шығындары жатады.
37
Міндетті
əлеуметтік
медициналық
сақтандыру жарнасы есептелген жалақыдан
алына ма, əлде, салық ұсталған (зейнетақы,
табыс салығы) бөлігінен алына ма?
Жарна аудару есептелген жалақыға қарай жүргізіледі.
«Аударымдарды есептеу объектілеріне уəкілетті орган арқылы белгіленген
аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерінен басқа, жұмыс беруші
аударатын табыс түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің
шығындары жатады».
38
Кез-келген стационарға немесе емханаға
тіркелместен жəне жолдама алмай-ақ
(соның ішінде жеке меншік клиникаға)
барып емделуге бола ма?
Шұғыл жағдайларда медициналық көмек азаматтың тіркеуіне немесе
жолдамасына қарамастан көрсетіледі.
Ал, жоспарлы медициналық көмек алу үшін азаматтар Міндетті əлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсететін медицина
ұйымын таңдауға құқылы.
39
Егер қолданыстағы жүйе қалыпты жұмыс
істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың
қажеті не?
Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қажеттілігі бұрыннан
айтылып келеді. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін
енгізуге түрткі болған негізгі проблемалардың арасында – денсаулықты
қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының
болмауы, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақсыздығы жəне
көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігінің жеткіліксіз құрылымы.
Денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ
ынтымақтастығының
болмауы
салдарынан
халық
денсаулығының
қорғалуын, нығаюын қамтамасыз етуді мемлекет мойнына артып, азаматтар
денсаулығын сақтауға тұтынушылық қатынаста ғана қарайтын болып кетті.
Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесі бірнеше түйткілді
мəселелерді шешуге қауқарсыз:
1) Медициналық ұйымдар арасында пациенттерді тартуға бəсекелестіктің
болмауы.
Қолданыстағы жүйеде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз
ету үшін мемлекет барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең
бөлетін бірден-бір қызметтерді жеткізуші рөлін атқарып отыр.
Бұл ретте, қаражатты тең бөлу тəжірибе жүзінде мынадай жағдайларға əкеп
соқты: бір бейінді жəне бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар,
олар көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан бірдей көлемде
қаржыландырылады.
МƏМС
жүйесінде
медициналық
ұйымдарды
қаржыландыру көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тізбесіне қарай
тартылатын қаралушылардың (пациенттердің) санына байланысты болады.
2) Ақы төлеуде теңестіру жəне бейресми төлемдердің өсуі
Өкінішке қарай, дəрігердің тəжірибесіне, білімі мен дағдыларына қарамай
барлық бір бейінді мамандар бірдей жалақы алады.
Осыған байланысты, қазір пациенттер таңдаған беделді, білікті дəрігерлер
жеке құрылымдарға ауысуда немесе жеке кабинеттер ашуда, ол жерлерде
сəйкесінше кəсіби тəжірибесіне қарай ақша таба алады.
3) Əлеуметтік қамқорлықтың сақталуы
Мемлекет кепілді медициналық көмек көлемін қамтамасыз етіп
отырғандықтан, тұрғын халықтың басым бөлігі олардың денсаулығы үшін
мемлекет жауапты деп ойлайды. Тəжірибе жүзінде азаматтардың
денсаулығының 20 %-дан астамы медицинаға тəуелді, қалғаны – өмір салты
мен қоршаған ортаның, генетиканың жəне т.б. əсері болып табылады.
Осы проблемалардың барлығы жинақталып келіп қоғамда денсаулық сақтау
жүйесінің қазіргі кездегі жағдайының сынға ілігуіне себеп болып отыр.
Аталған жайттар енгізілгелі отырған Міндетті əлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесі аясында қарастырылып, медициналық көмекті
ұйымдастыру жəне қаржыландыру шараларын түбегейлі өзгертуді талап
етеді.
40
Медициналық
сақтандыруды
енгізуде
қандай елдерді үлгі етеміз, нəтижесінде
біздің елімізде де Германия немесе
Кореядағыдай озық медицина бола ма?
Бұл елдердің тек тəжірибесі ғана емес, сол елдердегі əлеуметтік сақтандыру
жүйесін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерделенді.
Мысалы, Францияда алғашқы жылдары жарналарды төлеу ауыртпалығы
жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық
шығыстардың 50%-ынажуығы экономикалық белсенді емес тұрғындарға
жұмсалатыны анықталғанда мемлекеттік бюджеттен аударылатын қаржының
көлемі ұлғайтылған.
Германияда медициналық ұйымдарды қаржыландыратын мыңнан астам
ауруханалық кассалар қызмет еткен. Кассалардың осыншама саны,
аурулардың қатерлері байқалған кезде, түрлі жарналар деңгейлері бар
жүйелердің қатысушылары арасында қаражаттың қайта бөлінуіне жол
бермеді.
Осыған байланысты, Германия аурухана кассаларын ірілендіре бастады,
нəтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен
100-ге дейін қысқарды.
2014 жылдан бастан АҚШ-та президент Обаманың бастамасы бойынша,
медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен халықтың барлық
тобына медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген
жинақтаушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care
Act, немесе халық арасында Obamacare аталып кеткен заң негізінде жалпыға
қолжетімді медициналық сақтандырудың əмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-
тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарына,
егер олар сақтандырылмаған болса, медициналық сақтандыруды сатып алу
міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, тұрғындардың аз
қамтылған бөлігіне субсидиялар қарастырылады.
Бүгінгі таңда əлемде медициналық сақтандырудың: мемлекеттік, жекеменшік
жəне қоғамдық деп аталатын үш түрі бар.
Сақтандырудың мемлекеттік моделінде медициналық қызметтер салық пен
мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігі
ресурстарды бөліске салатын агенттіктен бөлек жұмыс істейді.
Бұл модельдің артықшылығы неде? Оның əлеуметтік жағы басым, елдің
бəріне қолжетімді, бағаны бақылау мүмкіндігі жоғары. Ал, осал тұстары:
жүйе толығымен бюджетке тəуелді, халықтың сұранысынан туындайтын
өзгерістерге бірден бейімделе алмайды жəне таңдау еркіндігі шектеулі.
Сақтандырудың жеке меншік үлгісіндеқаржы мəжбүрлі түрде жиналмайды.
Бұл жүйе барша халықтың денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін
өтеуге негізделмеген. Мұнда жекелеген жеке-меншік жүйелер жұмыс істейді.
Оның басты артықшылығы – азаматтың қалауы мен мүмкіндігіне қарай
сараланған пакет.
Кемшіліктері: бағаны бақылау мүмкіндігі жоқ, медициналық ұйымдар
медициналық емес факторлар бойынша бəсекеге түседі, экономиканың
Достарыңызбен бөлісу: |