Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет83/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113

252
27. Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін өлшеу үшін қандай 
мақсаттар қою керек?
28. Оқу нəтижесін өлшеуді ақпараттандыруда қолданылатын құралдар 
формасының қандай түрлерін білесіз?
29. Педагогикалық тесттеудің қазіргі компьютерлік жүйесінің 
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
30. Өлшеу мен бақылауда ақпараттандыру құралдарын тиімді қолдану 
үшін педагогикалық тест материалдары қандай талаптарды 
қанағаттандыруы қажет?
31. Оқу мекемесінің ұйымдастыру-басқару əрекетін автоматтандыру 
құралдарының жүйесі қандай құрауыштардан тұрады?
32. Ұйымды автоматтандыру мен оқу үдерісін басқаруда білімді 
ақпараттандыру құралдарын қолдану есебінде оқу мекемесі қандай 
артықшылықтарға ие?
33. Ғылыми-педагогикалық ақпараттың мəліметтер қоры қалай 
құралады жəне қолданылады?
34. Телекоммуникация құралдары ұйымда жəне ғылыми-педагогикалық 
ақпараттың мəліметтер қоры қалай қолданылады?
35. Білім беру жүйесін басқаруда ақпараттандырудың қандай құралдары 
жəне қалай қолданылады?
36. Оқу мекемесіндегі кітапхана қызметін автоматтандырудың мүмкін 
жолдарын сипаттаңыз.
37. Ашық білім беру жүйесіндегі виртуальды оқу басқармасы деген не?
38. Білім беру басқармасының виртуалды құрауыштарын атаңыз. Əрбір 
құрауыштың қызметі мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.


253
8-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫРУ БІЛІМ 
БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ
8.1 Электрондық басылымдар мен ресурстарды 
жасау құралдар
Оқытушылар мен оқушылар білім беруде қолданылатын муль-
тимедиа-ресурстарды құрастырушылар емес. Көбінесе оқытушылар 
мен оқушылар мұндай құралдардың қолданушысы сапасында көрініп 
жатады. Бірақ іс-тəжірибе жыл өткен сайын көптеген оқытушылар 
қарапайым болса да, білім берудің электрондық құралдарын 
құрастыруда шетте қалып жатпағандықтарын көрсетеді. Осыған 
байланысты қазіргі заманғы оқытушы сапалы мультимедиа-ресур-
старды құрастыру технологиясын, аппараттық жəне бағдарламалық 
құралдарды, оқытудың компьютерлік құралдарын құрастыруға 
арналған талаптарды ұсыну керек.
Көптеген қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасау үшін 
түрлі HTML-редакторлар кеңінен қолданылады. Осыдан HTML тілі 
əжептəуір динамикалық түрде дамуда, сондықтан тілдің жаңа стан-
дартын қанағаттандыратын ресурстар браузерлердің ескі түрлерінде 
дөрекі көрсетілетінін ескерген жөн.
Одан басқа браузерлерді көрсетілім үшін қолдану оқудың 
мультимедиалық ақпараттары сипаттамасын көрсетуге қосымша 
шек қояды.
Жергілікті құрауышты жасауда қолданылатын бағдарламалау 
жүйесі мультимедиаға желілік жəне жергілікті білім ресурстарын 
интегралдай отырып курс жəне интернет жүйесінің ресурстарына 
қарым-қатынас қосуға мүмкіндік беретінін ескере кету керек.
Анық айтатын болсақ, интернет желісіне арналған 
мультимедиалық гипермəтіндік ресурстар жəне мультимедиалық 
беттерді жасауда көбінесе келесі тілдер мен құралдар 
қолданылатынын ескерту қажет:
-   Гипермəтін белгісінің тілі (HTML) – ақпараттық беттерді жа-
сау, қалыптау жəне көрсету үшін Интернетте қолданылатын 
стандартты тіл;
-   Java тілі – C++ тіліне ұқсас мамандандырылған объектке 
бағытталған бағдарламалау тілі. Берілген тіл интербелсенді гра-


254
фиканы жəне интернет ресурсында анимацияларды қолдануға 
арналып арнайы жасалған. Көптеген дайын қосымшаларға 
(Javaapplets) интернет арқылы қол жеткізуге жəне болашақта 
өзінің жеке ақпараттық желілік жəне желілік емес мультиме-
диа-ресурстарын жасауға қолдану үшін компьютерге жүктеп 
алуға болады;
-   VRML тілі (Virtual Reality Modeling Language) жүйеге 
қарапайым анимацияларға қарағанда, шынайы объектінің ал-
дамшы көріністерін күштірек көресетуге мүмкіндік беретін 
кең үш өлшемді объектілерді жасайды жəне орналастырады. 
Айтылған үшөлшемді объектілер олардың «көлеміне» байла-
нысты «виртуалды бөлмелер», «виртуалды галереялар» жəне 
«əлемдер» деп атау қабылданған. 
-   CGI (Common Gateway Interface) – мəніне қарай бағдарламалау 
тілі емес, ақпараттарды жинау мен мəліметтер қорын жасау-
ды сипаттайтын спецификация болып табылады. Құраушылар 
PERL тілін немесе басқа тілді динамикалық іс-қағаздарды 
жүйеге орналастыруға жəне жұмысын қарастырушы CGI – 
бағдарламалар жасау үшін қолданады. Мысалы, қолданушылар 
Интернет беттерде берілген уақыт аралығында тест сұрақта-
рына жəне т.б. жауап бере отырып, анкета жəне сауалнамалар 
бланкаларын толтыра отырып, осындай бағдарламаларға кез 
болады.
Оқытушылар мен оқушылар мультимедиа-ресурстарды жасаудың 
басқа да құралдарын қолдана алады. Бұл үшін оқытушылар муль-
тимедиа құралдары беттерін жасауда қолданылатын редактор-
бағдарламасын таңдауы қажет. Толық функциялы мультиме-
диалық қосымшаларды жасауға мүмкіндік беретін мультиме-
ди жасауға арналған құралдардың көпшілігі бар. Macromedia 
Director немесе Authoware Professional сияқты пакеттер FrontPage, 
mPower 4.0, Hyper Studio 4.0 кезінде құрастырудың жоғары кəсіби 
жəне қымбат құралдары болып табылады жəне WebWorkshopPro 
олардың ең қарапайым жəне арзан аналогтары болып табыла-
ды. PowerPoint жəне мəтіндік редакторлар (мысалы, Word) сияқты 
құралдар қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасауда қолданыла 
алады. 
Əзірлеудің аталмыш құралдары оқуға жəне қабылдауға жеңіл 
нақты кұжаттармен жабдықталған. Əрине аталғандармен қатар сəтті 
қолдануға болатын басқа да көптеген əзірлеуші құралдар бар.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау