Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 108-беті
108
17. Офис регистраторқызметкері жазбаша жұмыстарды шифрлау барысында əр
жұмысқа мұқият қарап, арнайы шартты белгілердің жоқ екеніне көз жеткізуі керек. Күмəн
тудырған жұмыстар бөлек алынып, оларға акт толтырылады. Шифрлау кезінде актімен
алынған жұмыстарды Офис регистраторқызметкері емтихан комисиясына тапсырады. Акт
комиссия шешімімен бекітілген соң, білім алушыға пəн бойынша «0» балл, «F»
(«қанағаттанарлықсыз») баға қойылады.
18. Егер емтихандар өткізу ережесін бұзу фактілері емтихан қабылдаушылар, Офис
регистратор, декан орынбасарлары жəне басқа да жауапты қызметкерлер тараптарынан орын
алса, оқу жəне инновациялық технологиялар жөніндегі проректор тəртіп бұзудың қашан,
қайда, кімдер жағынан қандай мазмұнда орын алғандығы жайлы мəлімдеме жазып,
құжаттарды университеттің ректорынаұсынады.
2.3.3 Емтихан жұмыстарын тексеру
1. Емтихандық жазбаша жұмыстарды кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітілген пəн
комиссиясы тексереді.
2. Тексеру бейнекамералармен жасақталған арнайы аудиторияда немесе кабинетте
жүзеге асырылады.
3. Емтихан жұмыстарын тексеру орнына емтихан комиссиясы мүшелерінен басқа
адамдардың қатысуына қатаң тыйым салынады.
4. Пəн оқытушысы (лектор) емтихан жұмыстарына бағалау шкаласын академиялық
мерзім басында дайындап, силлабуста көрсетеді. Емтиханға келген білім алушының бағалау
шкаласы туралы толық мағлұматы болуы керек.
5. Емтихан жұмыстарын бағалау 100-балдық жүйеде жүзеге асырылады. Ол үшін білім
алушының берген жауабының толықтығы есепке алынады:
Баға
Критерии
Өте жақсы
A4.0095-100
A -3.6790-94
1. Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс жəне толық жауаптар
берілген;
2. Практикалық есептер толық шығарылған;
3. Материал сауатты, логикалық байланыстарды сақтай
отырып берілген;
4. Шығармашылық қабілеттері көрсетілген.
Жақсы
B+3.3385-89
B3.0080-84
B-2.6775-79
1. Теориялық сұрақтарға жауап дұрыс, бірақ толық емес,
кейбір маңызды емес қателіктер мен ауытқулар бар;
2. Практикалық есептер шығарылған, бірақ біршама
қателіктер бар;
3. Материал сауатты, логикалық байланыстарды сақтай
отырып берілген.
Қанағаттанарлық
C+ 2.33 70-74
C 2.00 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D1.0050-54
1. Теориялық сұрақтарға берген жауаптары жалпы дұрыс,
бірақ толық емес, сипаттамада жəне логикада қателер
жіберілген;
2. Практикалық есептер шығарылған, бірақ толық емес, əрі
қателер орын алған;
3. Материал жалпы дұрыс берілген, бірақ логикалық
байланыстар бұзылған.
Қанағаттанарлықсыз
F0.000-49
1. Теориялық сұрақтарға жауап қате;
2. Практикалық есептер шығарылмаған;
3. Жауапта грамматикалық, терминологиялық, қателер бар,
логикалық байланыс жоқ.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 109-беті
109
6. Жазбаша жұмыстарды тексеру аяқталған соң емтихан жұмыстарын шифрсыздандыру
үшін шифрлаған Офис регистраторқызметкеріне қайтарылады.
7. Емтихан жұмыстарына қойылған бағалар Офис регистратор қызметкері тарапынан
электрондық емтихан тізімдемесіне енгізіледі.
8. Пəн бойынша қорытынды бағаны санау үшін білім алушы екі аралық бақылаудың
нəтижесі бойынша да, емтихандық (қорытынды) бақылау бойынша да оң бағалар алуы қажет.
Қорытынды бағаны санау мына формула бойынша жүргізіледі: Қорытынды баға =
(АБ1+АБ2)/2х0,6+ҚБх0,4.
9. Емтихан нəтижелері электрондық емтихан тізімдемесіне емтихан аяқталған соң 48
сағаттан кешіктірілмей енгізілуі тиіс.
10. Қорытынды оң бағаны оқытушы (лектор) білім алушының сынақ кітапшасына
қояды.
2.3.4 Апелляция
1. Егер білім алушы өзіне қойылған бағаның дұрыс емес екеніне сенімді болса, онда
оның апелляциялық комиссияның төрағасына өтініш жазуына болады. Өтініш емтихан
бағасы автоматтандырылған жүйенің электрондық тізімдемесіне шыққан мерзімнен 24
сағаттан кешіктірілмей келесі жұмыс күні бойында беріле алады.
2. Білім алушы апелляциялық өтініш беру үшін, емтиханның жауап парағында
сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағандығы немесе сұрақтың пəннің оқу бағдарламасына сəйкес
емес екендігі туралы жазбаша қалдыруы керек. Ондай жазбасы жоқ жұмыстар бойынша
апелляцияға берілген өтініш комиссия тарапынан қарастырылмайды.
3. Мамандықтары емтихан алынатын пəнге сəйкес келетін оқытушылардан,
университет ректорының бұйрығымен, емтихан сессиясы мерзіміне тағайындалған
апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде апелляциялық өтінішті қарап, бағаны өзгерту немесе
өзгеріссіз қалдыру жайлы шешім қабылдайды жəне апелляциялық комиссия отырысының
хаттамасын толтырады.
4. Апелляциялық комиссия өз шешімін білім алушының жазбаша жұмысын
комиссиялық құрамда қарау жолымен шығарады. Апелляциялық комиссияның өзгертілген
бағасы университеттің оқу жəне инновациялық технологиялар жөіндегі проректоры
комиссия хаттамасын бекіткен соң күшіне енеді.
5.Егер апелляция нəтижесінде білім алушының жазбаша жұмысының бағасы емтиханда
қойылған бағадан да төмен деген шешім қабылданса, онда апелляциялық комиссия қойған
соңғы баға күшіне енеді жəне транскриптке енгізіледі, əрі GPA санау кезінде осы баға
ескеріледі.
6.Қанағаттанарлықсыз «F» баға алған білім алушы пəнді қайта оқып шығып, емтиханды
қайта тапсыруға өтініш бере алады. Қайта оқу жазғы семестр кезінде тек ақылы негізде ғана
жүзеге асырылады.
2.3.5 Емтихан тапсыру мерзімінің себепті негіздері
1. Егер білім алушы аралық бақылаулардан 50 балдан артық ұпай жинап, емтиханға
құжаттармен дəлелденген себепті жағдайға байланысты қатыса алмай қалса, онда оған қайта
тапсыруға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда білім алушы емтихан біткен соң 2 күннен асық
емес мерзімде себепті құжаттардың түпнұсқасын тіркей отырып факультет деканына өтініш
жазады.
2. Факультет деканы өтініш негізінде білім алушыға жеке емтихан кестесін өкім арқылы
бекітеді.
3. Осы кесте негізінде Офис регистратор автоматтандырылған жүйеде бағаны өзгерту
үшін емтихан парағын жасайды.
4. Білім алушы Офис регистратор қызметкерінің қатысуымен өткізілетін емтиханды
тапсырған соң, пəн оқытушысы тиісті бағасын қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |