Сол сияқты неміс тілінде фонема саны 39, әріп – 26.
Сондықтан әліпбиде жоқ, бірақ жазба тілінде пайдаланатын β
<с>, д <э>, ц <ө>, ь <ү> таңбалары және sch <ш>, ch <х>, ng
<ң>, ck <к> әріп тіркестері, ch <х>, ei [ай], eu [ой], eh [ей], ig
[их], gu [кв], ie [й] маркерлі әріп таңбалары tsch <ч>, tz <ц>, ph
<ф>, sh <ж> сияқты шеттілдік сөздерді жазатын таңбалары бар.
Сонымен, латын жазуын пайдаланатын ағылшын, фран-цуз,
неміс сияқты тілдердің жазуы әліпби құрамының үстіне
қосымша таңба алған және әріп тіркесін жасаған, жазу эко-
номиясы төмен жазба тілдер болып табылады. Мұндағы жазу
үнемсіздігі, бір жағынан, жазба дәстүрі күшті сақталған тіл бо-
луынан да шығады. Екінші, шеттілдік сөздер мен
ономастикалық атауларды таңбалау әдісіне де байланысты.
Біздің ойымызша, кең тараған жазу түрлерін қабылдаған кез
келген жазба тілде әріп саны мен фонема санында алшақтық
орын алады. Өйткені ашық әліпби жүйесі техникалық
құралдардың билігіне бағынышты келеді.
Ашық жазу жүйесінің бірі – араб әліпбиін қабылдаған парсы
жазуында (ІV-V ғ.) 32 әріп бар. Мұның 29-ы консонанттарды, 3-
і вокалдар жүйесін таңбалайды.
Парсы әліпбиі араб әліпбиінің үстіне тілдің өзіне тән 4 фо-
немасын (хойе, иә, вав, гәф) беретін әріп таңбасын енгізіп, а, у,
и дауыстысынан басқа е, ә, ө фонемалары харакаттар арқылы
берілетін, әріп саны фонема санына жуық әліпби: 32 әріп – 35
фонема.
Жабық жазу түрлерінің ішінде корей алфавитінің ерекшелігі
бар. Корей әліпбиінде (1443 ж.) 41 әріп бар. 41 әріптің 10-ы (а,
я, о (еріндік), е (еріндік), о, е (езулік), у, ю, ы, и) дауысты фоне-
маны, 12-сі дифтонгоид дауыстыны (э, е, ие, ие, оа, уе, уе, ои, уо,
уе, уи, ыи), 11-і дауыссыз фонеманы (к, н, т, р, м, п, с, ң, ж, ч,
х), 8-і дауыссыз дифтонгоидты (кхы, тхы, пхы, кк, тт, пп, сс,
джж) таңбалайды. Бір әріп екі фонеманы (мысалы, бір әріппен
к-г, т-д, л-р, п-б дыбыстары таңбаланады) беретін
фонемографиялық жазу әдісі де орын алады. Корей жазуы XVғ.
дейін қытай иерог-лифін пайдаланғандықтан көне әдеби тілдегі
сөздерді иероглиф-пен жазатын аралас жазу типіне жатады.
Сөйтіп, корей жазуы тілдегі фонема саны әріп санына жуық
(41:45), жазба тіл парадигмасының ұзақтығы жазба сөз
синтагмасының үнемділігін жасайтын жазу болып табылады.
Сол сияқты әріп саны көп, бірақ жазу процесі үнемді әліпби
қатарына жапон алфавиті жатады. Жапон жазуы б.э.д. VIғ. қытай
иероглифтерінің негізінде жасалды. Жазба тілінде екі әліпби түрі
бар: хирагана, катакана. Мұндағы катакана алфавиті тек шеттілдік
сөздер мен шеттілдік адам, жер-су аттарын жазу үшін
пайдаланылады. Жапон жазуы буын жазуы мен иероглиф жазу
бірге қолданылатын аралас жазу типіне жатады. Әліпбиде 5 да-
уысты (а, и, у, э, о) фонема дауыссыз фонемамен (к, с, т, н, б, ћ, м,
й, р, w, ң, п) буын құраған 51 әріп бар, мысалы, ка, ки, ку, кэ, ко,
са, ши, су, сэ, со т.б. буындарының жеке-жеке таңбалары бо-лады.
Сонда төрт буыннан, 8 фонемадан тұратын хирагана сөзін 4
таңбамен береді.
Сөйтіп, ашық, жабық әліпби түрлерін салыстыра келе, ашық
жазу түрі әріп саны фонема санынан әлдеқайда кем, жазу-оқу
процесі біршама қиындық тудыратын, жазу экономиясы нашар
әліпби жасайды деген ойға тоқталамыз. Ал жабық жазу түрлері
тілдің дыбыстық негізінен шығатын, ауызша тіл жүйесіне
жақын, әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санына сәйкес ке-
летін немесе алдыңғысы сәл кем болатын жазу болып
табылады дейміз.
Қазақ жазуының тарихына көз жіберсек, А.Байтұрсынұлы
түзген тұңғыш қазақ әліпбиі тілдегі фонема санынан әріп саны екі
есе аз фонематикалық жазу болды. Әліпбидегі әріп санының аз
болуы, тілдегі сингармонизм заңының тұрақтылығынан шықты.
Бұл әліпбидегі әріп санын қысқартуға көмегін тигізді. Көне түркі
жазуында дауыссыз әріп таңбасы дауыссыз фонема санынан артық
болды, дауыссыз вариациялары арқылы дауысты дыбыс реңкі
белгіленді. Ғалымдар бұдан әліпбидегі әріп үнемділігі тіл-де өзара
бір белгімен айырылатын жұптас дауыссыздардың және ол
дауыссыздармен тіркесетін шағын дауыстылардың болуына
байланысты деген теориялық тұжырымдар шығарды. Латын жа-
зуында дауысты фонемаға бір әріп, дауыссыз фонемаға бір әріп
телінді. Сөйтіп, әліпбиде 1 фонема: 1 әріп қатынасы болу ке-рек
деген түсінікті қалыптастырды. Алайда қолданыстағы жазу
тұрғысынан сөз етсек, мысалы, қазақ әліпбиіндегі әріп фонема-ны
да белгілейді, әріп дыбыс реңкін де белгілейді. Мысалы, и
– [ый], [ій], [ұй], [үй]; у – [ұу], [үу]; я – [йа], [иә], [а], [ә]; ю
– [йұу], [йүу] дыбыс, дыбыс тіркесін де береді.
Жалпы, әліпбидегі әріп таңбасын қысқартудың мынадай жол-
дары болды: 1) дәйекше арқылы дауысты дыбысты таңбалауды
үнемдеу; 2) дауысты таңбасын көбейтіп, дауыссыз таңбасын
106
107
азайту; 3) дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар
таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін-
шісі А.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды.
Сонымен, қазақ әліпбиі саясаттың және басқа себептерден
сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға
(латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін
қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар
әліпбиге айналып отыр.
Әліпбидегі я, ю, ё әріптері орыс әліпбиіндегі сөзді жіңіш-
кертетін белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек й+а,
й+ұ+у, й+ү+у, й+о дыбыс тіркесін беретін болды. э – әрпі тек
кірме сөздерде, ал у, и таңбалары ый, ій, ұу, үу – дыбыс
тіркестерін белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу],
[у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз. Және соңғы
қатынасты көре отырып, әріп саны фонема санынан артық
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3
әріп, сонда 26 фонема: 33 әріп (Мұнда цитаталық принцип
үшін алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ).
Бүгінде, қазақ жазуының латын графикасын қабылдау
қарсаңында алдымен әліпбидегі әріп саны мен тілдегі фо-нема
қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр. Өйткені қолданыстағы
әліпбиде 42 әріп, латын әліпбиінде 26 әріп бар. Жалпы жазу
теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби
– жетілген, әріп саны фонема санына тең әліпби – жетілдіруге
болатын, әріп саны фонема санынан көп әліпби – жетілмеген,
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу
дәстүрі қалыптанған, жазу графикасы тұрақты ағылшын, фран-
цуз, неміс жазулары тарапынан шығарылған теория. Сондықтан
жазу үнемділігін жасаған қазіргі әліпбидегі таңбалар туралы
ойлану керек. Мысалы, и, у, ю (и әрпінен басқа тіркесімде), я (и
әрпінен басқа тіркесімде) таңбалары қазақ графикасына жазу
үнемділігін әкелді. Тек й, ы, і әріптері бола тұрып, осы
дыбыстардың тіркесін беретін и әрпінің алынуы, у әрпінің [ұу],
[үу] тіркесінде, [у] дауыссыз фонемасын беруіне сәйкес емес. Яғни
и-мен [й], [ый], [ій], у-мен [у], [ұу], [үу] дыбыстарын
таңбалау орынды болар еді. Сөйтіп, әліпбиден бір әріп
қысқарар еді.
Ал һ дыбысы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов негіздеуі бойын-
ша, төл сөздерде болмаса да, одағайларда кездесетін дыбыс.
Н.Уәлиұлының айтуы бойынша, һ әрпі – кірме сөздердегі
бейүндес буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын
маркерлі әріп. Мысалы, Ахмет, жићаз т.б. сөздерде буындардың
жіңішке/жуан айтылуына сілтеп тұрады. Х әрпі сөз тұлғаларының
мағынасын графикалық тұрғыда ажыратуға көмектеседі, кірме
сөздерде жазылады. Проф. З.Базарбаева тілдің фонологиялық
құрамының кеңеюі, дыбыс вариацияларының фонемаға айна-лу
процесі, өзге тілдердің әсері барлық тілге тән универсал-ды
құбылыс деген. Біздіңше, әліпби сол тілдің фонологиялық
құрамын дәл, нақты көрсетіп тұруы керек. Мысалы, 55 әріптен
тұратын кабардин жазуы өзгелердің сол тілді үйренуін тездеткені
тарихтан белгілі. Әлде И.Бальдауф айқандай, “Әліпби тиімді
болған сайын оның жетілдіретін тұстары көріне бере ме?”.
Пысықтау сұрақтары:
1. Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі неде?
2. Әліпби мен графика ұғымдарының арасында қандай
айырмашылық бар?
3. Әліпбиге қойылатын қандай талаптар бар?
4. Әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген деген пікірге
жауабыңыз қандай болады?
5. Қазақ жазуы 1 әріп: 1 фонема қатынасында әліпби құрған ба?
Салдары нендей болды? Болашақта қандай қатынастағы әліпби
құруға мүмкіндік бар?
Жазу категориялары туралы айтылған төмендегі пікір-
лерді талдап көріңіздер
“Графика – это совокупность оптических средств и правил
их применения для передачи сообщения в целом или же
отдельных его единиц и их сочетаний”... “Орфография – это
правила оп-тической передачи средствами графики данного
языка его зна-чимых единиц с учётом не только плана
выражения но и плана содержания” (Л.В.Зиндер).
“Орфография имеет дело с внешней стороной знака означа-
ющим слова. Орфография облик слова устанавливает соответс-
108
109
Достарыңызбен бөлісу: |