кетпейді.
Тағдырының бұралаңы мен бұлтарысын, ӛрі мен ылдиын ӛзін құрметтеген
халықтан жасырғысы келмейді:
Мен – қайырға біткен шынармын,
Бітсе күнім сынармын.
Қайда жақсы бар десе,
Қауышқанша құмармын...
...Жарауы түскен жүйріктей,
Ілестірмей ешкімді,
Қызсам жалғыз шығармын!
Адам болса кеулінде,
Болмай қалмас бір арман.
Екі мұңлы бас қосса,
Іштегі шерін шығарған [7, 48].
Ӛзін қадір тұтқан жыр сүйер қауымға Базар да үлкен құрметпен қарағандығы
байқалады. Ақынның ең бірінші ойлайтыны ӛзінен аталы сӛз күткен әлеуметтің
кӛңілін қалдырмау. Жалынды жырларымен халық кӛңіліне медеу, демеу болу.
Жалпы Базар жыраудың автопортреттері жалаң мадақ емес. Ӛз ӛмірін
заманнан, қоғамнан бӛлек қарастыра алмайтын ақын, ӛз бейнесін жасауда да бұл
мәселені қаперінен шығармайды. Ішкі жандүниесі, заман салған ылаң, жан күрсінісі
– барлығы Базар жыраудың авторпортреттерінен кӛрінеді.
Айтыс ӛлеңдердегі автор мен тыңдаушы. Айтыс – қазақ ауыз әдебиетінің
әлеуметтік жүгі мол, кең ӛрісті үлкен бір саласы. Ол – суырып салма ақындық
ӛнердің жемісі. Бертін қазақ елі ислам дініне еркін араласқан кезде, араб әрпімен хат
таныған кезде, бұрынғы ауызша айтысқа жаңа түр қосылды – ол жазбаша айтысу
дәстүрі.
Достарыңызбен бөлісу: |