сөзге аффикс жалғанғанда ә-е, көпбуынды сөздердің соңғы
буы-нында и-ге айналатынын (бәл-белким, кәлимиң), е
дауыстысы көне түркілік а дауыстысының көрінісі екенін, а
фонемасы ә, е, и-ға сәйкескенін айтады.
Енді көне түркі жазуындағы еріндік графемалардың (о-у, ө-
ү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы.
Ескерткіштерде <
o
y
> гиперфонемасы бір таңбамен, <
Y
o
> бір
таңбамен бірелген. Еріндік дауыстылардың графемасы жуан-
жіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч (үш), күн сөздерін
[ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл гра-
фема қандай белгіге сүйеніп <ө> не <ү> болып оқылатыны ай-
тылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады.
Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасының ор-
нына жұмсалған да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал
<у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясын-
да кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү
(ілгерү), йағру.
Сонда І буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буын-ды
еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемалары-нан
кейінгі буында да <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай
сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе
беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін
мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі
еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне
түркі жазуында <о> кейінгі буын-да <а> <у>-ға сәйкессе, <ө> –
<ү> – ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының
күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында. В.Томсен: “это буквенная
письменность, в кото-рой те или иные знаки для одного звука
чередуются в зависимос-ти от того, какой знак за ним следует или
стоит впереди” деген. И.Н.Кобешавидзе: “Рунический алфавит
замечателен тем, что он в большой мере отражает систему
дифференциальных при-знаков фонем, нежели самых
фонетических единиц” дей оты-рып, морфонологиялық негізге
құрылған деп анықтайды. Сонда <о>-дан басқа еріндіктердің
өзінен кейінгі дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелі
түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуы диалектілік
ерекшеліктерді де, фонетикалық
алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма де-
ген ойға қаламыз.
90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екіойлы
болғанына қарап, көне түркі жазуын буын жазуы деген шешімге
келген. Себебі графика түркілердің төл жаңалығы болса, олар да-
уыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан
алынды десек, <й>-дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық
түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауыс-ты-
дауыссыз тіркесін береді. Оған себеп к фонемасының [ак], [әк/ек],
[ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейді. Және
қосар әріптердің ант, алт, арт сөздерін беретінін айтты.
Ғалымдар көне түркі жазуы әріп, не буын арқылы оқуға
келмейтінін, сөзді тұтас “көре отырып”, мазмұны арқылы түркі
үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда да-
уыстыларды белгілеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық
тілге кодтаушы екі жақтың аялық білімі бір деңгейде, ситуация
туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі ад-
ресат түркі диалектісінің көптігінен дауыстылардың жергілікті
ерекшелікке байланысты түрленімін осы тәсілмен шешкен дей-
міз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың мына сөзі еске түседі:
“Сол кездегі мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі,
қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес,
соғды, тоғұз-оғұз, оноқ) тілі өзгермей, бір орында тұрмауы, әр
кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жал-
пы, алып қарасақ, ол әлі бір тұтас болып, қалыптаса қоймаған
түркі ұлыстары мен тайпа бірлестіктерінің өзара айырмашылығы
бар тіл еді, жергілікті ерекшеліктер сақталған тіл еді, аударған
ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”.
Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық
және фонологиялық белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді.
Орхон Енисей, Талас ескерткіштері дауысты таңбаларының
<а, е (э), ә> графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы,
о, ө графемалары бір таңбалы болып келеді. Бұдан негізгі
инвариант дауыстының (а) вариант, вариациялары (э, е, ә, әе, і)
басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы
да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы әсіресе қ, к
фонемаларының жуан-жіңішке, еріндік-езулік реңктерін
таңбалаған: [қ], [қ
○
], [к], [к
○
]. Бұндай графика әсіресе Енисей,
Талас ескерткіштеріне тән болып келеді.
Сонымен, көне түркі жазуы тіл үндестігіне табан тіреген,
156
157
тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін
таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім
заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски,
М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі
– осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби
түзушілер санасында дауыссыз дыбыс қазіргі түсініктен
өзгеше, ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса
ассоциацияла-нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз
келеді. Тілдің даму барысында жуан-жіңішке, езулік-еріндік
әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына
қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз
бен үнділер арасына салынған. Қыстырынды дауыстылардың
бүкіл руникалық жазбаларға тән екенін айтады Э.А.Макаев.
Алғашында дауыссыздың тем-бріне ғана үйлескен, фонемалық
жүктемесі жоқ дыбыс кейін дифференциацияланған. Оған
Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың
Орхон жазуында тұрақты бейнеле-нуі дәлел. Дауыстылардың
графикалық бейнесі арқылы түркі тілдеріндегі инвариант
дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген
дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-лады.
Енді консонанттар жүйесінің графемалары және графика-сы
туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда <б>, <ғ>, <д>, <й>,
<қ>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам
әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен
артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-малары
болып табылады. <қ> мен <к>-нің жуан еріндік және жіңішке
еріндік таңбасы бар, б, д графемалары кейде [t’], [n’]
дыбыстарын да таңбалайды. Ал <з>, <м>, <ң>, <п>, <ч>, <ш>
дыбыстарының бірмәнді таңбамен берілуін ғалымдар олардың
кеш пайда болған туынды дыбыс болуымен байланыстырады.
Құрамында осы дыбыстар бар сөздердің жуан-жіңішкелігі айы-
рылуы мүмкін емес, мысалы, мңа деген [маңа], [меңе] болып
оқыла алады. Ал кей сөздерде іргелес дыбыс таңбасы арқылы
е ( э , э
)
у
ажыратып алуға болады, мысалы м
а
н
,м
. Жалпы
о
бірмәнді деген [м], [ш] дыбыстарының 6-ға дейін әріп-вариа-
циясы болған. Дыбыстың төл, туынды, кірме екенін оның сөз
шенінде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен тіркесе алу қабілеті
арқылы анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы
ойландырады. Олай болса, сөз болып отырған дыбыстар неге
сингармографемалық жұп құрамаған деген сауалдың басын ашық
қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бір айта кететін нәрсе
– <с>, <ш>, <н> инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім
заңдылығынан уәжсіз ауытқитыны. Мысалы, [с’бығ]
– сәбығ, [c’мды] – сімады, [улус’] – уліс, [тыс’ы] – атысі, [шс’
ыз] – ашсіз, [йорс’ар] – иорысәр, [сбын’] – сабін, [ғын’] – ағін
т.б. Бұл <с>, <ш> фонемаларының инварианты тіл алды болып
айтылатынынан хабар берсе керек. Қазіргі дыбыстық жүйемізде де
<ш>, <ж> фонемаларының орыс тіліндегі <ш>, <ж> фонема-сынан
айырмасы – өзінен кейінгі дауыстыны жіңішкертетіні.
Бүгінгі қазақ тілінде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ]
ды-быстары көне түркі жазуында таңбаланған. Жалпы, көне
түркі жазуы <р>, <в>, , , , <č>, <š>, , , ,
, , , , , , , 18 фонемасының <č>(ч)-
дан басқасы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде бар
және бір-бір графемаға сәйкес келеді. [ни] дыбысын беретін
жіңішке мұрын жолды әріп қазіргі түркі тілдерінде жоқ. Ал нт,
нч, лт дыбыс тіркесін беретін графемалар тілдің көне
дәуіріндегі ере-кшелікті, яғни еліктеуіштер соңында жиі
кездесетін дыбыс тір-кесін бір таңбамен берген дейміз.
Жалпы, вокализмдер жүйесінің таңбалану ерекешелігі жазу-
дың о бастағы мнемоникалық тәсілге иек сүйейтінінен шыққан.
Ұғымды таңбалауды жетілдіру редукция арқылы жүреді, ал ре-
дукция таңбаның ішкі мазмұны мен сыртқы тұрпатын құрайды.
Сонда алғаш суреті салынған үлкен мәтін (сурет жазу) артық
ақпараттарды түсіріп, керекті заттың аты мен санын еске сақтау
үшін шартты бір таңбаларды қалдырады (идеографиялық жазу),
кейін ребустық жазу шығады (логограмма). Жазудың белгілі бір
адресантқа ғана бағытталғаны ондағы көмекші сөздер мен
сөйлемдердің таңбаланбауына әкеледі. Сөйтіп, жазу бағытталған
адресанттың аялық біліміне, оқиғамен хабардарлығына сүйеніп,
мнемоникалық тәсілді қолданады. Онда грамматикалық форма-лар
ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтіріп
оқитын әдіс қолданылады. Тілді жақсы білетін адресант ондағы
фонемаларды “реконструкциялап” дыбыс варианттары-на
кодтайды. Жазба тілдің абстракті таңбасы – графема мазмұн
межесін инвариант, вариант немесе ∅ – нөлдік әріп арқылы
таңбалай алатынын, ал оны ауызша тілдің абстракті бейнесі
фонеманың мазмұн межесі (дыбыс) мен тұрпат межесі (графе-
158
159
Достарыңызбен бөлісу: |