162
Біздің еліміз үшін мұнайды Қытайға қарай тасымалдаудан түсетін пайда айдай айқын.
Ӛйткені Қытай дүние жүзінде бізге ӛз кӛлемінің мӛлшері жағынан да, ең жақын орналасқан
кӛршілік жағынан да мұнай ӛнімдерін екінші орында сұраныс беруші тұтынушы ел болып
табылады. Қытай экономикасының дамуы шапшаң қарқынмен жүзеге асырылып келеді және
мұның ӛзі оның мұнайға деген сұранысын арттыра түсуде. Мұнайға деген сұраныстың
Оңтүстік-Шығыс Азияның ӛзге елдерінде де арта түсіп отырғанын елеусіз қалдыруға
болмайды. Бүгінгі таңдағы ―ҚазТрансОйл‖ мен CNPC – мемлекет мүдделерін білдіретін
компаниялар. Олардың ӛзара әрекеттестігі парасатты қарым-қатынастар негізінде құрылған.
Сенім мен айқындық – Қазақстан-Қытай әріптестігінің маңызды векторы. Ол бірлескен
жобаларды жүзеге асыру кезінде жұмыстың табысты болуын алдын ала айқындайды, бұған
―ҚазТрансОйл‖ кәміл сенімді.
Компания ―Атасу-Алашаңқай‖ жүйесі бойынша мұнайды сенімді және үздіксіз
қабылдау мен тасымалдаудың болуын қамтамасыз ету мақсатымен Шығыс филиалының
―Прииртышск-Атасу‖, ―Қарақайың-Атасу‖ учаскесіндегі және ―Атасу‖ мемлекеттік мұнай-
газ айдау бекетінің тікелей ӛзіндегі нысандарды жетілдірудің және қайта құрудың бірқатар
маңызды шараларын жүзеге асырды. ―Атасу‖ мұнай-газ айдау бекеті ―Атасу-Алашаңқай‖
мұнай құбырының мұнай айдайтын ең басты бекеті болып табылады. 2010 жылдың
қорытындылары бойынша осы бағытпен мұнай тасымалдау кӛлемі тұрба-құбырды толтыруға
арналған мұнайдың кӛлемін қоса есептегенде 2.7 миллион тоннадан астам болды.
Парсы шығанағы нарықтың құрылымы 1998 жылдың қаңтар айынан бастап, әлемдік
нарыққа ирактық мұнай шығуымен қалыптасуда. Ирак пен ТМД, соның ішінде
Қазақстанның мұнай ӛндірушілері де Жерорта теңіз нарығының қажеттіліктерін
қанағаттандыруда. Бұл нарықты негізінен Таяу Шығыс елдері – ОПЕК елдері, ірі
экспорттаушылары қалыптасады.
Атлант бассейні нарықтың мүшелері ең ірі мұнай ӛндірушілер, әрі ең ірі
тұтынушылардың бірі болып келеді. Колумбияда тұзсыз мұнай ӛндіру кӛлемі артты, Канада
жылына 50 млн. тоннаға дейін ауыр мұнай ӛндірісін жоспарлауда. АҚШ-тың ӛзі әлемдік
мұнай ӛнімдер экспортының 10%-ын қамтамасыз етеді. Қазақстандық мұнай осы аймаққа да
тасымалданады, алайда квоталар мен құбыр жүйесінің ӛтімділік қуатының тӛмен болуымен
сиптталады.
Қазақстан үшін ең тартымды ӛткізу нарықтары Қытай, Азия, сонымен бірге Жерорта
теңіз нарығы болып табылады.
Жерорта теңіз нарығын қарастыратын болсақ, бұл аймақта каспийлік мұнайдың
бәсекелік қабілеті жоғары. Себебі бір баррельдің тасымалдау шығыны 4-5 доллар құрайтын
қазақстандық мұнайдың бәсекелік қабілетін нығайтады. Қазақстандық мұнай Парсы
шығанағының бір баррелін Жерорта теңіз нарығына жеткізу үшін бір доллар құрайтын
мұнаймен ӛзге нарықтарға жеткізу шығындарымен салыстырғанда бәсекеге түсе алады.
Мұнай потенциалын игеру капитал мен жаңа технологиялар тартуды, энергетикалық
инфрақұрылымды құру мен дамыту мақсатында ірі халықаралық мұнай компаниялармен
ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға негізделуі керек. Бәсекелік қабілеті жоғары ӛнім
шығару, мұнайдың экспорттық түсімдерін ақылға қонымды пайдалану есебінен мұнай
секторының қызмет істеу тиімділігін арттыру мемлекеттің игілігі үшін.
Ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы мұнай мен газдың
дайындалған қорлар кӛлемін ұлғайта алатын ірі кен орындарын ашуды Каспий теңізінің су
айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асыру мүмкін екені анық болды. Кеңес кезеңінде
теңіздің осы аумағында екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің
түсуіне байланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу
және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстар орындалды. Теңіздің суы таяз аумағының едәуір
бӛлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындыларын
кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік
Жамбай құрылымдар тобының контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді.
Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған 2П
163
шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық картасында
бірінші рет кӛрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз компаниясымен бірлесіп, жете
әзірленді және Атлас түрінде шығарылды.
Атласқа түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжанды.
Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, одан кейін ол
таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге ниет
білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар
КСРО-ның Мемлекеттік жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық
резервтерінің аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде
іздеу жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы жылдың екінші
жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің қазақстандық бӛлігін игерудің
мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын
геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жӛніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР
Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанка спийшельф»
мемлекеттік компаниясы құрылды.
1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия),
MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен
операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, ал консорциумның директоры Ж.Н.Марабаев
болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды.1994-
1996 жылдары кемінде 100 тыс. км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық,
инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен
Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, ӛте кӛп локалдық
тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды,
олардың үлкен бӛлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қазақстанның
Үкіметі ОКИОК консорциумымен ӛнімді бӛлу туралы келісімге (ӚБК) қол қойды және 1999
жылы іздеу бұрғылау басталды. 20 жылдың шілдесінде Консорциум Шығыс Қашағандағы
№1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. Сол кезде, ұңғымадан алынған
мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев: «Бүгін Қазақстан халықы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы -
біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың ӛмірін жақсарту үшін үлкен
кӛмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді[5].
Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты мен
Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское кен орындары
ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай қорын 35%-ке ӛсіруге
мүмкіндік берді. Қашаған кен орнында алғашқы мұнай 2008 жылы шығуы керек деп
жоспарланған болған. Қазір Қашағанда және Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында
мұнайды барлау мен ӛңдеу жұмыстары біз сол кезде жоспарлағаннанда тез қарқынды
дамуда.
Каспий аймағына соңғы жылдары ӛсіп отырған қызығушылық мұнайдың әлемдік
энергоресурстар жүйесіндегі рӛлі мен орнына негізделіп отыр. Иелігінде ірі энергетикалық
ресурстары бар мемлекеттер оларды игеру арқылы үлкен пайда табуда. Ал оларды ӛндіретін
және қайта ӛңдейтін салалар ұлттық экономиканың дамуына елеулі әсер етеді.
Әлемдік экономикада барлық қатысушылар ӛздерінің шаруашылық байланыстарын
кеңейтуге және халықаралық еңбек бӛлінісін ынталандыруға ұмтылады. Мұндай қатысуға
талаптар мен мүмкіндіктер экономикалық ойдың классиктері Д.Рикардо мен А.Смиттің
салыстырмалы артықшылық, халықаралық сауда теориялары бойынша жазылған
еңбектерінде орын тапты. Ал олардың ізбасарлары елдердің белгілі бір ӛнім ӛндіруге
мамандануының қажеттілігін дәлелдеді, дәлірек айтқанда мемлекет басқа елдердегіден гӛрі
шығыны аз кететінтауарларды экспортқа шығарғаны дұрыс. Бұл концепциялардың, ӛндіріс
факторлар теорияларының дамуы елдердің ӛз экономикаларын иелігіндегі ресурстарға
негізделген бағыттарда дамытуына әкелді. Бұл объективті түрде ұлттық экономикалардың
халықаралық еңбек бӛлінісіне қажетті мӛлшерде қатысуына әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |