Э. В. Фуфаев, Д. Э. Фуфаев



жүктеу 10,13 Mb.
Pdf просмотр
бет76/93
Дата19.11.2018
өлшемі10,13 Mb.
#21568
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93

1.  Триггер дегеніміз не? 
2.  Транзакция дегеніміз не? 
3.  Oracle ДҚ физикалық деңгейі файлдардың қандай санаттарын 
қҧрайды? 
4.  Деректер сөздігі қандай кестелі кеңістікте сақталады? 
5.  Сегмент, экстент жəне деректер блогы арасындағы 
айырмашылық қандай?  
6.  Oracle данасының негізгі элементтері қандай? 


 
 
 
I V
Б Ө Л І М  
ПОСТРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ  
13 Тарау 
КЕҢЕЙТІЛГЕН РЕЛЯЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬГЕ БЕЙІМДЕЛУ 
13.1. 
Реляциялық деректер қорын жетілдірудің басты 
бағыттары 
Постреляциялық  деректер  қоры  деп  аталатын  басқару  жҥйелерін 
зерттеу жəне əзірлеу саласындағы басты бағыттарды қарастырайық.  
ДҚБЖ-нің  келесі  буынын  дамыту  саласындағы  басты  ҥш  бағытты 
атап өтуге болады.  
Бірінші  бағыт  ДҚБЖ-нің  ағымдағы  реляциялық  басқару  жəне 
ҧйымдастыру  технологияларын  барынша  қолдана  отырып,  сыртқы 
жадты басқару жҥйелерін əрі қарай жетілдіруге негізделген.  
Екінші бағыт интерфейстері стандартталған модульдер жиынтығы 
тҥріндегі генераторларды басқару жҥйесін əзірлеуді қамтиды.  
Үшінші бағытты, негізінде, алғашқы екі бағыттың синтезі десек те 
болады.  ДҚБЖ  қандай  да  бір  ережелер  жҥйесі  мен  сол  ережелерге 
сəйкес жасалатын модуль-əрекеттердің жиынтығының интерпретаторы 
болып  табылады.  Мҧндай  жҥйелер  ҥшін  ережелерді  қалыптастырушы 
арнайы тілдер əзірленеді.  
ДҚБЖ-нің  келесі  буынын  реляциялық  жҥйелердің  тікелей 
ҧрпақтары  десе  де  болады.  Соған  қарамастан,  ҥшінші  буын 
жҥйелерінің  тҥрлі  бағыттарын  жеке-жеке  қарастырып  өткен  абзал, 
себебі олардың əрқайсысының сипаттамалары əр тҥрлі.  
Реляциялық  деректер  моделінің  басты  ережелерінің  бірі  – 
қатынастарды  қалыптандыру  талабы.  Бҧл  ДҚ-ның  қҧрылымын 
ҧғынықты  етуге,  əрі  компьютер  жадының  едəуір  ресурстарын 
ҥнемдеуге  мҥмкіндік  береді.  Бҧл  ретте,  ақпараттың  жинақылығын 
қамтамасыз  ету  ҥшін,  соған  сəйкес  кестелер  арасындағы  байланыстар 
қолданылады.  
Дегенмен,  реляциялық  ДҚБЖ  бизнес  саласындағы  басқару 
міндеттері ҥшін ғана емес, сондай-ақ өнеркəсіптік өндіріс саласында да 
(CALS-технологиялар)  қолданыла  бастады.  Реляциялық  деректер 
қорын  пайдалану  –  технологиялық  ҥдерістерді  жобалаудың 
автоматтандырылған  жҥйесін  əзірлеуге,  эксперттік  жҥйелерді 
басқаруға 


жəне  өзге  де  басқару  міндеттері  мен  өндірістің  техникалық 
дайындығын əзірлеуге өте тиімді  
Әдетте,  мҧндай  жҥйелер  қҧрылымы  кҥрделі  объектілерді  – 
логикалық  байланысқан  қандай  да  бір  кестелер  жиынтығын 
пайдаланады,  олардың  ақпараттарын  талдау  ҥшін,  оның  ҥстіне  тиімді 
техникалық шешімдерді пайдалану ҥшін кҥрделі сҧраныстар жҥргізуге 
тура келеді.   
Реляциялық  ДҚ-ны  пайдаланудың  аталмыш  міндеттеріне  сəйкес, 
оларды  дамытудың  басты  бағыты  пайда  болды.  Бҧл  бағыттың  мəні 
деректер  қорын  басқару  жҥйелерінде  кҥрделі  объектілердің 
қалыптасуына  сҥйенеді,  яғни  мҧндай  объектілер  ДҚ-ның  бастапқы 
кестелерімен қатар, соған сəйкес сҧраныстарды да қамтиды.   
Сонымен  қатар,  мҧндай  объектілердің  логикалық  жəне  физикалық 
көрінісінің  арасында  нақты  шекара  сақталады.  Әсіресе,  əр  кҥрделі 
объектіні  (кез  келген  кҥрделілік  деңгейіндегі)  біртҧтас  қалпында 
деректер  қорының  бір  бөлігінен  екінші  бөлігіне  немесе  тіпті  басқа 
деректер қорына тасымалдауға немесе көшіруге болады.  
Бҧл  зерттеу  саласының  ауқымы  өте  кең,  онда  деректер  моделін, 
оның  қҧрылымын,  сҧраныстар  мен  басқару  транзакцияларының, 
журнализацияның тілдерін əзірлеу мəселелері қозғалады.  
Бҧл  –  ДҚБЖ  əзірлеудің  жаңа  бағыты,  ол  реляциялық  модельге 
сҥйенсе  де,  онда  қатынастарды  қалыптандырудың  толық  талаптары 
қамтылмайтын кездер де болады.  
Әр  тҥрлі  мəселелерді,  əсіресе  CALS-технологиялары  бағытындағы 
мəселелерді  шешуге  реляциялық  тəсілді  қолдану  саласы  кеңейген 
сайын, ДҚ кестелерін қалыптандыру принципін қолдану жəне əр тҥрлі 
сҧраныстарды  орындау  кезіндегі  жекелеген  транзакциялар  мен 
рəсімдерді  жасау  –  деректер  қорын  ҧйымдастырушы  бірыңғайланған 
сҧлбаның 
барлық 
артықшылықтарын 
«жоққа 
шығаратыны» 
анықталды.   
Нормаланбаған  реляциялық  деректер  модельдерінде  объект 
(жҥйенің  бастапқы  элементі)  ретінде  тҧрақты  қарапайым  деректер 
жиыны  мен  қатынастарының  кортеждері  (жазбаларды)  мен 
массивтерінің  (тҧрақты  индекстелген  деректер  жиыны)  жасалуы  мен 
сақталуына рҧқсат етіледі. Сондай-ақ, мҧндай тіркемелер шексіз болуы 
мҥмкін.  
Мҧндай кҥрделі объектілер қҧрылатын деректер қорын басқаратын 
жҥйелерді объектілі-бағытталған деректер қоры (ОБДҚ) деп атайды.  
Мҧндай  жҥйелердің  аталмыш  объектілерді  əзірлеп,  басқаруға 
қажетті бағдарламалау тілдерін қамтуы керектігі анық. Сонымен қатар, 
олар  əр  тҥрлі  деректерді,  оның  ішінде  пайдаланушылар  қҧратын 
деректерді өңдеу керек.  
1995  жылы  Sun  Microsystems  компаниясы  жаңа  өнімнің  – 
интерпретаторлар тобының Java атты тілінің шығарылғанын мəлімдеді. 
 


Java  тілі  Си++  тілінің  кеңейтілген  қосалқы  жиыны  болып  есептеледі. 
Бҧл  тілдің  өзгешелігі  оның  операторлар  бойынша  интерпретация-
ланатынында  (Basic  тілінің  стилінде),  ал  Java  тілінде  жазылған 
бағдамаларының  қауіпсіздігі  кепілдендірілген  (мəселен,  кез  келген 
бағдарламаны  орындау  барысында  интерпретаторға  зақым  келмейді). 
Ол  ҥшін,  көбіне,  тіл  рəсімдерінің  ішінен  сілтемелер  ҥстіндегі 
математикалық  əрекеттер  алынып  тасталады.  Сондай-ақ,  Java 
қҧрамында абстрактілі деректер тҥрін анықтайтын озық қҧралдары бар, 
қуатты  объектілі-бағытталған  тіл  болып  табылады.  Sun  Microsystems 
компаниясы Java тілін ―ғаламдық тор‖ (World Wide Web) – Интернеттің 
қызмет көрсету мҥмкіндіктерін кеңейту мақсатында дамытуда. Ондағы 
басты идея – WWW серверінен клиенттерге деректер немесе деректерді 
өңдеу нəтижелері емес, Java тілінде бағдарламаланатын жəне клиенттің 
тарапында 
орындалатын 
объектілердің 
орындалу 
əдістері 
берілетіндігін қамтиды.  
13.2. 
Қосымшаларға бағытталған деректер қоры 
жҥйелерінің генерациясы 
ДҚБЖ  дамуы  барысында  аталмыш  бағыттың  пайда  болуы  –  кез 
келген  қосымшада  қолдануға  жеткілікті  əрі  артық  болатын  деректер 
қорын  басқаратын  бірегей  жҥйені  жасап  шығару  мҥмкін  еместігімен 
анықталады.  Мəселен,  өндіріс  пен  кəсіпкерліктегі  практикалық 
міндеттерді  шешу  ҥшін  қолданылып  жҥрген  қазіргі  ДҚБЖ-лердің 
қолданысына  ҥңілетін  болсақ,  көп  жағдайда  жҥйе  мҥмкіншіліктерінің 
30%-ы  ғана  қолданылатынына  көзіміз  жетеді.  Соған  қарамастан,  кең 
таралған жағдайларда қолдануға есептелген қосымша ДҚБЖ-сінің бар 
ауыртпалығын қосымшаның өзі көтеретіндігі рас.  
Сондықтан, аяқталмаған бірегей ДҚБЖ өндіргеннен гөрі, нақты бір 
қосымшаға  (немесе  қосымшалар  класына)  бағытталған  деректер 
қорының  жҥйесін  жинауға  мҥмкіндік  беретін  Compiler  compiler) 
компиляторларын жасап шығарудың болашағы əлдеқайда зор секілді.  
Осылайша,  жол  жҥру  билеттерін  резервте  сақтау  жҥйелеріндегі 
сҧраныстар,  əдетте,  өте  қарапайым  болады  (мəселен:  ―№645  рейсіне 
кезекті  орынды  беру‖),  сондықтан  сҧраныстарды  ауқымды  тҥрде 
жетілдірудің  қажеті  жоқ.  Алайда  деректер  қорында  сақталатын 
ақпараттың  кейде  шиеленісіп  кететіндігі  соншалық  (бір  орынға  екі 
немесе одан да көп билет болатын жағдайлар кімнің басынан өтпеді?), 
деректер қорының жаңартуларын синхрондау жəне оны кез келген ақау 
немесе істен шығудан кейін қалпына келтірудің кепілдігі аса маңызды.  
Статистикалық  жҥйелерде  сҧраныстар  кҥрделі  болуы  мҥмкін 
(мəселен: ―Ресей аумағында тҧратын жəне тіркелген балаларының саны 
ҥштен  аспайтын  бойдақ  ер  адамдардың  санын  шығару‖),  сондықтан 
мҧндай  жағдайлар  сҧраныстарды  жетілдірудің  озық  қҧралдарын 
қолдану қажеттілігін туғызады. 


жүктеу 10,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау