аллограф ретінде, ал әріптің баспа, жазба түрі, кіші, бас әріп,
оның аллографы болып қарастырылады. С.М.Кузьмина: “Бас,
кiшi әрiп дегендердiң фонемаграфикалық жағынан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Оларды тек идеографикалық идея
жасаған. Бас әрiп жалқы есiмдердi, немiс тiлiнде зат есiмдердi,
сөйлем басын, мәтiн тарауларын, бөлiмдердiң аттарын
белгiлегенде ке-рек. Және қысқартуларда қолайлы” дейдi.
Бiздiң зерттеулерiмiзде: әрiп – графеманың реализациясы,
жазудың тұрпат межесi. Бодуэн де Куртенэнiң әрiптер әртүрлi
болғанмен, мазмұны бiреу болып, өзгермеуiн графема ұғымына
телiген. Ал әрiп – код таңбасы. Яғни ғалым әріпті таңба деп
оның мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп бейнесі дейді.
Таңба сол таңбаның тұрпаты болып шығады. Біздің ойымызша,
әріп таңба емес, әріп – таңбаның бір жағы ғана, сонда графема
– жазба тілдің кіші бірлігі екі жақты сипаты бар, мазмұн межесі
фонема, тұрпат межесі әріп болып табылады.
Ғалымдар әрiптiң инвентарын анықтау үшiн оның
дифферен-циалды белгiлерiн шығаруға тырысады (Волоцкая,
Молошная, Николаева). Мысалы, тiк сызықты әрiптер, көлбеу
сызықты әрiптер, дөңгелек тұрпатты әрiптер т.б. Одан гөрі төл
әріп, кір-ме әріп, қосақ әріп деген таптастырулардың графика
мен әліпби сапасын анықтауда пайдасы бар.
Т.А.Амирова әрiп – графеманың нақты реализациясы, фоне-ма
ауызша тілдің, графема жазба тілдің – тұрпат межесі дей оты-рып,
графема әлiпбидегi әрiп санына қарағанда көп дейді. Автор
ағылшын тiлiнде 26 әрiп 104 графемалық символды құрайды,
оның iшiнде төрт элементке дейiн графикалық символдар кезде-
седi дейдi, оларға: а, ar, aa, air, aiqh, sch, ssi, sc, ph, th, qh, ae,
ai, ea, ei, eo т.б. жатқызады. Бірде графема – инвариант, әріп –
ва-риант десе, бірде графема – фонеманың әрiптiк бейнесi
дейдi. Сондықтан барлық уақытта графема әрiпке сәйкес түсе
бермей-дi, өйткенi дыбыстық емес әрiптер бар дейді.
В.Фрэнсис қазіргі ағылшын тілінде 45 фонема – 41 графема,
Вийк 46 фонема – 104 графема бар деген. Мәтінде графема
әріп, әріптер тіркесі не-месе графикалық тәсілдер мен
комбинациялар арқылы көрінуі мүмкін дейді.
Әлiпбидегi әрiптердiң фонеманы берудегi ұйымдасуы гра-
фика екенi біраз ғалымдар тарапынан айтылды. Біздіңше,
Т.А.Амированың жоғарыда айтып отырғаны да графика. Осы
iзбен C.М.Кузьмина да графема бiр әрiптен де, 2-3 әрiптен де
құралады, мысалы, /sch/-<ш>, /ть/-<т>, /я/-<иа>, барлық пози-
цияда бiр ғана фонеманы бiлдiретiн f=ph, t=th, u=i, а:=аѕ, о:=оѕ
деген графемалар барын айтады. В.И.Балллинская графемалар-
ды қарапайым, күрделi және факультативті графемаларға
бөледi. Қарапайым графемаларға бiрмәндi (а, в, с), күрделi
графемаларға әрiптер тiркесiнен тұратын графемаларды
жатқызады. Сөйте тұрып, “фонема – ауызша тілдiң мағына
ажыратқыш ең кiшi бiр-лiгi болса, графема – жазба тілдiң
мағына ажырататын ең кiшi бiрлiгi” деген анықтама бередi.
Ендi бiрде графема – әлiпбидiң абстрактiлi бiрлiгi, ол бас әрiп,
кiшi әрiп, жазба бас әрiп, жазба кiшi әрiп түрiнде өмiр сүредi
дейдi. Бас әрiп пен кiшi әрiп, бiре-уi кiсi есімiн, бiреуi жалпы
есiм екенiн бiлдіреді. Бас әрiп пен кiшi әрiп бiрдей дыбысталса
да, олардың функционалдық мәнi әртүрлi, сондықтан бұлар
әртүрлi графема болып қарастырылуы керек дедi.
Н.Уәлиұлы графема тілдің ары қарай бөлшектеуге келмей-
тін кіші тұлғасы фонема мен жазба тілдің әрі қарай
бөлшектеуге келмейтін ең кіші тұлғасы әріптің арасындағы
қатынастың жиынтығы болып табылады, фонема мен графема
– инвариант, дыбыс пен әріп вариант дейді. Сонымен, графема
қазақ тілі жаз-ба жүйесінің ең кіші абстракті бірлігі болып
табылады. Ол әріп түрлері арқылы таңбаланады. Ал фонеманы
әріп тіркесі арқылы беруді графема деп танитын жоғарыдағы
ағылшынтілді зерттеу-лер әріптің графикалық тіркесуі туралы
айтып отыр деп ойлай-мыз.
Тапсырма. Қазақ жазуындағы қ-к, ғ-г дыбыстарын жеке
таңбалаудың себептері айтылған төмендегі пікірді негізге
ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қазақ тілі дауыссыздарының ішінде фонемалық статусы дау
туғызып келген қ-ғ, к-г дыбыстары болды. Осыған орай
бұларға екі әріп арналу керек пе, әлде төрт әріп арналу керек пе
деген мәселе А.Байтұрсынұлы әліпбиінен де бұрынғы жазу
кезеңдерінде шықты.
Көне түркі жазуы дауыстылардың жуан-жіңішкелігін да-
уыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке таңбаларымен көрсетті.
Дауысты дыбыс әріптерінің көбейіп, дауыссыздар саны азайған
кейінгі жазу кезеңдерінде дауыссыздың екі жұбы қатар
сақталған қ-ғ, г-к әріптері болды.
94
95
Түркі халықтарының ішінде төрт таңбаны да әліпби
құрамында қалдырған қазақ графикасы болып табылады. Ал
түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар жазуларында бұл
дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан,
жіңішкелігі іргелес келген дауыстының әуеніне байланысты
ажыратылады.
Қазақ әліпбиінде қ-ғ, к-г таңбаларының сақталуы
А.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ,
г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен,
бұларды бір-бірінің жіңішке түрі деу қисынсыз”, сондықтан
төрт дыбысқа төрт түрлі әріп арналсын деген. Ал
Қ.Кемеңгерұлы аталған фонемалардың өзіндік жуан-жіңішке
варианттары қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз тілінің әліпбиін түзген К. Юдахин: “к-қ, ғ-г ды-
быстарының айырмашылығы басқа дауыссыздардың айырма-
шылығынан ерекше емес. Егер бұларға жеке таңба берсек,
басқа дауыссыздарға да жеке таңба беруіміз керек” деп, 4
дыбыс-ты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз,
ноғай, қарашай, балқар тілдерін жатқызады да, өзбек,
әзірбайжан, ұйғыр әліпбиінде 4 таңба арналу керек. Өйткені
соңғы тілдер тобында сингармонизм заңы бұзылған дейді.
Бірақ іс жүзінде керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан,
татар, түрік тілдері әліпбиінде екі таңба (к, г) алынды да, қазақ
графикасында төрт әріп төрт дыбыс-фонемаға арналды.
Дыбыс-фонема инварианты немесе варианты екенін
анықтауда сол тілдің вокализм жүйесімен тіркестіріп көру әдісі
қолданылады. Бұл тәсілді ең алғаш ұсынған К.Юдахин мен
А.Сухотин қа, қо, қы, құ, ға, ғо, ғы, ғұ тіркесімі ғана бар, бірақ
қе, қө, қі, қү, ғе, ғө, ғі, ғү тіркесімі болмайтын және керісінше
болмайтын барлық тілдерден қ және ғ әріптерін алып тастау ке-
рек, бұл дыбыстар фонемалық тұрғыда үндесім заңы бұзылған
тілдерде және қ, ғ жіңішке дауыстылармен, к, g жуан дауыс-
тылармен (қәбір, лұғәт, қәйри, katib) тіркесе алатын тілдерде
таңбалана алады деген.
І.Кеңесбаев “[қ] мен [к] бір фонеманың екі түрлі айтылуы (не-
месе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес: жуан
дауыстылардың [қ] мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың [к]
мен жапсарласып келуі де, жасалу (артикуляциялық) орны
жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де ([қ] тіл арты арқылы
жасалады да, [к] тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі
түрлі фонема екенін дәлелдейді; [ғ], [г]-нің де бір-біріне қарым-
қатынасы осы тәрізді. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың жуан-ды-
жіңішкелі болып келудің фонематикалық мағынамен байла-нысуы
тек [қ] – [к], [ғ] – [г] тобында бар деп түсінуіміз керек; [қ] – [ғ]-
ның жасалу орны бір бөлек, [к] – [г]-нің жасалу орны екінші бөлек
болып келуі тәрізді қасиет өзге дауыссыздарда тіп-ті байқалмайды.
Өзге дауыссыздардың (мәселен, [т], [з], [р] т.б.) әрқайсысының
жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері
жоқ; от, оз, ар дегендегі т , з, р жуан айтыла-ды да, өт, өз, өр
дегенде бұл дауыссыздар жіңішке айтылады. Солай бола тұрса да,
бұл жуан-жіңішкелік өздігінен тұрып сөзге мағыналық ұйытқы
бола алмайды. Арнаулы бір өзге дауыссыздың жуан-
жіңішкелігінің бір-бірінен қ-к, ғ-г тәрізді артикуляциялық үлкен
айырма болмайды” деп анықтайды. Сөйтіп, ғалымның пікірі
А.Байтұрсынұлының пікірімен үндес келеді.
Ал проф. Ә.Жүнісбек: “екі жұптың айырмасы тілдің қалпы
мен ерін конфигурациясында ғана, әйтпесе [к] мен [қ]
фонемаларының реңктерін (9 түрлі) біріктіретін болсақ, онда
да-уыссыз фонема реңктерінің толық қатарын көре аламыз”
дейді. Ары қарай [г], [ғ] туралы: “Что касается фонем [g] и [g],
то мы сомневаемся что они исконно казахские, скорее всего они
были позиционно-комбинаторными (в зависимости от
фонетической ситуации то смычными, то щелевыми)
оттенками глухой смыч-ной средноязычно-увулярной фонемы
[к] [қ]. Однако интенсив-ное вторжение арабо-персидских слов
с их гортанными звуками и русские заимствования с их
самостоятельной фонемой [g] пос-лужили причиной появления
этих фонем на непривичных для них местах” деп қорытады.
Сондықтан ғалым: қазақ тілінде 17 дауыссыз, 19 дауыс-сыз
дыбыс әрпі бар дейді. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың фонемалық статусын анықтауда дыбыстың тоғыз
түрлі сингармовариантта айтылуын ескердік. Сонда қазақ тілінің
төл фонемалары тоғыз дауыстымен тіркес құрап, морфема
құрамында кездесе береді. Ол тіркесім, байқап отырсақ, жазуда да
көрініс табатын позициялар болып табылады. Алайда дыбыс-тар
сөйлеу тіліндегі үздіксіз (линейный) құбылыс болғандықтан,
олардың түбір ішінде, буын, сөз, сөз тіркесі жігіндегі тіркесімі
шарт емес. Сондықтан <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының жеке-
жеке тоғыз түрлі сингармоварианттары сөз тіркесі шенінде кез-
десетінін оңай тауып алуға болады. Мысалы: /екі ай/ – [екай],
96
97
Достарыңызбен бөлісу: |