Үшінші аспект класс ҧғымын қайта қарастырумен байланысты.
ОБДҚ контексінде класты осы тҥрдегі объектілер жиынтығы ретінде
қарау, яғни, сонымен бірге объектілердің типі мен кластардың
тҧжырымдамаларын қолдау ыңғайлы.
14.2.
Объектілі-бағытталған деректердің модельдері
Алғашқы нысандандырылған жəне көпшілік мақҧлдаған деректер
моделі Кодд реляциялық моделі болды. Алдыңғы модельдерде
болғандай, бҧл модельде де келесідей ҥш аспект бөлінді: қҧрылымдық,
тҧтас жəне манипуляциялық. Реляциялық модельдегі деректер
қҧрылымдары жазық қалыпқа келтірілген қатынастарға негізделеді,
тҧтастық шектеулер бірінші реттік логиканы қолдану арқылы
анықталады, деректерді өңдеу реляциялық алгебра немесе оған
теңестірілген есептеме негізінде жҥзеге асырылады. Көп жағдайларда
реляциялық деректер моделінің сəтті болуы – оның реляциялық
алгебраның қатаң математикалық аппараттарына жəне теориялар
жиынтығына негізделгендігіне байланысты.
Деректерді объектілі-бағытталған тəсілмен модельдеудің басты
мəселелері жалпы объектілі-бағытталған деректер моделі негізделетін
арнайы математикалық аппараттың жоқ болуымен байланысты.
Объектілердегі деректерді басқару əдістерін əзірлеу, дəстҥрлі емес
міндеттерді бағдарламалау процесі секілді, «бағдарламалау өнері»
болып қала береді.
Әдістер
жалпыға ортақ (басқа кластардың объектілерінен
қолжетімді) немесе
жеке (тек осы класта ғана қолжетімді) болуы
мҥмкін.
Мəселен, объектілі-бағытталған деректер қорын басқару жҥйесі
дегеніміз – бҧл бағдарламалау жҥйесімен ДҚБЖ-нің бірігуін білдіреді
жəне ол объектілі-бағытталған деректер моделіне негізделген.
ОБДҚ-ның негізгі мақсаты – бірыңғай ақпараттық кеңістікті қҧру
қажеттілігіне байланысты.
Бҧл ортада жобаның қҧрылымдық жəне қылық бөліктері арасында
ешқандай қайшылық болмауы керек жəне сыртқы жадтағы кҥрделі
деректер қҧрылымдарын тиімді басқару керек.
Қосымшаны жасаған кезде дəстҥрлі реляциялық жҥйелерден
айырмашылығы, мҧнда скалярлық мəндермен жҧмыс істеуге
бағытталған процедуралық бағдарламалау тілін жəне жиынтықтармен
жҧмыс істеуге бағытталған декларативті сҧраныс тілін қолдануға
тиіспіз, ОБДҚ тілдік ортасы – табиғи тҥрде қамтылатын объектілі-
бағытталған бағдарламалау жҥйесі, ҧзақ мерзімді объектілермен
жҧмыс істеу қҧралы.
Бағдарламалау тілінде дерекқорлармен жҧмыс істеу қҧралдарын
табиғи тҥрде қосу ҧзақ мерзімді (сыртқы ДҚ-да сақталатын)
объектілермен жасалатын жҧмыс бағдарламада болған уақытша
объектілермен
жҧмыс
істейтін
синтаксистік
қҧрылымдардың
(семантикасы бірдей) негізінде жасалуы керек дегенді білдіреді.
ОБДҚ-ның бҧл аспектісі деректер қорын бағдарламалау тілдеріне
жақын бағыт болып табылады. ОБДҚ жəне ДҚ бағдарламалау тілдері
өздерінің көптеген сипаттары бойынша тек терминология тҧрғысынан
ғана ерекшеленеді; басты айырмашылық – ОБДҚ тілдеріндегі кластық
мҧрагерлік тəсілінің сақталуы.
ОБДҚ тілдік ортасының тағы бір аспектісі интерактивті тҥрде
қолданылуы мҥмкін сҧраныс тілдеріне деген қажеттілік. Егер ОБДҚ
бағдарламалау тілдерінде сыртқы ДҚ объектілеріне қатынасу негізінен
навигациялық тҧрпатта болса, онда сҧраныс тілдері декларативті стиль
ҥшін ыңғайлы болады. Өздеріңіз білетіндей, декларативті сҧраныс
тілдері бағдарламалау тілдеріне қарағанда аз дамыған.
14.3.
Объектілі-бағытталған деректер қорының
бағдарламалау тілдері
Қазіргі таңда, нөлден бастап жаңадан ойластырылған ОБДҚ
бағдарламалау тілі жоқ. Мҧндай тілді қҧрудың нақты тəсілі ретінде
қолданыстағы объектілі-бағытталған тілді қолданылу (қажетті
кеңейтумен) қарастырылды.
Бағдарламалауға объектілі-бағытталған жəне функционалдық
тəсілдерді енгізуді жҥзеге асырған алғашқы тілдердің бірі – Лисп тілі
(Common Lisp) болды.
Неғҧрлым тиімді іске асыру қажеттілігі объектілі-бағытталған
тілдің негізі ретінде BASIC (BASIC) жəне C ++ танымал
бағдарламалау
тілдерін қолдануға итермеледі.
Объектілі-бағытталған ДҚБЖ-сінде ОБДҚ бағдарламалау тілін
(немесе тілдер тобын) ғана емес, сонымен қатар дамыған сҧрау тілін
қолдау қажеттілігін қазіргі таңда барлық дерлік əзірлеушілер
мойындап отыр. Жҥйе интерактивті режимде тҥпкі пайдаланушысына
тікелей қол жеткізуге болатын жеңіл оқу интерфейсін қолдауы керек.
Объектілі-бағытталған
дерекқор
жҥйелерімен
интерактивті
интерфейстерді
ҧйымдастырудағы
ең
кең
таралған
тəсіл
аралаушыларды қолдануға негізделеді. Бҧл жағдайда соңғы интерфейс
əдетте графикалық болып табылады. Экран ОБДҚ сҧлбасын (немесе
ішкі сҧлбаны) көрсетеді жəне пайдаланушы навигациялар арқылы
объектілерді көре алады. Кейбір зерттеушілер бҧл жағдайда
объектілерді инкапсуляциялау принципін елемеуге жəне объектілердің
интерьерін пайдаланушыға ҧсынуға болады деп санайды.