«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет6/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

20

21

Мөлдір ЗАХАРОВА,



Б.Аралбаев атындағы 

№52 мектептің мұғалімі.

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

«Сүттіқұдық» ауылы.



КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІ 

ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ 

ТИІМДІЛІГІ

«Ұстаздың  биігі,  ойлана  қарасаң,  биіктей  береді,  үңіле 

қарасаң,  тереңдей  береді;  қол    созсаң  –  қарсы  алдыңда, 

айналсаң  –  артыңда  тұрғандай»  деп  Сократ  айтқандай,  

егеменді  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекеттің 

қатарына  қосылуға  табандылықпен  жылжу  саясаты 

қоғамымыздың  барлық  саласында  түбегейлі  өзгерістер 

енгізіп,  жаңа  талаптар  қойылуда.  Соның  ішінде  болашақ 

ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім 

мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі 

кезде  білім  берудің  жаңа  жүйесінің  жасалынуы,  білім 

мазмұны  мен  әдіс-тәсілдерінің  жаңаруы  бәсекелестікке 

қабілеті  мол,  шығармашылық  бағытта  еңбектенетін,  ой 

қабілетімен  ерекшеленетін  азаматты  тәрбиелеуді  көздейді. 

Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш 

болып  табылады.  Бүгін  мектеп  партасында  отырған 

бүлдіршіндер  –  ертең  ел  тағдырын  шешетін  азаматтар. 

Олардың  сапалы  білім  алуын  бүгін  қамтамасыз  ету  – 

мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім,  ар, 

мінез  деген  қасиеттерімен  озады»  деп  Абай  айтқан  озық 

ойлы,  білімдар  адамдар  заманның,  қоғамның  дамуына, 

өзгеруіне  үлесін  қосып  келеді.  Осындай  қоғамдық 

-әлеуметтік,  мәдени  өзгерістер,  дамулар  мектептің  оқыту 

үдерісіне  әсер  ететіні  сөзсіз.  Кез  келген  оқыту  белгілі 

мөлшерде  адамды  дамытады.  Оқитын  пән  қаншалықты 

жаңа, бағалы, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, 

мұғалім  мен  оқушының  өз  белсенділігін  туғыза  алмаса, 

берген  білім    күткен  нәтиже  бермейді.  Оқушының  адам 

ретінде  қалыптасуы  белсенділік  арқылы  жүзеге  асады. 

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың 

оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын 

қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

«Білім  берудегі  Кембридж  тәсілдерінің  теориялық 

негіздері»  осы  жоғарыда  айтылған  ұстанымды  ұстайды, 

яғни,  мұндағы  бала  –  өзі  ізденуші,  бір-біріне  үйретуші, 

ал  мұғалім  –  бағыт  беруші,  нұсқаушы.  Бұл  тәсілдің  басқа 

технологиялардан  ерекшелігі:  жеті  модуль  арқылы  іске 

асады.

Әйгілі  зерттеуші  Л.С.Выготский  «Дәстүрлі  оқыту  бала 



дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, 

яғни,  дамудың  соңында  жүрсе,  жаңаша  оқыту  дамытуды 

өзімен  бірге  ала  жүреді»  деген  болатын.  Сондықтан  тек 

дәстүрлі  оқытумен  шектеліп  қалмай,    мұғалім  әрқашан 

ізденісте  болып,  өзіне  және  шәкірттеріне  тиімді  жақтарын 

қарастырып отыруы тиіс.

«Сабақ  –  оқытушының    педагогикалық  мәдениетінің 

айнасы» деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің 

ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың 

қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екеніне 




22

23

көп  ойланғаным  рас.  Саралай  келе  әр  сабақта  бір  немесе 



бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. 

Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Әр  мұғалім  –  өз  сабағының  көшбасшысы.  Көшті  қалай 

бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай 

білу – оның шеберлігіне байланысты.

Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің 

тәсілі мынау болып табылады:

1.  Қызығушылығын  ояту  –  жаңа  сабақты  түсіндіру 

кезіндегі  үйрену  үдерісі.  Бұл  бұрынғы  білетін  білім  мен 

жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер    арқылы 

оқытуда  оқушылар  бұрынғыдай  тек  тыңдап  және  көшіріп 

қана  қоймай,  белсенді  әрекеттер  атқарады.  Ол  белсенді 

әрекеттерге  ойлау,  оқу,  сөйлеу,  талқылау,  жазу,  пікірлесу, 

пікірталас жатады. 

Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер    арқылы 

оқытуда  білім  дайын  күйінде  берілмейді,  ол  тек  белсенді 

әрекеттер  арқылы  ғана  игеріледі,  оқушылар  өзара  қоян- 

қолтық  қарым-қатынаста  болып,  онымен  бірлесе  әрекет 

жасауға,  диалог  құруға  тиіс.  Өзімізге  сыни  тұрғыдан 

қарауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша 

өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. 

Топтық  әдісті  қолданғанда    оқушылардың  бір-бірімен 

ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау 

әдісін  қолданғанда  оқушылардың  мәтінде  не  туралы 

жазылуы  мүмкін  екендігі  туралы  өз  ойларын  да  диалог 

арқылы көрсете білді.  

2.  Мағынаны  тану  –  жаңа  сабақты  бекіту  үдерісі.  Бұл 

кезеңде  оқушы  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып 

бойынша    жұмыс  атқарады,  тапсырмалар  орындайды. 

Сонымен  қатар  олар  идеяны  жеткізіп  қана  қоймай,  шешім 

табу  үшін  топқа  сұрақ  қояды  және  басқаларды  сұраққа 

тартады. Әр топтан бір оқушы шығып, ұжым алдында мәтін 

мазмұнын қысқаша баяндап береді. 

3.    Ой-толғаныс  –  сабақты  қорытындылау  кезеңі.  Осы 

кезеңде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап, 

оны  қандай  жағдайда  қалай  қолдану  керектігін  ұғынады. 

Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз 

бетіне  түсіріп,  түйгендерін  анықтайды.  Бұл  модульдің 

нәтижесі  көп.  Атап  айтар  болсам:  ой-пікірін  ашық,  еркін 

айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы 

қасиеттерін  үйрену,  сабақ-білім  естерінде  көп  уақытқа 

сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, 

өтініш, тілектерін білдіре алады.

Бұл  модулдің  тағы  бір  ерекшелігі  оқушыларды  топтап 

оқытуы  болып  тұр.  Топтап  оқытудың  пайдасы  туралы 

Әбуғали  ибн  Сина  (Авиценна  980-1037)  былай  деген 

болатын:«Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, 

бұл  оқытушы  мен  үйретушіге  ортақ  қынжылыс  болмақ. 

Сондықтан  ең  жақсысы  –  балалар  оқу-тәрбие  үрдісінде 

үлгілі  мінезге  бір-бірінен  үйренетін  ұжымдық  оқытуды 

ұйымдастыру».

Балаларды  ұжымдық  оқытудың  төмендегідей  пайдасы 

бар:


1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап 

тұрады.Өз  білімдерін  мақтан  тұтып,  досының  білімін 

қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден 

кейін қалмауға міндеттейді.

2.  Оқушылар  кездескенде  үнемі  сөйлеседі,  сонымен 

естерін  және  шешендігін  дамытады.  Егер  балалардың 

біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда 

балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.




жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау