218
Алматы
АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мамандану курсының міндеттері. Ауыр атлетика бойынша маманданушы студенттер
оқитын спорттық пәндер циклінің мазмұны. Бағдаламалардың жылдық мазмұны: оқыту
жылдары бойынша қойылатын сынақ талаптары.
1.1 Ауыр атлетиканың маңызы, оның дене тәрбиесі жүйесіндегі орны мен міндеттері,
ауыр атлетиканың қолданбалы мәні. Ауыр атлетиканың ұйымдастырушылық құрылымы және
оны басқару. ҚР ауыр атлетика федерациясы, оның міндеттері, құрылымы және ұйымдастыру
жұмыстары.
Республикалық жаттықтырушылар және төрешілер алқасы. ҚР ауыр атлетика
федерациясының халықаралық байланыстары.
1.2 Халықаралық ауыр атлетика ассоциациясы, ондағы Қазақстан ауыр атлеттері ресми
өкілдерінің жұмысы. Қалалардағы және аудандардағы ауыр атлетика үйірмелері.
Жаттықтырушы мамандандарды даярлау.
2 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2.1 Ауыр атлетиканың спорт түрі ретінде қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі, Ресейдегі және
Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуы. Қазақстан ауыр атлеттерінің Азия, Әлем
біріншіліктеріндегі, Олимпиадалық ойындарындағы жетістіктері. Қазақстан ауыр
атлеттерінің спорттық көрсеткіштерінің бүгінгі күнгі деңгейі. Әйелдер ауыр атлетикасының
қалыптасуы мен дамуы.
2.2 Ауыр атлетика дамуының заманауи көкейкескі мәселелері. ҚР ауыр атлетика дамуы
жайлы мағлұматтар. Ауыр атлетиканы дамыту мәселесі бойынша ғылыми зерттеулеріне
шолу жүргізу. Ауыр атлетиканың техникасы мен тактикасындағы, жаттықтыру әдістері мен
құрал-жабдықтарындағы жаңашылдықтар. Қазақстан ауыр атлеттерінің халықаралық
деңгейдегі жарыстардағы жетістіктерінің сараптамасы. ҚР ауыр атлетиканы ары қарай
дамыту бойынша алға қойылған кезекті міндеттер.
3 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
«Жіктеме», «жүйеге келтіру», «терминология» деген ұғымдардың анықтамасы. Ауыр
атлеттерді жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және спорттық біліктіліктеріне қарай
топтастыру. Классикалық жаттығулар техникасы. Ауыр атлетикадағы заманауи
қолданыстағы негізгі терминдер.
4 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫ
219
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ
4.1 Ауыр атлетикада әдіс-тәсілдерді орындау амалдары туралы жалпы түсінік. Ауыр
атлетика жаттығуларын орындау шапшаңдығы. Зілтемірді ұстау мен көтеру тәсілдері.
Ауырлықты көтеру кезіндегі спортшы тұлғасының күйі. Әртүрлі дене күйлеріндегі
штангімен жаттығулар орындау.
Классикалық жұлқу. Жұлқу. Отыру. Ауырлықты жұлқып көтерудегі соңғы әрекет. ...
Классикалық серпе көтеру. Серпе көтерудің қимыл құрылымы. Кеудеге көтеру. Кеудеден
серпе көтерудің негізгі түрлері. Кеудеден көтерудегі соңғы әрекет. Ауыр атлеттердің
техникалық шеберлігін обьективті тіркеу әдістері.
4.2 Жарыстағы тактика. Жарысқа қатысу үшін тәсілдік жоспарды қарастыру және
дайындау. Жарысқа қатысу үшін жаттығуларды келісілген жоспармен ұйымдастыру. Әдіс-
тәсілдік дайындық шараларын дер кезінде және жарыс алдында ұйымдастыру.
Қарсыласының жаттығу кезіндегі, жарыстағы жұлқу және серпе көтеру көрсеткіштері
туралы ақпараттар жинау. Жарыс алдында салмақ өлшеу кезіндегі тәсілдік болжамдар.
Ауырлықты көтерердегі салмақ қосу есебін білу. Даярлық түрлері: теориялық, техникалық-
тактикалық, денелік, психологиялық. Ауыр атлетикалық жаттығулардағы дене жүктемесі.
Осы спорт түрі бойынша оқу-жаттығу жиындары мен жұмыстарын өткізу.
4.3 Ауыр атлетиканың техникасы мен тактикасын үйретудің әдістемелік негіздері.
Жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Ауыр атлетикадағы даярлық түрлері,
оларды жоспарлау, іріктеу және қадағалау.
5 МОДУЛЬ. ЖАРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ. ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАРЫ
5.1 Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ауыр атлетика ережелерінің даму кезеңдері.
Жарыстың түрлері мен сипаттамасы. Жеңімпаздарды анықтау. Төрешілердің жарыс кезіндегі
қызметтері. Жас ауыр атлеттер арасында өткізілетін жарыс ережелері.
5.2 Жарыс түрлері: жасына және спорт түрлеріне қарай қатысушыларды топтастыру.
Жарысқа қатыстыру. Қатысушылар туралы мәлімдеме беру, олардың дәрігерлік-бақылау
құжаты. Жарысқа қатысушылар көмекшісінің, топбасының, команда өкілінің міндеттері мен
құқықтары. Төрешінің іс-әрекеттері, оның қимылдары және бұйрықтары. Төрешілердің
рингтен тысқары бағалама критерилері, жастар арасындағы жарыс ережелерінің
ерекшеліктері. Ауыр атлетикадан жарыстар өткізу ережелері.
5.3 Ауыр атлеттердің киім үлгісі және ауыр атлетикада қолданылатын құрал-жабдықтар.
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
1 Верхошанский Ю.В. Основы специальной силовой подготовки в спорте. –М.: ФиС,
1977.
2 Воробьев А.Н. Тяжелая атлетика. – М: ФиС, 1988
3 Дворкин Л.С. Тяжелая атлетика. – М.:
Советский спорт, 2005.
4 Кириенко Н. Эффект силовой подготовки «Спорт за рубежом» 1986 - № 13. –С. 10-11;
№ 14.- С 12-14.
5 Мустафин С.К. Тяжелая атлетика.- Алматы: «Бастау», 2000.- 210 с
Қосымша әдебиет:
1. Пустовойт В.Г. Гантельная гимнастика. – М.: «Фис», 1965.
2. Тенно Г, Сорокин Ю.К. Атлетизм – М: «Молодая гвардия», 1968.
3. Э. Туркилери, И.П. Сивохин. Программа многолетней подготовки тяжелотлетов.
Костанай – 2005.
Ғаламтор көздері:
1
www.fizkult-ura.ru
2
www.forum.steelfactor.ru