Даму болжамы



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата19.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#21694
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

36 

тұрақтылығын  (жыл  сайынғы    қосымша  экспорттық  түсім  шамамен  300  млн. 

АҚШ доллары) арттырады; 

2025 жылға қарай өзара саудада экспорттық кедендік баждарды (баламалы 

маңызы  бар  басқа  да  баждарды,  салықтар  мен  алымдарды)  және  шектеулерді 

қолданбауды  көздейтін  газ,  мұнай  және  мұнай  өнімдерінің  ортақ  нарығы 

қалыптастырылатын  болады.  Одан  басқа,  ЕуразЭО-ға  мүше  мемлекеттердің  газ, 

мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қолжетімділік берілетін 

болады.  Болашақта  Қашаған  мен  Қарашығанақ  кен  орындары  игерілгенде  

республиканың экспорттық әлеуеті айтарлықтай артады. Осыған байланысты, газ, 

мұнай  және  мұнай  өнімдерін  тасымалдау  жүйелеріне  қол  жеткізу  бойынша 

уағдаластық Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы 

зор. 

Автомобиль көлігі саласында автокөліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ 



нарығын және ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттердің тасымалдаушыларына ЕуразЭО 

барлық 


аумағында 

қолжетілімділікті 

жеңілдетуді 

қалыптастыру  

2016 – 2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. 2025 жылдан бастап отандық 

тасымалдаушылардың өз паркін жаңғыртуынан кейін Қазақстан ырықтандыруды 

жүргізетін болады. 

Мүше  мемлекеттердің  инвестицияларды  жүзеге  асыру  және  қызмет  құру, 

қызметтер  саудасы  бостандығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  көрсетілетін 

қызметтердің  бірыңғай  нарығын  кезеңді  түрде  қалыптастырады.  Көрсетілетін 

қызметтердің  бірыңғай  нарығының  жұмыс  істеуі  ұсынылатын  қызметтердің 

ассортиментін  кеңейтуге  мүмкіндік  береді,  жаңа  технологияларды  жаңартуға 

және әр түрлi салаларға мамандарды тартуға ықпал етеді. 

Қазақстан  Республикасы  интеграциялық  бірлестіктермен  және  жекелеген 

елдермен  өзара  тиімді  ынтымақтастық  құру  бойынша  жұмысты  жалғастырады. 

ЕуразЭҚ  шеңберінде  өңірлік  интеграциялық  бірлестіктермен  ЕуразЭО 

халықаралық қатынастарын дамытудың базалық векторлары салынған. 

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты: 

– ДСҰ-ға  мүшелік  шеңберінде  Қазақстан  Республикасының  мүдделерін 

ұсыну және міндеттемелерді орындауға; 

– ЕурАзЭҚ және ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының мүшелігі шеңберінде 

интеграциялық  процестерді  ескере  отырып,  экономиканың  өзгермелі  жағдайлар 

шеңберінде шаралар қабылдауға; 

– ДСҰ шенберінде сауданы жеңілдетуге; 

– үшінші  елдермен  (Иран,  Израиль,  Сербия,  Сингапу,  Үндістан  және 

Мысыр)  еркін  сауда  туралы  келісімдер  жасасу  туралы  келіссөздер  бойынша 

жұмысты жалғастыруға; 

– Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  шеңберінде  еркін  сауда  режимін 

жетілдіруге және тереңдетуге; 

– Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен сауда-экономикалық 

ынтымақтастығының  басым  бағыттарын  айқындайтын  құжаттарды  әзірлеуге 

қатысуға; 




37 

– Дүниежүзілік  банктің  «Doing  business»  рейтингісіндегі  «Халықаралық 

сауда» индикаторын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруға; 

– кедендік-тарифтік,  тарифтік  емес  реттеу  шараларын  қолдану,  сондай-ақ 

отандық  өндірушілер  мен  тауар  тұтынушыларды  қолдау  мақсатында  демпингке 

қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолдану бойынша жұмыстар 

жүргізуге; 

– ЕуразЭО  шеңберінде  отандық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің 

кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін өзгерту жөніндегі ұсыныстарын келісу 

бойынша жұмысты жалғастыруға; 

– сыртқы  сауданы  реттеу  шараларын  қабылдау  және  қарау  жеделдігін 

арттыруға бағытталған ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған әлемдік сауда 

жүйесіне кірігу арқылы елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен ілгерілетудің 

тиімді және жедел жүйесін құру болады. 




38 

IV 2017 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму 

көрсеткіштерінің болжамы 

 

1. Экономикалық өсу факторлары 

Әлемдік  тауар  нарықтарында  мұнай  бағасының  қолайсыз  серпініне  және 

Қазақстанның  ірі  сауда  әріптесі  Ресейдегі  ағымдағы  жағымсыз  экономикалық 

ахуалға  байланысты  елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  өсудің  орташа 

қарқынымен сипатталатын болады. 

Орта мерзімді кезеңге контрциклды экономикалық саясаттың негізгі құралы 

болып  сыртқы  жағымсыз  факторлардың  әсерін  нивелирлеуді  және  сұранысты 

ұлғайту мен жұмыспен қамтуды сақтай келе, экономиканың сабақтас салаларына 

мультипликативті  әсерді  қамтамасыз  ететін  «Нұрлы  жол»  мемлекеттік 

бағдарламасының іске асырылуы табылады. 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының  шеңберінде  инвестициялық  ахуал, 

бәсекелес  орта  жақсартылып,  инновациялық  белсенділікті  ынталандырылатын 

болады, ол экономиканың өсуіне оң әсер ететін болады. 

Бұдан басқа, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 

2016 – 2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары, сондай-

ақ  экономикалық  өсуді  ынталандыру  және  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  ету 

жөніндегі  2016  –  2017  жылдарға  арналған  қосымша  шаралар  жоспары  іске 

асырылуда. 

2018  –  2022  жылдары  экономиканың  өсу  қарқыны  3,0-3,5%-ды  құрайтын 

болады. 


Қазақстан  экономикасы  әлемдік  экономика  өсуінің  қалыпты  қарқындары, 

біртіндеп  сұранысты  қалпына  келтіру,  сондай-ақ  шикізат  тауарларына  төмен 

бағаны  сақтау  аясында  дамитын  болады.  Сонымен  қатар  инфрақұрылым  мен 

халықтың  тұтынуына  мемлекеттік  инвестициялардың  ұлғаюы  есебінен  тұрақты 

және үдемелі экономикалық серпін күтілуде. 

1-кесте 


2017-2021 жылдарға арналған ЖІӨ құрамдауыштарының болжамды 

көрсеткіштері, өткен жылға қатысты %-бен 

Наименование 

2017 

2018 

2019 

2020 

2021 

2022 

Бағалау 

Болжам 

Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын 

шығыстар 

102,2 

102,7 

103,3 

103,5 

103,1 

103,3 

үй шаруашылықтары 

102,1 

102,9 


103,7 

103,9 


103,4 

103,3 


мемлекеттік басқару органдары 

102,8 


101,8 

101,7 


102,2 

102,3 


103,4 

үй шаруашылықтарына қызмет 

көрсететін коммерциялық емес 

ұйымдар 


102,1 

100,9 


101,2 

101,5 


101,6 

101,7 


Жалпы жинақ 

103,6 

104,3 

102,7 

103,3 

104,3 

104,6 

Тауарлар мен көрсетілетін 

қызметтердің таза экспорты 

101,7 

103,4 

101,9 

100,7 

100,9 

101,0 

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 

экспорты 

101,4 


101,5 

101,5 


102,2 

102,3 


102,6 

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 

101,4 

101,3 


101,5 

102,5 


102,6 

102,9 



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау