34
Қазіргі ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетін
адамның кəсіби жəне жалпы мəдениетінің, осылармен ортақ кате-
гориялармен (ойлау, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас жасау, қызмет
мəдениеті) байланысқан жəне мəндері 1-кестеде келтірілген бірнеше
өзара байланысты құрамдық элементтерден тұратын, біршама
бүтіндей ішкі жүйесі ретінде қарастыруға болады.
1-кесте. Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетінің
құрылымы.
Ақпараттық мəдениеттің құрамдары
Аты
Мəні
Аксиологиялық
Адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік
құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау
Қатынасқыштық-
этикалық
Информатика мен ақпараттық технологиялар
саласында қарым-қатынас пен ынтымақтастық
мəдениеті, телеқатынастардың мүмкіндіктерін
тұлғааралық жəне ұжымдық əрекеттестігі үшін
пайдалану, ақпараттық қатыстар саласындағы
өнегелі тəртіп
Танымдық-
интеллектуалдық
Ақпаратық технологиялар саласындағы
құзырлылық пен еркін хабардар болу, ойлаудың
оралымдылығы мен бейімділілігі
Болжамдық
Ақпараттық қызметтің мүмкін болар салдарын
алдынала білу, үздіксіз жаңаратын ақпараттық
жағдайларға кəсіби-əлеуметтік бейімделу
Қолданбалылық
Кəсіби есептерді барынша тиімді шешу
үшін ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді
пайдалану
Құқықтық
Ақпаратық қатыстарды реттеудің негізгі
нормаларын біліп орындау, ақпараттық құралдары
көмегімен жасалынған əрекеттерге жаупкершілікті
мойындау
Эргономикалық
Ақпараттық-кəсіби қызметте еңбекті
ұйымдастырудың ғылыми қағидаларын, денсаулық
үшін қауіпсіздігін, физиологиялылық пен
жабдықталғындылықты іске асыру
Кестеден көрінгендей ақпараттық мəдениет ұғымына əр
түрлі мағына беруге болады: оны ақпараттық технологиялар мен
35
құралдарды қызметте пайдалану икемдігі арқылы түсінуге болаты-
ны сияқты, олардың қолдану салдарын болжау мен бақылау арқылы
да түсінуге болады.
Адамдардың көбінің ақпараттық мəдениеті ақпараттық қоғамның
білім саласы аясында қалыптасады. Қазіргі кездегі білімнің, оның
барлық түрлеріне ақпараттық жəне телекомуникациялық техно-
логияларды қолданбай, мүмкін еместігі кездейсоқ емес. Бүгінде
ақпараттық технологиялар оқылмайтын немесе пайдаланылмай-
тын университет, академия не институтты іс жүзінде табу мүмкін
емес. Оның үстіне, осыған ұқсас технологиялардың білімдегі
негізгі қолдану саласы оқу үдерісі болған болатын, болып қалады
да. Ақпараттық құралдар ақпараттық технологиялардың өзін оқыту
мақсатында қолданылатыны сияқты, білімнің басқа салаларын
оқытуда да қолданылады.
Ақпараттық технологияларды қоғам өміріне ендірудің «білім»
бағытының бар екендігі туралы айтуға болады. Осы бағыттарға жа-
татындар:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында білімнің мазмұны мен функция-
сын, педагогикалық қызметтің түрлері мен əдістерін өзгерту;
2.
Ақпараттық технологиялары мен ақпараттандыру құрал-
дарының шығармашылық қабілеттілік пен кəсіби бағдар-
лылықты дамытуға оң əсері;
3. Ақпараттық технологиялардың тəрбиелік ықпалы;
4. Білім саласында мультимедиа-технологияларын пайдаланудың
мүмкіндіктерінің пайда болуы;
5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білімді ары қарай да-
мыту;
6. Оқыту құралдарының электрондық моделдерін жаппай пайда-
лану мен дамыту;
7. Дамыта оқытуды қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде
қалыптаса бастауы;
8. Қосымша білім саласына ақпараттық жəне қатынастық техно-
логияларды ендіріу;
9. Ақпараттық қоғамда оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық
тəсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;
10.
Оқу үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істеуі үшін
оқытушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру;
11. Оқу орындарын басқару мен педагогикалық еңбек сапасын
бағалаудың жаңа тəсілдерінің тууы;
36
12.
Ақпараттық қоғамда білім қызметтерін жаһандандыру мен
біріктіру.
Қазіргі дүниеде барлығы өзара байланысты. Білімді
ақпараттандыру мен ақпараттық қоғамның дамуы тығыз байла-
нысты екендігі айқын бола бастады. Бір жағынан, ақпараттық
қоғамның қалыптасуы білім қызметінің барлық саласына
ақпараттық технологиялардың ену үдерістеріне елеулі əсер етсе,
екінші жағынан, білімді ақпараттандыру қоғам мүшелерінің
ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, оны ақпараттан-
дыруға мүмкіндік жасайды.
1-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім сала-
сында пайдаланудың негізгі артықшылықтарын атаңыз.
2. Ақпараттық революция деген не?
3. Қандай ақпараттық революцияларды білесіз?
4. Қандай қоғам ақпараттық қоғам болып табылады?
5. Білімді ақпараттандыруға қандай үдерістер жатады?
6. Білімді ақпараттандырудың қандай түрлерін білесіз?
7. Ақпараттандыру үдерісітері əсерімен қоғам мен оның білім саласы
қалай өзгереді?
8.
Білім саласында ақпараттандыру құралдарын пайдаланудың
орындылығын дəлелдеңіз.
9. Білімді ақпараттандырудың мүмкін болатын теріс жақтарын атаңыз.
10. Қоғамды ақпараттандыру мен білімді ақпараттандырудың өзара бай-
ланысы қандай?
37
2-ТАРАУ ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДЕ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖƏНЕ
ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Білім беруде пайдаланылатын техникалық
құрал түрлері
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың
əртүрлі тұрғыда білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке
алғанда, білімде қолданылатын ақпараттандырудың техникалық
құралдары, бағдарламалық құралдары, олардың мазмұндық толты-
рулары нақты қарастырылуы тиіс.
Олардың ең алғашқысы – білімді ақпараттандырудың техника-
лық құралдары бір сəтте пайда болған жоқ. Компьютерлік техни-
каны қолдануға негізделген ақпараттандыру құралдарының пайда
болуы оқытудың техникалық жəне аудиовизуалдық құралдары деп
аталатын əртүрлі компьютерлік емес құрылғылардың қарқынды
дамуына əкеп соқтырды. Көп жылдар бойы оқытудың техникалық
құралдарына əртүрлі диапроекторлар мен фонографтар, графопро-
екторлар мен электрофондар, кинопроекторлар мен телевизорлар,
магнитофондар мен CD-плеерлер сияқты аппаратураның өзін, соны-
мен қатар диафильмдер, диапозитивті сериялар, пластинкалар, кас-
сеталар мен компакт дисктер сияқты арнайы құрылған дидактикалық
материалдар мен көрнекі құралдарын жатқызды. Оқытудың дəл осы
құралдары білім жүйесі дамуының əртүрлі кезеңінде ақпаратты
ұсыну мен тасымалдау, өңдеу, сақтау тиімділігін жоғарылатуда негізгі
құрал-саймандар болып табылды. Бұл құралдар компьютерлік
техниканың жоғында білімді ақпараттандыру құралдарының
қызметін атқарды.
Жүз жыл бұрын, танымал американдық ойлап шығарушы
Т. А. Эдисон бірінші дыбысжазатын құрылғы – фонограф-
ты ойлап шығарған соң, дыбысты жазу, сақтау жəне дыбысты
шығару мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты білімдегі
барлық мəселелер шешілді деп мəлімдеді. Бірақ бүгінде бізге бұл
мəселелермен айналысуға тура келеді.
Əр жыл сайын білімге енген əртүрлі құралдар мамандар-
ды дайындаудың тиімділігіне оң нəтиже беріп, білім жүйесінің
ақпараттық қамтамасыз етілуін сапалы жаңа деңгейге көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |