Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет27/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174

 
59
- бағдарламаға жаңадан енген материалдарды оқытудың тиімді жолдарын 
іздестіріп,  оны  әдістемелік  көмекші  құралдар  дайындау  арқылы  көпшілік 
пайдасына  ұсыну,  бағдарламалық  материалдардың  көпшілік  үшін  қиындық 
келтіретін тұстарының тиімді жолдарын іздестіру, ұсыныстар дайындау. 
-  сабақта  ынтымақтастық  педагогикасы  мен  жаңашылдар  идеясын 
практикаға  енгізу  технологиясынан  мұғалімдерге  әдістемелік  көмектер 
ұйымдастыру. 
- тереңдетіп оқыту әдістемесі. 
III.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушыларды  ұлттық  дәстүрлер 
негізінде тәрбиелеу. Бұл бағытта жұмыс істейтін топтың міндеттері мынадай: 
-  қазақ  тілі  мен  әдебиетіне  байланысты  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлерін 
өткізу  (Жас  термеші,  жас  әдебиетші,  жыршы,  жас  тілші,  мәнерлеп  оқу) 
іздестіру, тәжірибе жинақтау. 
-  бағдарламалық  материалдар  арқылы  ұлттық  дәстүрлер  негізінде 
тәрбиелеу мүмкіншіліктерін анықтау. [1]. 
Осы  бағыттар  бойынша  жұмыс  жасайтын  топтар  алдымен  өз 
тапсырмалары  бойынша  жан-жақты  зерттеулер  жүргізіп,  дайын  болған  
жұмыстарын  облыстық  бөлімше  мүшелерінің  талқысына  салады.  Облыстық 
бөлімшеде  жақсы  баға  алған  жұмыстар  республикалық  атаулы  мектептің 
отырысына ұсынылады. 
Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  он  бес  жыл  көлемінде  көптеген 
жұмыстар  тындырылды.  Сөйтіп,  Айтқалиев  атаулы  мектебі  қазақ  педагогика, 
әдістеме  саласында  өзіндік  орын  алды.  Ондаған  мұғалімдердің  кәсіби 
шеберліктерін  шыңдады.  Оның  жұмысы  туралы  Қазақ  Білім  академиясының 
президенті  Ө.Озғанбаев  былай  деп  жазды:  «Қ.Айтқалиев  басшылығымен 
атаулы  мектеп  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарын  білім  жүйесінің  жаңа  даму 
бағытын  ізгілендіріп,  оқыту  мәселесі  бойынша  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп, 
республикамыздың  жаңа  ұлттық  мектебінің  моделін  құруға  тынбай  үлес 
қосты.» [2].  
Осы 
жылдарда 
Г.Назарғалиева, 
Г.Құрманбаева, 
С.Дүйсенбаев, 
Е.Күзенбаев,  Ж.Нағыметова  5-9-сыныптар  үшін  шығарылған  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  пәндері  бойынша  жаңа  буын  оқулықтарының  авторлары  болды. 
Г.Әкімғалиева  «Қазақ  тілінен  5-9-сыныптарға  тест  тапсырма»,  А.Макеев  пен 
Н.Шолтыров  «Жат  жазу»,  М.Аташев  «Диктанттар  жинағы»,  Ғ.Жексемалиев 
«Диктанттар  жинағы»,  Г.Охина  «Әдістемелік  құрал»,  Х.Машаев  «5-9 
сыныптарға  арналған  диктанттар  жинағы»  кітаптары  жарық  көрді.  Қ.Бітібаева, 
К.Елікбаев,  Т.Елғондиева,  А.Піриев,  Т.Ердаулетов,  Ж.Кәрімова  филология, 
педагогика ғылымдары бойынша кандидаттық дәрежесі диссертацияларын сәтті 
қорғады.  Осы  атаулы  мектептегі  жемісті  еңбектері  үшін  Н.Ердаулетов  және 
К.Елікбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері атағымен марапатталды. 
Осы  мектептің  алғашқы  мүшелерінің  бірі  Көшкінбай  Елікбаев  Құсиын 
Айтқалиевтың  басшылығымен  «Мазмұндама  мәтіндері»,  «Одағайды  оқыту 
жолдары» жинақтарын шығарды. Сонымен қатар, «Б.Майлин шығармашылығы 
сабақта»,  «Д.Бабатайұлы  поэзиясын  оқыту  жүйесі»,  «Мектепте  ақтаңдаққа 


 
60
ұшыраған  ақын–жазушылардың  шығармаларын  оқытудың  келелі  мәселелері» 
тақырыптарына әдістемелік жинақтар дайындады. [3: 18].    
Атаулы  мектеп  мүшелері  өз  тәжірибелерін  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 
журналына үзбей жариялаумен қатар, ғылыми-практикалық конференцияларға, 
әдістемелік-іскерлік семинарларға белсене қатысып келеді.  
Республикада  алғаш  өткен  «Жыл  мұғалімі»  байқауының  жүлдегері 
атаулы  мектептің  мүшесі  Дәулетова  Роза  еді.  Баршагүл  Аубекерова  өз 
баяндамасымен  2000  жылы  Алматы  қаласында  өткен  республикалық  I 
педагогикалық  оқуға  қатысып,  білім  министрлігінің  арнайы  дипломымен 
марапатталды.  Республикалық  II  педагогикалық  оқуға  атаулы  мектептің 
атыраулық  мүшесі  А.Баймұқанова  қатысып,  баяндамасы  жоғары  бағаланып, 
республикалық  «Қазақ  әдебиетін  мектепте,  ЖОО-да  оқыту»  журналында 
жарияланды.  С.Рамазанов  «Жай  сөйлем  түрлерін  ірі  блокпен  оқыту  жолдары» 
сабағымен республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытудың  проблемалары»  атты 
республикалық семинарда бірнеше атаулы мектеп мүшелері өз ойларын ортаға 
салды.  Олардың  ішінде  А.Макеев  «Қазақ  тілі  оқулықтары,  оны  жетілдіру 
жолдары»,  З.Жолдасова  «Әдебиет  сабағында  сто  (оқу  мен  жазу  арқылы  сын 
тұрғысынан 
ойлауды 
дамыту) 
бағдарламасын 
қолдану 
тәжірибесі», 
Р.Жолдасова  «Пікірсайыс  сабағы  арқылы  ұжымдық  ойлау 
қабілетін 
қалыптастыру» баяндамалары әріптестер көңілінен шықты. [4: 20].   
Ежелгі грек ойшылы Дюген «Менде кез-келген кісінің маңдайына жазыла 
бермейтін  қос  бірдей  қазына  бар.  Бірі  -  қаламымнан  туып  жатқан  кітаптарым, 
екіншісі  -  өзімнен  білім  алып,  білім  әлеміне  қанаттанып  жатқан  шәкірттерім» 
деген екен. 
Осындай  қос  қазына  иесі,  еліміздің  ардақты  азаматы,  Халық  мұғалімі, 
дарынды ұстаз Құсиын Айтқалиевтың дайындаған әдістемелік құралдары, тәлім 
берген шәкірттері Қазақстан педагогикасының дамуына өз үлестерін қосуда. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Қ.Айтқалиұлы «Жеке мұрағат құжаттары». 
2.  «Қазақстан мұғалімі», 16.05.2001. 
3. Б.Ө.Аубекерова  «Болашақтың  жарқын  бастауы»  Атырау  «жетекшілік 
ету-жас ұстаздардың кәсіптік қалыптасу факторы» республикалық әдістемелік –
іскерлік семинар материалдары. 
4. К.Елікбаев  «Ұстаздардың  ұстазы»  Атырау  «жетекшілік  ету-жас 
ұстаздардың кәсіптік қалыптасу факторы» республикалық әдістемелік –іскерлік 
семинар материалдары. 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау