16
17
Эйнштейн 4 жасқа дейін сөйлей алмағаны, тілінің өте баяу
шыққаны, оны мектепте мұғалімі «ақыл-ойының тежелуі
бар оқушы» деп есептегені белгілі. Осы тұста оның дарынды
бала екенін тануда ұстаздар тарапынан қателіктер болғанын
көруге болады, яғни, дарынды бала үнемі көзге көрініп
тұрмайтындығын аңғарамыз. Одан кейін орыс әдебиетінің
көрнекті өкілдерінің бірі А.П.Чехов мектепте шығармадан
көп жағдайда «2» деген баға алғанын, оның «3» деген
бағаны анда-санда әрең алғанын да естеліктерден білеміз.
Осы тұста да ойланатын, ойландыратын сұрақтардың көп
екенін аңғарамыз. Дарындылықтың құпиялығында шек жоқ.
Өнерлік дарын. Өнер дегеніміз —
адамдармен
сырласудың құралы. Ол адамды асқақ сезімге бөлеп, жан
дүниесін нұрландыра, байыта түседі. Өнер дегеніміз — бір
құдірет. Оның шырқау шыңына жетіп, өз қабілетін паш
ету дарынды адамның қолынан келмек. Өнерлік дарын —
қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Бұл дарын да,
сырт қарағанда, оңай көріне қоятын сипатта болады. Оның
дарынның басқа типтерінен, мәселен, зияткерлік дарыннан
айырмашылығы сол, зияткерлік дарын – сыртқы дүниенің
теориялық бейнесі, яғни, олар теориялық ойлау болып
табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады
және көнеліктің көреген мұрасы. Бұл сала дарындарына
қазақтың маңдайына біткен бірнеше әншілерін, өнер
майталмандарын көптеп келтіруге болады. Солардың бірі
де бірегейі Мақпал Жүнісова 10-сыныпта концерт қоюға
барып, тарих пәнінің емтиханынан көшпей қалған. Сонымен
қатар, мұғалімі «Сен әнші болсаң, мұрынымды кесіп
беремін» дегені де сұхбаттарда айтылған болатын. Бұл тұста
да «Шын дарынды шын мәнінде дәл танып жүрміз» деп
айтуға болмайтынын ұғамыз. Әдебиеттің үлкен өкілдерінің
бірі Дулат Исабеков бір сұхбатында «Өзіміздің мүшкіл
жағдайымызды ұмытып, көркем шығарма кейіпкерлерін
аяп, үлкен сезімдер елесінде армандап жүріп ер жеттік» деуі
де адамға үлкен ой салады. Осы ойынан кейін «Тағдыр да
адамды дарынды жасауы мүмкін» деген ой келгенін айтқым
келеді.
Айқын шеберлік дарын. Бұл да бір өнер сатысындағы
дарын секілді, бірақ қол қимылын, икемділік іс-әрекетін
аса көп қажет ететін шеберлік қасиетке толы дарын. Өз
еңбегін орнықты да тұрақты құбылыста сәтті іске асыруға
болатындығымен ерекшеленеді. Бұл да өнер сияқты өте
ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас
балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған
жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған
түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер
де қалдырған. Ал бұл тарихи деректер өткен замандағы
адамдардың шеберлікке бейімді болғандығын анықтайды.
Былай қарағанда, айқын шеберлік өнер дарынымен егіз
тәрізді. Бірақ өнерлік дарын ішкі психологиялық ойды
физикалық-механикалық қозғалысқа ене отырып жүзеге
асырса, шеберлік кеңістікте көбіне іс-қимыл мүшелерін
пайдаға асыра отырып жетістігіне жетеді. Шебер адамдар
қатарына зергер, ұста, мүсінші, суретші, қолөнерші, тігінші
және т.б. шеберлік қасиеттер енеді. Бұл тұсқа қазақтың
белгілі сымбатшысы (дизайнері) Берік Исмайловты мысалға
алуға болады. Оның да қазақ психологиясына, менталитетіне
сай жан қалауынан ортаның адастырғаны сұхбаттарынан
белгілі, бірақ іштегі дарын оны өз қалауына қайта оралтты.
Мәдени-физикалық дарын. «Мәдени-физикалық» деп
отырғанымыз – спортқа икемді жандарда болатын дарындық
қасиет. Мәдени-физикалық дарын да басқа қасиеттер секілді
тұқым қуалаушылық заңына бағынады. Мәселен, атақты
спортшы Ардақ Назаров бір сұхбатында «Спорт менің арғы
18
19
атамда болған, мүмкін менің де спорттан алшақ болмауым
қаннан болуы әбден мүмкін» дейді. Сонда спорттың
өзі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы мүмкін екен. Мұндай
мысалдарды, әрине, көптеп келтіруге болады. Бірақ біздің
мақсат оларды насихаттап қою қана емес, осындай адамдар
да оқушы болғандығын, «Оларды дер кезінде танып,
дарынын ашуға көмектесе алдық па?» деген ой тастау ғана.
Тағы бір дарындылықтың түрі – экстрасенсионарлық
дарын. Бұл – қоғам өмірінен мүлдем басқа, оғаш қасиет.
Экстрасенсионарлық қасиеті бар адамдарға бақсы, сәуегей,
сынықшы және т.б. жатады. Бұл дарындардың қатарына
Бақыт Жұматованы мысал ретінде айтуға болады. Ол «3
жасымда ауылда өртеніп жатқан үйді көрдім, сол жалын
отқа қарап тұрып мен басқа әлемді көрдім» дейді. 13 жасына
дейін түсініксіз осындай жағдайлардың көп болғанын
айта отырып, кейін «Мейрамханаларда ас ішіп отырған
адамдардың тағдырын көре бастадым» дейді. Ал Бақыт
Жұматованың әжесінің де құр адам болмағаны сұхбаттарда
айтылып жүр. Бұл дарындылық қасиет те ұрпақтан ұрпаққа
берілетіндігін байқап жүрміз. Ал оқушы бойында да осы
қасиеттердің көрініс беруі мүмкін ғой. Бірақ дұрыс зерттеу
жасай алып жүрміз бе екен?..
Тіршілікте жай адамдар дарындыларды жаралап жүруі
мүмкін... Соның салдарынан қанша дарындылар өмірде
адасты... Ойланарлық жайт!..
Балаларға «Дарынсыз» дей отырып, оның бүкіл психи-
касын мүгедек етуіміз мүмкін. Сондықтан әр педагог бала
жанын зерттеуде абай болғаны абзал.
Енді «ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАНИМЫЗ?»
деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Өзінің басқалардан ерекше екеніне күмәнданбайды
(өздерін ерекше ұстауға тырысады), тіпті, өзінің кім
екендіктерін айтып та қояды.
Көзге қораш көрінуі де мүмкін, бір көрінгенде
таңғалдырарлық ештеңе байқай алмайсыз.
Таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекеттерін
түсіндіріп жатпайды.
Әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы
келмейді немесе шыдамдылығы жетпейді (мысалы: кезекте
тұру, т.б.).
Оның шығармашылығына қатты қысым жасай
бастасаңыз жаңылыса бастайды.
Оны басқалар түсінбейді, «дәстүрлі өмір сүруді»
қаламай тұрғандай көрінеді.
Өзінің басқаша мүмкіндіктері бар екендігін біледі, соған
сенеді.
Егер оның қолына 3-4 жаста компьютер түссе, оны
егде жастағылардан артық меңгеріп кетеді (мұндай ерте
компьютерге деген құлшыныстың оянуы оларды адамдар
арасындағы жақындықтан айыра бастайды).
Үлкендерден жиі көңіл бөлінбесе кейде олар ешкім
түсінбестей өзгеріп, тіпті, тіл табысуға қабілетсіз де
болып тұйықталып та қалады.
Тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертулерге
көңіл аудармайды.
Көңілінің қалауын айтудан ұялмайды.
Әр бала жан-жақты әрі қайталанбайды..
Ағылшын ғалымы К.Роджерс «Дайын тәжірибе арқылы
ешкімді өзгертуге болмайды, тек ғана адамды дамытуға әсер
ететін атмосфера жасау қажет» дейді. Бұл философиялық
ойдың да астарында талай құпияның жатқаны байқалады.
Не десек те, адам ретінде де, педагог ретінде де «Жанам
деген жүрекке от берейік» дегім келеді.