232
Алматы
БОКСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. БОКС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мамандану курсының міндеттері. Бокс бойынша маманданушы студенттер оқитын
спорттық пәндер циклінің мазмұны. Бағдаламалардың жылдық мазмұны: оқыту жылдары
бойынша қойылатын сынақ талаптары.
1.1 Бокс спортының маңызы, оның дене тәрбиесі жүйесіндегі орны мен міндеттері,
қолданбалы мәні. Бокстың ұйымдастырушылық құрылымы және оны басқару. ҚР ауыр бокс
федерациясы, оның міндеттері, құрылымы және ұйымдастыру жұмыстары.
Республикалық жаттықтырушылар және төрешілер алқасы.. ҚР бокс федерациясының
халықаралық байланыстары.
1.2 Халықаралық қызығушылық бокс ассоциациясы (АИБА, FFBA), ондағы Қазақстан
бокс спортының ресми өкілдерінің жұмысы. Қалалардағы және аудандардағы бокс
үйірмелері. Жаттықтырушы мамандандарды даярлау.
2 МОДУЛЬ. БОКСТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2.1 Бокстың спорт түрі ретінде қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі, Ресейдегі және
Қазақстандағы бокстың дамуы. Қазақстан боксшыларының Азия, Әлем біріншіліктеріндегі,
Олимпиадалық ойындарындағы жетістіктері. Қазақстан боксшыларының спорттық
көрсеткіштерінің бүгінгі күндегі деңгейі. Әйелдер боксының дамуы.
2.2 Бокс дамуының қазіргі кезеңдегі көкейкескі мәселелері. ҚР бокс дамуы жайлы
мағлұматтар. Боксты дамыту мәселесі бойынша қазіргі кезеңдегі және алдыңғы жылдардағы
ғылыми зерттеулердің салыстырмалы сараптамасы. Боксты дамыту мәселесі бойынша
ғылыми зерттеулеріне шолу жүргізу. Бокстың техникасы мен тактикасындағы, жаттықтыру
әдістері мен құрал-жабдықтарындағы жаңашылдықтар. Қазақстан боксшыларының
халықаралық деңгейдегі жарыстардағы жетістіктерінің сараптамасы. ҚР боксты ары қарай
дамыту бойынша алға қойылған кезекті міндеттер.
3 МОДУЛЬ. БОКСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
3.1 «Жіктеме», «жүйеге келтіру», «терминология» деген ұғымдардың анықтамасы.
Қазіргі кездегі бокста қолданылатын негізгі терминдер.
3.2 Боксшыларды жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және спорттық
біліктіліктеріне қарай топтастыру. Бокс техникасы негіздерінің жіктемесі: соққылар,
қорғаныстар, қарсы соққылар.
4 МОДУЛЬ. БОКС ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН
233
ОҚЫТУ
4.1 Бокс техникасы туралы шабуылдау мен қорғанудан тұратын тәсілдер жиынтығы
ретінде жалпы түсінік. Бокс техникасының анықтамасы. Техника – боксшының қозғалыс
жүйесі ретінде. Бокс техникасын топтастыру: негізгі тұрыс, соққылар, қорғаныстар,
қозғалыстар және ұрыстың арақашықтығы, ұтымдылықтың көрсеткіштері, техниканың
тұрақтылығы, оның өзіндік ерекшеліктері. Әртүрлі арақашықтықта қарсы соққылар беру,
жалған қимылдар жасау. Үйлесімді әрекеттердің техникасы. Солақай боксшы техникасының
ерекшелігі және онымен ұрыс жүргізу.
4.2 Бокс тактикасы туралы жалпы түсініктер. Тактика – рингте ұрыс жүргізу шеберлігі
ретінде. Тактиканың жеңіске жетудегі орны. Ұрысты жоспарлау. Тактика элементтері: барлау,
шешім қабылдау және оны орындау, қолайсыз жағдайлардан сақтану. Рингтегі татиканың
сипаттамасы. Ұрыс кезіндегі тактикалық жағдайлар. Боксшының тактикалық ойлануы және
оның құрамдас бөлімдері: ақпаратты жылдам қабылдап, сараптап, қарсыласының әрекетін
алдын-ала сезу, тактикалық шешімдердің тиімді жолдарын қарастыру.
4.3 Бокстағы техника және тактиканы үйретудің әдістемелік негіздері. Жарыс
алдындағы оқу-жаттығу жиындары мен жұмыстарын өткізу. Бокстағы дайындық түрлері,
оларды жоспарлау, іріктеу және қадағалау.
5 МОДУЛЬ. ЖАРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ. ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ
ЖАБДЫҚТАРЫ
5.1 Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бокс ережелерінің даму кезеңдері. Жарыстың
түрлері мен сипаттамасы. Жеңімпаздарды анықтау. Төрешілердің жарыс кезіндегі қызметтері.
Жас боксшылар арасында өткізілетін жарыс ережелері.
5.2 Жарыс түрлері: жасына және спорт түрлеріне қарай қатысушыларды топтастыру.
Жарысқа қатыстыру. Қатысушылар туралы мәлімдеме беру, олардың дәрігерлік-бақылау
құжаты. Жарысқа қатысушылар көмекшісінің, топбасының, команда өкілінің міндеттері мен
құқықтары. Төрешінің іс-әрекеттері, оның қимылдары және бұйрықтары. Төрешілердің
рингтен тысқары бағалама критерилері, жастар арасындағы жарыс ережелерінің
ерекшеліктері. Бокстан жарыстар өткізу ережелері.
5.3 Боксшының киім үлгісі және бокста қолданылатын жабдықтар.
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
1 Филимонов, В.И. Теория и методика бокса.- М., 2006
2 Касымбеков, М.А. Методика преподавания бокса.- Алматы, 2014
3 Ашляев К.С. Бокс: Наука побеждать.- Алматы, 2011
4 Бараев, Х.А. Бокс.- Алматы, 2009
5 Бараев, Х.А. Бокс: Психологическая подготовка боксера.- Алматы, 2009
6 Бокс: Чувство дистанции и особенности технико-тактической подготовки.- Алматы,
2005
7 Бокс: Ближний бой.- Алматы, 2003
8 Бокс: Тактическая подготовка боксеров.- Алматы, 2003
Қосымша әдебиет:
1
Боксер, О.Я.. Психорегулирующие оздоровительные технологии и тренажеры в
физической культуре.- М., 2002
2
Габдулов, Э.Х.. Бокс.- Алматы, 2011
3
Бокс: Особенности обучения ближнего боя.- Алматы, 2005
Ғаламтор көздері:
1.
www.imac-olimp.ru
2.
www.koob.ru
3.
www.sovsportizdar.ru