89
мен медициналық қызметкерлердің бірлесе жүргізуі.
1.6 Қанның және иммундық жүйелердің жасерекшеліктері
Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қызметтері. Қанның ұюы. Қан топтары.
Қаназдылық және оның балалар мен жасөспірімдер арасында таралуының алдын алу.
Иммунитет, оның түрлері. Иммундық жүйенің құрылымы мен физиологиясы.
Иммундық жүйенің онтогенезі. Иммундық жүйені нығайту әдістері.
1.7 Қанайналым, тыныс алу және сыртқа шығару жүйелерінің жасерекшеліктері
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы мен қызметінің жасерекшеліктері. Жүректегі
электрлік құбылыстар. Қанның тамырлармен қозғалысы (гемодинамика). Жүрек-тамыр
жүйесі қызметінің реттелуі. Қан қысымы және оның жасерекшеліктері. Жүрек пен қан
тамырларына келеңсіз әсер ететін факторлар. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын
алу.
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметінің жасерекшеліктері. Тыныс алудың
реттелуі мен оның жасерекшеліктері. Оқу бөлмелеріндегі ауаның гигиеналық маңызы.
Сыртқа шығару үдерістерінің жалпы сипаттамасы және олардың маңызы. Сыртқа
шығару мүшелері. Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Зәр шығару
жүйесі ауруларының алдын алудағы жеке басылық гигиенаның рөлі. Бастауыш сынып
жасындағы балаларда кездесетін түнгі зәр ұстай алмау дерті, оның себептері. Терінің
құрылысы мен қызметтерінің жасерекшеліктері. Терінің тазалығы мен зақымдалмауының
маңызы.
1.8 Ас қорыту мүшелерінің жасерекшеліктері. Зат және қуат алмасуы. Тамақтану
гигиенасы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Астың ауыз қуысында қорытылуы.
Сілекей бездері. Ас қорытылуындағы ферменттердің маңызы. Тістер. Тістер алмасуы. Ауыз
қуысы мен тіс ауруларының алдын алу.
Асқазандағы ас қорытылуы. Астың қорытылуындағы бауыр мен ұйқы безінің маңызы.
Ішектің сіңіру және қозғалысты қызметтері. Қорғанысты ас қорыту рефлекстері. Балалардың
бойындағы асқорыту мүшесі ауруларымен және ішек құрттарымен күресу, олардың алдын
алу.
Зат және қуат алмасуы – ағза тіршілік әрекетінің негізі. Негізгі алмасу туралы түсінік.
Анаболизм мен катаболизм. Зат алмасуындағы ферменттердің рөлі.
Балалар мен жасөспірімдер ағзасындағы белок, май және көмірсулар алмасуының
ерекшеліктері. Баланың өсуі мен дамуындағы судың, минералды тұздардың,
микроэлементтердің және дәрумендердің маңызы.
Азық-түлік өнімдері, олардың құрамы және қуатты құндылығы. Дұрыс тамақтанбаумен
байланысты аурулар - анемия, семіздік және гиповитаминоз, олардың алдын алу.
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық
талаптар. Дұрыс тамақтанудың өсу мен дамудағы, денсаулықты нығайтудағы маңызы.
Оқушылардың мектеп пен демалыс лагерлерінде, экскурсия мен туристік
жорықтар кезінде
тамақтануын ұйымдастыру. Оқу-тәрбие мекемелерін ауызсумен қамтамасыздандыру тәртібі.
Тағамдық уланулардың себептері, олардың алдын алу. Балалар мен жасөспірімдерде
тамақтануға қатысты гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Жылу алмасуы, оның реттелу механизмдері. Жылу реттелуінің жасерекшеліктері.
1.9 Тірек-қимыл жүйесінің жасерекшеліктері мен гигиенасы
Адам қаңқасы. Буындардың құрылысы мен қызметтері. Омыртқа жотасының иірімдері,
олардың қалыптасуы мен функционалды маңызы. Қаңқа сүйектерінің қалыптасуы.
Бұлшық ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметі. Бұлшық ет салмағы мен
90
күшінің жастық кезеңдер бойынша ерекшеліктері. Қимыл дағдыларының дамуы, қимылдар
бағдарлануының жасқа сай жетілуі.
Ағзаның дене жүктемесіне реакциясының әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктері.
Оқушылардың қозғалыс тәртібі. Гиподинамияның зияны.
Дене бітімі, оның дұрыс қалыптасуының маңызы. Кеуде қуысы құрылымының
өзгерістері.
Қазтабандылық. Тұру, отыру және жүру кездерінде денені дұрыс ұстау. Мектеп
оқушыларының бойында дұрыс дене бітімін сақтауды және қалыптастыруды тәрбиелеу. Дене
бітімін дұрыс қалыптастыру мен табан тірегін нығайтудағы дене жаттығуларының маңызы.
Тірек-қимыл аппараты қызметінің ауытқуларын алдын алу.
2 МОДУЛЬ. БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МЕН САҚТАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық күйі. Оқыту мен тәрбиелеу
жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері
Денсаулық туралы түсінік. Балалар денсаулығының көрсеткіштері. Денсаулық топтары.
Оқушылардың денсаулық күйінің жұмысқабілеттілікке әсері. Созылмалы аурулармен және
жедел дерттермен сырқаттанған оқушыларға арнайы жағдай жасаудың ерекшеліктері.
Еңбек түрлерінің жасөспірімдердің денсаулық күйіне әсерлері. Еңбек тәрбиесін
ұйымдастыруда оқушылардың жасын, жынысын, денсаулығын және жұмыс кезіндегі әртүрлі
факторлардың (шу, діріл, шаң, т.б.) әсерлерін ескере отырып қойылатын гигиеналық
талаптар. Жарақаттанулардың алдын алу. Жарақаттанған кезде алғашқы жәрдем көрсету.
Ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылату әдістері. Оқу-тәрбие мекемелерінің
санитарлық жағдайының балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын
алудағы маңызы. Тұмаудың және жедел респираторлық аурулардың алдын алу.
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдердің заманауи денсаулық
күйі.
2.2
Жалпыға білім беру ұйымдарының спорттық құрылыстары мен
жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар
Мектеп ғимараттары мен жақын аумағын жоспарлауға, оқу бөлмелеріне, ауасы мен
жарықтандырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектепті жылыту мен жылыту
жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп пен балалар мекемелерінің
жиhаздары мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Жиhаздарды орналастыру мен
оқушыларды отырғызу тәртібі. Компьютерлік сыныптарда жұмыс істеуге қойылатын
гигиеналық талаптар.
Мектеп ғимараттары мен оған жақын орналасқан аумақтарды жоспарлауға, оқу
бөлмелеріне, ауасы мен жарықтандырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектепті
жылыту мен жылыту жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп пен балалар
мекемелерінің жиhаздары мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Жиһаздарды
орналастыру тәртібі, оқушыларды отырғызу. Компьютерлік сыныптарда жұмыс жасауға
қойылатын гигиеналық талаптар.
2.3 Балалар мен жасөспірімдерді оқытып-тәрбиелеуге және олардың күн тәртібіне
қойылатын гигиеналық талаптар
Балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен
жұмысқабілеттілігі. Оларда шаршаудың пайда болуының ерекшеліктері. Балалар мен
жасөспірімдердің тамақтануы. Оқу жүктемелеріне бейімделу ерекшеліктері. Сабақ кестесіне
және түрлі пәндер бойынша сабақтардың кезектесуіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Балалар мен жасөспірімдердің оқуы мен тынығуының кезектесуі. Оқушыларға арналған оқу
мен жазу гигиенасы.
СЕМИНАР САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.