Жүргізушілердің жас ерек­ шеліктеріне байланысты, әрине



жүктеу 3,55 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата20.11.2018
өлшемі3,55 Mb.
#22004
1   2   3   4   5   6   7   8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№179 (179) 



13.10.2009 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Шетелге көшсем, екінші рет әскерге шақыра ма?

Екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Шетелге тұрғылықты мекенжайымды 

ауыстырмақпын. Алайда Қазақстанда екі жыл әскер 

қатарында борышымды атқарғанмын, мені сол 

жақта қайтадан әскерге шақыруы мүмкін бе?

Айдос АҚЫРБЕКОВ, Қостанай облысы

Мектептің техникалық қызметкерлеріне екі жерде жұмыс 

істеуге бола ма? Болса қандай заң арқылы көзделген?

Айгүл АҚБЕРГЕНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

 Оның үстіне жастардың бәрі тәжірибелі 

жүргізуші деп айта алмаймын. Қазір көбісі 

жүргізушілік  куәлікті  «сатып»  алады.  Ал 

оқып-тоқып алмаған куәлік көпке бармасы 

анық.  Осы  орайда  орта  мектепте  оқитын 

кез ден бастап оқушыларды жол жүру ере-

жесін сақтап, көлік жүргізудің қыр-сырын 

жан-жақты  оқытқанымыз  жөн.  Көптеген 

Батыс елдерінде бастауыш сыныптан бас-

тап жол жүру, көлік жүргізу туралы арнайы 

сабақтар  аптасына  бір  мәрте  міндетті 

түрде  өткізіледі.  Ал  сатылап  жүргізілетін 

бұл сабақтардың күнделікті тұрмыста пай-



Басы 1-бетте

Ой-КөКпар



Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» 

жастар ұйымының төрағасы

Асхат БИЯХМЕТҰЛЫ, Алматы облысы 

жол полициясының штаб бастығы

Жасөспірімдер мен зейнеткерлерге 

көлік жүргізуге шектеу қою қажет пе?

да сы зор. Әйтпесе көлік жүргізуді үйрететін 

арнайы курстар адамдарды көлік жүргізуді 

үйренуге  міндеттемей,  дайын  куәлікті 

сатуға жол беретін болғандықтан, мұндай 

курстардан қайран жоқ.

Ал үлкендерге 65 жастан бастап шектеу 

қойылғаны дұрыс. Өйткені қазір азаматтар 

жасына қарамастан, әлеуметтік жағдайына 

байланысты, реті келсе, жұмыс істеп жүре 

бергісі келеді. Кейде олар рульде отырған-

да  денсаулығының  нашарлауына  байла-

ныс ты өзінің ғана емес, өзгенің өміріне де 

қауіп  төндіруі  мүмкін.  Қанша  айтқанмен 

60  жастан  асқан  соң  адамдардың  көруі 

на шар лап немесе қан қысымы күрт жоға-

рылап  кету  жағдайлары  көп  болады. 

Сондық т ан міндетті түрде жүргізушілер дің 

жасына шек теу қажет. 

Жол-көлік оқиғасын тудыратындардың 

көбісі жастар деген пікірмен де келіспеймін. 

Еліміздегі жеңіл көлік айдайтындардың 60 

пайызы  –  25  пен  35  жас  арасындағылар. 

Жол-көлік  оқиғасына  да  әртүрлі  жастағы 

аза маттар  ұшырап  жатады.  Елімізде  көлік 

жүргізушілерге  мүлдем  шектеу  жоқ  деп 

айту ға болмайды. Мәселен, қоғамдық кө-

лікті жүргізушілерге 21 жастан бастап қана 

руль ге  отыруға  болады.  Өйткені  ауыр  кө-

лікті басқару қиынырақ болғандықтан, жас 

ерекшелігі міндетті түрде ескеріледі. 

Сондай-ақ  50  жастан  асқан  соң-ақ 

қолы қалтырып, көздері бұлдырап ден сау-

лығы нашарлайтын адамдар бар. 70-80-ге 

келсе де, көлікті жақсы жөндейтін, рульде 

«ойнайтын»  азаматтар  да  болады.  Бірді-

екілі  оқиғаға  байланысты  жаппай  адам-

дар дың бәріне шектеу қою қалған азамат-

тар дың құқын бұзу болып табылады. Бұл 

– әр адамның денсаулық жағдайына бай-

ланысты  нәрсе.  Сондықтан,  ең  алдымен, 

денсаулығы  нашар  адамдар  өздерін 

көліктің тізгініне отырудан шектегені жөн. 

Ал  жұмысқа  алушы  мекемелер  өздерінің 

абыройы  үшін  жұмысқа  алатын  жүргізу-

ші лерінің  денсаулығын  мұқият  тексеріп, 

жұмыс барысында да арнайы бақылаудан 

өткізіп тұрғандары дұрыс. Сондықтан кө-

лік  жүргізу  әркімнің  өз  еркінде  болған-

дықтан шектеу енгізу мүмкін емес. 

Қы

Ж

ыл



Қоғам

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:  

– Бәріне бірдей жаппай шектеу қоя алмаймыз. Мәселен, зейнеттік 

жасқа жеткен үлкендердің ұзақ жылдар көлік жүргізгеннен 

кейін көлік айдауда қателік жіберуі – сирек жағдай. Сондықтан 

қызметтік көліктерді, оның ішінде жүк көліктері мен қоғамдық 

көліктерді, жедел жәрдем көліктерін жасы ұлғайған 

адамдардың айдауына шектеу қою қажет. Мекемелер 

қызметкерді тағайындаған кезде осыған мән берулері керек. 

Ал жеке көлігін жүргізушілерге тыйым сала алмаймыз. Ол 

– әркімнің өз қалауы. Себебі жүргізушілердің жас шамасына 

қарай жаппай тыйым салатын болсақ, олардың құқығын 

бұзғанымыз болып саналады. 

Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

БЕ

й

ТАРА

п п

ІКІР



Үлескерлерді үптеушілердің 

ішінде шетелдіктер де бар

Қаржы  полициясының  деректерінше, 

үлескерлер  мәселесі,  негізінен,  Алматы 

мен Астана қалаларында өте өткір тұр. Екі 

қала  басшылығы  да  бұл  мәселені  2010 

жыл ға  дейін  толық  шешіп  тастауға  уәде 

беріп отыр. Еліміздің басқа өңірлерінде де 

үлес керлерге сан соқтырып кеткен жағдай-

лар тіркеліп жатады. Атап айтқанда, Маң-

ғыс т ау облысында «Инком Құрылыс» де-

ген  кәсіпорынның  бір  басшысы  қамауға 

алы ныпты, ал екіншісіне іздеу жария лан-

ған. Олар баспанаға тарыққан жұртты ал-

дап-арбап, 570 млн 700 мың теңгені заң-

сыз иеленіп кеткен екен.

Қанша қылмыстық іс қозғап, қатаң жа-

залар  қолданғаныңызбен,  ақшаны  қай-

тару  қиынның  қиыны  болып  тұр.  Қаржы 

полициясының мәліметтерінше, жоғарыда 

аталған соманың тек 1 млрд 900 млн тең-

гесі ғана өндіріп алынған. Тағы бір аздаған 

үміт  –  тыйым  салынған  мүліктерде.  68 

жыл жымайтын  мүлік,  87  жер  телімі,  26 

авто көлік бар. Бірақ олардың құны келті-

ріл ген залалды жабуға қауқарсыз. Алаяқ-

тар қолына түскен ақшаны сол сәтінде-ақ 

өзге  адамдардың  атына  рәсімдеп,  тығып 

тастайтын көрінеді. 

Тек биылғы жылдың басынан бері ғана 

Қаржы полициясы органдары 3 мың 379 

үлескерге  залал  келтірген  13  құрылыс 

компаниясының  15  басшысының  үстінен 

22 қылмыстық іс қозғапты. Ал өткен жылғы 

ұсталғандары бар, биылғы қолға түскендері 

бар,  тергеу-соттау  процестері  бітіп,  жа-

засын өтеуге жөнелтілгендері 11 құрылыс 

ком паниясының  түрлі  деңгей дегі  16  бас-

шысы да заң құрығынан ұзай алмады. 

Олардың  ішінде  588  үлескердің  4,5 

млрд  теңге  сомасындағы  ақшалай  қара-

жа тын жеп кеткен «Бразерс компани» атты 

серік тестіктің басшылары 8 жыл бас бос-

тандығынан  айырылды.  В.лакисов  –  8 

жылға, О.лакисова 7 жылға кесілді. Бай-

қап отырғаныңыздай, көмейден өтіп кет-

кен ақша аса көлемді. Бірақ олардан жал-

пы құны шамамен 5 млрд теңге болатын 

мол мүлік тәркіленіп алынды. Бұл – үлес-

кер лердің қаражатын қайтаруға жеткілікті 

сома. Алматылық 155 үлескерді зар қақ-

сатқан  BS-Group  компаниясының  бас-

шысы  әрі  құрылтайшысы  Поминов  –  12 

жылға, тағы бір құрылтайшысы Халиулин 

–  11  жылға,  олардың  сыбайластары  – 

Ма ку ха мен Мунгатов әрқайсысы 7 жыл-

дан жаза арқалап кете барды. Өкініштісі, 

олардың қолында үлескерлердің ақшасын 

қайтара  алатындай  құнды  мүліктер  бол-

мады.  Алаяқтар  бәрін  алдын  ала  ойлас-

тыр ған болса керек.

Құрылысшы қауымның аса ірі шетелдік 

құрылыс  компанияларына  құлай  сенетіні 

белгілі. Осы сенімді пайдаланатындар да 

шы ға бастаған сыңайлы. Мәселен, Түркия 

аза маты  Мустафа  Курмаз  бір  топ  қазақ-

стандықтан «баспана мәселесін қатырам» 

деген  желеумен  103  млн  теңгені  жым-

қырып  алып,  ізін  суытып  үлгерген  екен. 

Қазір соттың санкциясымен оған іздеу жа-

рияланған. 

Үлескерлік  құрылыс  саласындағы 

алаяқ тық  санаулы  ғана  жылдың  ішінде 

адам  айтқысыз  қарқынмен  өсті.  Тіпті 

әлем ді  естен  тандырған  жаһандық  дағ-

дарыстың өзі дәл осы тұрғын үй саласынан 

бас тау алмағанда, алаяқтық әрекеттердің 

қай шамаға жетіп жығылары тіпті белгісіз 

еді. Құрылысқа үлескерлік қатысуды рет-

тей тін  заң  да  алаяқтардың  әбден  үдеген 

кезінде ғана қабылданғаны тағы бар. Айт-

пақшы,  бұл  –  тек  Қазақстанда  ғана  төбе 

көрсеткен жағдай емес, әлемнің көптеген 

елдері бетпе-бет келген мәселе. Қазақстан 

Үкіметі  мұны  «тұрғындардың  жеке  мәсе-

лесі»  деп  ысырып  тастамай,  дер  кезінде 

қолға алып, тыныштандырып үлгерді. Ал-

да нып  қалғанына  ашынған  үлескерлерді 

қа лай басарын әлі күнге дейін білмей дал 

бо лып  отырған  мемлекеттер  қаншама?! 

Тіпт і  іргелес  ірі  ел  Ресейде  үлескерлердің 

пи кет  өткізуі,  наразылық  шерулерге  шы-

ғуы  әдеттегі  дүниеге  айналғандай.  Ешкім 

елең етпейді.

– Шетелге тұрғылықты орын ауыстыруға шыққан жағ-

дайда құжаттардың түпнұсқасы тиісті ұйымдарға немесе 

мекемелерге  соңғы  жұмыс,  қызмет  орны  бойынша  не-

месе тысқары шығатын азаматтарды тіркеу есебі қызметі 

ар қылы  жіберіледі.  Әскери  билеттері  немесе  тиісті  құ-

жаттар  арқылы  мүдделі  адамдардың  тілектері  бойынша 

бе кі тілген үлгідегі міндетті әскери борышты атқарғаны ту-

ралы  анықтамалар  беріледі.  Құжаттар  толық  тіркел ген-

діктен, екінші мәрте әскерге шақырмайды.



Ш.МОЛДАБЕКОВА,  ҚР  Ең­

бек  және  әлеуметтік  қор ғау  ми­

нис тр лігінің бас са рап шысы:

– ҚР Еңбек кодексінің заңна-

ма  ларына сәйкес (198-б.) негізгі 

жұ мыс орны бойынша күнделікті 

жұмыстың  және  қоса  атқаратын 

жұмыстың  жиын тық  ұзақтығы 

осы кодекстің 82-ба бында белгі-

лен ген  күнделікті  жұ мыс  ұзақ-

тығы нормасынан (8), 4 сағаттан 

аспауға  тиіс.  Осы  орай да  кез 

келген қызметкер лер дің екі став-

када (яғни 16 сағат бойы) жұ мыс 

істеуіне  жол  бе рілмейді.  Со-

нымен  қа тар  зиянды  (аса  зиян-

ды)  және  (не ме се)  қа уіпті  жа ғ-

дайларда жұмыс атқа ра тын қыз-

меткерлерге  қоса  ат қа ратын  жұ-

мыстарда істеуге болмайды. 

МӘСЕлЕ

ОҚИғА


Разиндер 

разы, 

Жасыбайлар 

жасып тұр

Қырғызстан 

азаматтары 

қаза тапты

Мысалы  үшін,  Жасыбай  батыр,  Мәш-

һүр Жүсіп Көпеев, Қазыбек би, М.Әуезов, 

С.Шә ріпов,  Қ.Байжанов,  Е.Бекмаханов, 

Ж.Ша нин атындағы көшелер қала жанын-

да ғы лесозавод кентінде. Оның өзінде ол 

кө шелер  15-20  шақты  жер  үйден  құрал-

ған.  Күлесіз  бе,  жылайсыз  ба?  Ал  Ж.Ай-

мауыт ов  пен  ақын,  аудармашы  Қаб ды-

кәрім  ыдырысов  атындағы  көшелер  қа-

ланың  шығыс  бөлігі  саналатын  Горзе-

ленстрой кен тінде орналасқан. Бұл кө ше-

лерді  қара пайым  халық  түгілі,  анықтама 

қызметінің  өзі  білмейтін  болып  шықты. 

Ұлы  адамның  атын дағы  шолақ  көшенің 

тұрғыны бол саңыз, маңдайыңыздың соры 

бес елі. Ақыр аяғы шақыртқан таксиіңіздің 

үйді та уып жете қоюы да неғайбыл. 

Ал енді Ертіс жағалауындағы әдемі кө-

ше не себепті «29 қараша» деп атала тыны 

қала тұрғындарына жұмбақ күйде.

Бұл  ретте  ұлтжанды  азамат  С.Торай-

ғыр ов  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

уни верситетінің  ректоры  Ерлан  Арынның 

қала орталығындағы Қ.Сәтбаев, академик 

Ш.Шөкин,  А.Бектұров,  академик  Ә.Мар-

ғұлан атындағы көшелердің өз орнын тап-

қан дағы  сіңірген  жанкешті  еңбегін  атай 

кет кен жөн.

Жұртшылықпен  тығыз  қарым-қаты-

нас та болуы тиіс қоғамдық ұйымдардың, 

сая си  партиялардың  «сен  тимесең,  мен 

ти мен»  үнсіздігіне  не  жорық?!  Былтыр 

Кутуз ов  көшесін  өзгертуге  қатысты  дау 

бас талғанда  жергілікті  орыстілді  ұйым-

дардың көше атауының өзгертілуіне қарсы 

27 мың тұрғынның қолын жинағанын да 

ке ре куліктер  біледі.  «Бұл  аз  десеңіздер, 

тағы да жинап береміз» деп айбат шек кені 

ел есінде.

Мұндайда біздің тарихшылар мен зия-

лылар  тағы  да  өздерінің  азусыз  екенін 

көр сетіп алды...

 Оңғар ҚАБДЕНОВ,

 Павлодар

ҚР  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

министрлік  мамандарының  мәліметінше, 

көлік апаты өткен сенбі күні түнде Алматы-

Бішкек  тас  жолының  126  шақырымында 

болды.  Жамбыл  ауданының  аумағында 

Қырғызстан  Республикасынан  шыққан 

жеңіл  машина  1964  жылғы  жүргізушінің 

басқаруындағы  ЗИл  көлігімен  қатты  соқ-

ты ғысқан. Оқиғаның салдарынан DAEWOO 

көлігінде  отырған  төрт  азамат:  С.Әб-

дікәрімова  (1954  ж.т.),  Ш.Әбді кә рімо ва 

(1976  ж.т.),  М.Маматалиева  (1984  ж.т.) 

және  А.Әбдікәрімов  (2007  ж.т.)  қаза 

тапты. Ал осы көліктің рулінде бол ған тағы 

бір  азамат  ауруханаға  жеткізілді.  Қазіргі 

уақытта  жол  полицейлері  ірі  апаттың 

себебін анықтап жатыр.



Болатбек МҰХТАРОВ

Еліміздің оңтүстігіндегі тас 

жолдарда жол-көлік 

оқиғалары азаймай тұр. 

Алматы облысының 

аумағында тағы ірі жол апаты 

болды. DAEWOO жеңіл көлігі 

мен ЗИЛ жүк көлігінің 

қақтығысуы салдарынан 

оқиға орнында 

Қырғызстанның төрт азаматы 

жан тәсілім етті.

Бас әскери 

прокуратураның 

ресми сайты 

ашылды

ҚР Бас әскери прокуратура өкілдерінің 

хабарлауынша,  www.gvp.kz  ресми  сайты 

прокуратура  органдарының  «Құқықбұзу-

шы лықтың алдын алу – мемлекеттегі заң-

дылықтың  кепілі»  девизін  орындау  мақ-

сатын да ашылып отыр. Бұрын бұл саланың 

элек тронды  мәліметтерін  тек  Бас  проку-

ратураның  сайтындағы  шағын  бұрыштан 

ғана табуға болатын. Енді әскери проку ра-

тура  қарапайым  халыққа  айтарлықтай 

жа қындады.  ғаламтордағы  желі  аталған 

мем лекеттік органның құқық қорғау функ-

 циясын  күшейту  мақсатында  азаматтар-

дың, әскери қызметкерлердің және олар-

дың отбасы мүшелерінің «кері байланыс» 

жа сау  қағидасына  айрықша  көңіл  ауда-

руда.  Бұл  веб-сайт  арқылы  еліміздің  кез 

келген тұрғыны, сондай-ақ шетелдіктер де 

қадағалаушы органдарға қажетті ақпа рат-

тарды ұсынып, кейбір мәселелер бойынша 

про курорлық әсер ету шараларына түрткі 

бола  алады.  Ведомство  өкілдерінің  ай-

туын ша, ТМД бойынша әзірше Қазақстанда 

ғана Бас әскери прокурордың жеке блогы 

бар. 


Болатбек МҰХТАРОВ

Еліміздің Бас әскери про-

куратурасының жеке сайты 

пайда болды. Енді әрбір ға-

лам тор тұтынушы саланың 

жа ңалықтарынан хабардар 

бо лып қана қоймай, Бас әс-

кери прокурордың жеке бло-

гына сауал жолдай да алады.

Қыл


М

ы

С 



ПЕ

н 

ҚҰР



ы

Қ

БА



йл

А

ны



С

Жалақы үшін 

жанын қиды

Биылғы жылдың 29 наурызы 

күні павлодар қаласындағы тас 

өндірумен айналысатын «Қордай-

Энерго» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігінің 38 жастағы 

құрылтайшысын әлдекімдер 

ұрлап кеткен еді. Сонымен қатар 

оның «Мерседес-Бенц» маркалы 

жеңіл көлігі де қолды болған. 

Осыған қатысты істің жай-

жапсары кешегі Ішкі істер 

министрлігінде өткен брифингте 

мәлім болды. 

Аталған  іс  бойынша  Қылмыстық  ко-

декс тің 125-бабына сәйкес, қылмыстық іс 

қоз ғалып, полицейлер жедел із кесуге кі-

ріседі. Арада бес күн өткен соң, ұрланған 

кө лік Семей қаласының маңынан табыла-

ды. Ал қылмыскерлер ЖШС басшысының 

аяқ-қолын  жеңіл  көліктің  қауіпсіздік 

белбеуімен  және  жарғақ  жапсырғымен 

(скотч)  байлап,  өлі  денесін  Павлодар 

облы сы «Заря» ауылының маңына жасы-

ра ды. Құқық қорғаушылар ол мүрдені екі 

ай дан  соң  тапқан.  Осыған  байланысты 

Қылмыстық  кодекстің  96-бабына  сай, 

қасақана  адам  өлтіру  деген  айыппен 

қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ұтымды  іздестіру  іс-шаралары  бары-

сын да,  сақшылар  осы  іске  қатысы  бар 

Пав лодар  қаласының  бірнеше  тұрғында-

рын  ұстап,  қамауға  алды.  Олардың  ара-

сында бұрын екі рет сотталған қылмысты 

ұйымдастырушы  да  бар.  Күдіктілердің 

айтуына  қарағанда,  қылмысты  ұйымдас-

тыру шы атаман бұрын осы ЖШС-да еңбек 

етіп, артынан жұмыстан шығарылған. Жә-

не еңбекақысын да ала алмаған көрінеді. 

Дәл осы үшін мекеме басшысын «жазалау» 

мақсатында, оның кеңсесіне қарақшылық 

шабуыл  жасауды  қолға  алыпты.  Кеңсеге 

ұрланып  кірген  үш  қылмыскер  қарсылық 

білдірген  жәбірленушіні  шолақ  мылтық-

пен атып өлтіреді. Сосын оны өз көлігінің 

жүк салғышына тастап, Усолка өзені жаға-

сында  күтіп  тұрған  тапсырыс  беруші 

«атаманмен»  кездесуге  барады.  Бәрін 

ойдағыдай тын дыр ған қарақшылар ауыр 

қылмыстарын  жасыру  мақсатында  өлі 

денені  басқа  ау дан ға  апарып  тастайды. 

Өздері  жәбірлену шінің  машинасымен 

Семей  қаласына  ба рып,  қалдырады  да, 

Павлодарға басқа көлік пен кері қайтады. 

Тінту  барысында  сақшылар  қылмыс-

кер лердің тұратын жерінен айғақ зат – бір 

ұңғылы шолақ мылтық тауып алды. Қазіргі 

уақытта  кісі  өліміне  қатысқан  тағы  бір 

күдікті іздестірілу үстінде. 



Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, 

Астана

Басы 1-бетте

Дағдарыс дүр ете қалған тұста үдеп кеткен үлескерлер 

мәселесін Үкімет «тәуекел етіп, тас жұтып» шешкенімен, 

жарасы толық жазылып кете қойған жоқ. Үлескерлерді үптеп, 

миллиардтарды қалтасына басқан алаяқтардан, қанша қусақ 

та, «құмалақ» түспей тұр. Жыл кесіп, жаза тағайындағанмен, 

өңештен өтіп кеткенді қайтара алмайсыз. Экономикалық 

қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 

агенттіктің (Қаржы полициясы) дерегінше, үлескерлердің 

тек биылдың өзінде ғана анықталып жатқан алаяқтардың 

қолында кеткен ақшасы 14 млрд 400 млн теңгені құрайды екен. 

Салыстырмалы түрде алғанда, бұл дегеніңіз павлодардың 

облыстық бюджетіне 2009 жылға жоспарланған барлық салық 

түсімдерінен де асып жығылады (14 млрд 314 млн теңге).

Бесбоғда АЛТАй

А

бай ОМАРОВ (к



олла

ж)



жүктеу 3,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау