452
алаңдары мен шаңғы жолдарында әр түрлі тәсілдермен орындау. Шаңғымен көтерілу және төмен
түсу, қозғалыста және бір орында бүрылулар мен тежелулер.
Шаңғымен ойлы-қырлы жерлермен қозғалу техникасы. Берілген аралықты баяу және
орташа қарқында уақытқа жүріп өту. Шаңғымен эстафеталар. Әртүрлі шаңғымен жүру
техникасын үйрену.
Адымдағыш қадам. Адымдағыш қадаммен қозғалу «шаңғыны сезуді», «қарды сезуді»
дамытуға арналған құрал болып табылады. Адымдағыш қадаммен қозғалу, шаңғымен сырғанақ
қадамды үйретудегі ерекше бір жетелегіш жаттығу болып табылады. Адымдағыш қадам - бұл
шаңғының ұшын кезекпен көтеріп шаңғымен жүру, бұл ретте шаңғының артқы жағы қарға
жабысады, адамның денесі бір шама алдыға еңкейіңкі болады.
Сырғымалы қадам. Сырғымалы қадам барлық шаңғымен жүру техникасындағы негізгі
элемент болып табылады. Шаңғышы шаңғымен қозғалу кезінде осы қадаммен алма-кезек
итеріледі (сол аяқпен, оң аяқпен).
Алма-кезек қос адымды жүріс. Әр кез қозғалғанда осы тәсілмен екі сырғымалы қадам (оң
және сол аяқпен) орындалады.
Тренежерлардың қолданылумен күш дайындығы
Күш түрімен жаттығу бұлшық еттің салмағын нығайту мен дамытуға және
жекелеген бұлшық ет топтарын анықтауға бағытталған. Бұлшық еттердің көлемі жетпей
тұрған бір жерлеріне«бұлшық етті арттыру» және басқа жерлерінің арықтауына күш
түрімен жаттығу ықпал етеді, соның салдарынан дененің пішінін түзетуі жүргізіледі
Тиімді техникаға үйрету мен функционалды мүмкіндіктерін жоғарылату, бұлшық
еттерін нығайту, оның дене жетілуінің жетістіктеріне жетуіне оқушыларды жаттықтыру
қарастырылады
Дене жаттығулары спортшыларды даярлаудың негізгі құралы болып табылады. Олар
жалпы дамыту және арнайы болып екіге бөлінеді.
Өз салмағын қолдану арқылы, құрал-жабдықтарды қолданбай жаттығу;
Ерікті жүкті қолдану арқылы жаттығу;
Арнайы тренажерларда жаттығу.
Ерікті жүктердің көмегімен базалық жаттығуларды тиімді орындауға болады.
Спортшы денесінің нақты бір жерін дайындауда тренажерларды қолдану тиімді. Спортшыны
өз салмағын қолдану арқылы жаттықтыруда оның негізгі басымдылығы-функционалдылығы
болып табылады.
Спорттық және қозғалыс ойындары
Жалпы дамыту және арнайы жаттығулар. Баскетболдың, волейболдың, футболдың,
гандболдың техника элементтерін жетілдіру және меңгеру. Допты игеру мен меңгерудің негізгі
тәсілдері, жұпта, үштікте жаттығу. Эстафеталар, еліктемелік және алаңдатпалық әрекеттер, алдау
қимылдары. Тең санды емес құрамдағы ойындар. Жолдастық, бақылау екі жақты ойындар.
Жарыстарға қатысу.
Баскетбол
Қорғаныстағы тұрыс, бұрылыстар, секірулер, қозғалулар, допты алып жүру, берген допты
қағып алу, лақтырулар.Техникалық және тактикалық іс-әрекеттердің негіздерін үйрету.
Допты беру және қағып алу. Бір орында, қозғалыста және қорғаушының қарсылығымен.
Допты алып жүру. Допты тура алып жүру, бағыттарының өзгерумен және кері серпіліс
биіктігінің өзгерумен (көру арқылы және көрмеу арқылы бақылаулар).
Шығыршыққа допты лақтыру. Кеудеден екі қолмен допты лақтыру, иықтан бір
қолмен допты лақтыру (секіріп лақтыру және қозғалыста лақтыру). Айып доптарын
лақтыру. Қорғаныстағы және шабуылдағы жеке тактикалық іс-әрекеттер (допсыз және
доппен). Командалық ойын.
Волейбол
Тұрыстар және қозғалыстар. Орында және қозғалыста допты беру және қағып алу
(алдыға, артқа, оңға, солға).
Доппен әрекет ету. Орында және қозғалыста допты жоғарыдан екі (бір) қолмен
453
беру. Допты қабылдау: жоғарыдан, төменнен, орында және алдыға қозғалумен, артқа, оңға
және солға.
Допты ойынға қосу: қапталдап, төменгі, жоғарыдан түзу, тордан асыра,
аймақтарға. Доп ойынға қосылғаннан кейін қабылдау. Сақтандыру. Командалық ойын.
Футбол
Допты бір орында және жан-жаққа (алдыға, артқа, оңға, солға) қозғлыста
әріптесіне аяқпен(оң аяқпен, сол аяқпен) беру. Допты аяқпен (оң аяқпен, сол аяқпен)
тебуді орындау және қақпаға теуіп кіргізу. Командалық ойын.
Допты қабылдаулар табанмен, табанның ішкі және сыртқы жандарымен, санмен,
көтермемен, аяқтың ұшымен, көкрекпен және баспен жүзеге асырылады.
Футболшының доппен және допсыз орын ауыстырулары. Жүріс түрлеріндегі, баяу
жүгірістегі, шапшаңдату жүгірісіндегі және арқамен алдыға жүгірудегі жаттығулар.Ойын
жағдайындағы жылдам орын ауыстырулар:орнынан ең шапшаң жүгіріс, шапшаңдату,
жалғамалы қадамдармен жүгіру; түзу, доға, қарсы жаққа, ирек және т.б. әртүрлі
бағыттардағы қозғалыстар.
Допты тебу футболдағы ойын техникасының негізін құрайды. Допты аяқпен тебу
арқылы допты әріптесіне береді, қақпаға тебеді, допты алып жүруді және басқа да
әрекеттерді жүзеге асырады.
Допты алып жүру көтерменің ішкі және сыртқы бөлігімен ретімен итермелеп,
табанның ішкі жанымен, көтерменің орта бөлігімен, аяқтың ұшымен, бір аяқпен немесе
кезектесіп жүзеге асырылады.
Допты тартып алу. Допты тартып алуда кезінде, допты иеленіп тұрған ойыншыға
жақындап, ол доптан бақылауын жоғалтқанда допқа қарсы аяқты салуы тиіс Жұптағы
және үштіктегі жаттығулар.
Қақпашының ойын техникасы. Қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды:
ол допты қағып алады, қақпаны қорғауда допты қайтарады, қағып алған допты ойынға
қосады немесе допты аяқпен алып жүреді.
Гандбол
Қозғалыстар, допты ұстау және берулер, лақтырулар, допты алып жүру және алдау
әрекеттері, тосқауылдар, оқшаулау және допты қағып әкету. Қорыстағы және шабуылдағы
техникалық және тактикалық іс-әрекеттердің негіздеріне үйрету.
Допты ұстау және беру. Бір орында, алдыға қозғалыста, қарсы жүріс кезінде,
қарсыластың қарсылығымен.
Допты алып жүру. Допты адымтап (бір адымдап, екі адымдап), жүгіріп,
бұрылулармен алып жүру. Бір орында, қозғалыста және қарсыластың қарсылығымендопты
алып жүру мен берулер.
Допты қақпаға лақтыру түрлері. Қозғалыста және секірісте әртүрлі тәсілдермен
допты лақтыру. Жеті метрлік айып добын орындау.
Допты оқшаулауды, допты қағып әкетуді және қорғаныс тұрыстарына үйрету.
Қақпашының ойын әдістері. Қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды:ол
допты қағып алады, қақпаны қорғауда допты қайтарады. Қақпашының ойын
барысындағы негізгі мақсаты- бұл өз қақпасына доп жібермей шұғыл шабуыл
ұйымдастыру. Барлық ойын техникасы, қорғаныс техникасы мен шабуыл техникасы болып
бөлінеді.
Командалық ойын.
Қозғалыс ойындары
Оқушылардың қимыл белсенділіктерін қалыптастыру.
Тәлімді қозғалыс ойындары: «Метко в цель», «метание тарелок»», «Охотники и
зайцы», «Передал-садись», «Подвижная мишень», «Успей точно передать», «Сбей мяч»,
«Попади в круг», «Кто дальше», «Метко в ворота», «Точная передача», «Обведи и забей
мяч в ворота», «Футбольный слалом», «За мячом», «Поймай мяч», «Мяч водящему»,
«Жонглирование двух мячей», «Мяч в воздухе», сонымен қатар қазақтың ұлттық