Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет81/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168

253

ны  айқындалған.  Тұқымқуалаушылық  факторлары  айтарлықтай 

шамада  сол  жақ  қарыншаның  жуандығын  немесе  массасын 

(тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,55-0,70) жəне жүректің тамыр-

лар  торының  (капилляризация)  ерекшеліктерін,  жүрекке  қан  апа-

ратын  артерия  тамырлары  қабырғасының  жуандығы  мен  олардың 

миокард  қабырғасындағы  таратылуын  анықтайды.  Төзімділік 

жаттығулары  ықпалынан  генетикалық  идентивті  егіздердің  жүрек-

тері мөлшерлеріне тəн ұқсастықтардың арта түсуі қызғылықты жайт. 

Тыныштық  күйде  артериялық  қан  қысымы  деңгейінің 

тұқымқуалаушылықпен тəуелділігі туралы мəліметтер қайшылыққа 

толы. Кейбір мəліметтер бойынша артериялық қан қысымы қалыпты 

адамдарда  жалпы  генетикалық  əсер  систолалық  қысымға  қатысты 

50-60%-ды  жəне  диастолалық  қан  қысымына  қатысты 40%-ды 

құрайды. 

Бұлшық  ет  композициялары,  яғни  олардағы  баяу  жəне  жыл-

дам  бұлшық  ет  талшықтарының  арақатынасы  генетикалық  ал-

дын  ала  анықталған.  Мəселен,  монозиготалы  егіздердің  сол  бір 

бұлшық  еттерінде  жылдам  жəне  баяу  талшықтардың  арақатынасы 

бірдей    деуге  болады.  Тұқымқуалаушылық  коэффициенті  баяу  не-

месе жылдам талшықтар үшін ер адамдарда 0,99-ға жəне əйелдерде 

0,92-ге тең. Сонымен қатар, жылдам бұлшық ет талшықтарының екі 

түрлерінің (ІІ-А мен ІІ-В) пайыздық арақатынасы мұндай «туыстық» 

ұқсастыққа ие емес. Бұл сыртқы орта факторларының ықпалынан, 

атап айтқанда, жаттығу нəтижесінде оларда өзара айналудың мүмкін 

екендігін көрсетеді. 

Митохондриялар  саны,  мөлшері  мен  салыстырмалы  мөлшері 

(тығыздығы),  бұлшық  ет  ферменттерінің  белсенділігі  генотипке 

аз  байланысты  немесе  мүлдем  байланысты  болмайды  жəне  орта 

ықпалына (жаттықтыруға) аса сезімтал келеді. 

Бұлшық  ет  күшінің  абсолютті  көрсеткіштері  (Ньютон) 

тұқымқуалаушылыққа аз байланысты. Сонымен бірге салыстырма-

лы (дене массасына) «жалпы күш» тұқымқуалаушылықтың біршама 

жоғары коэффициентіне (0,6) тең, бұл аталмыш функциялық белгінің 

генетикалық  механизмдермен  белгілі  бір  уағдаластықта  екендігін 

дəлелдейді. 

Бұлшық  ет  қуаттылығының  генотипке  аса  көп  тəуелділікте 

екендігі  байқалады.  Мəселен,  монозиготалы  жəне  дизигота-

лы  егіздерде  Маргария  тесті  арқылы  анықталған  максималды 

қуаттылыққа 0,98-ге тең тұқымқуалаушылық коэффициенті тəн. 




254

Жылдам  бұлшық  ет  талшықтарының  мөлшері,  салыс-

тырмалы  бұлшық  ет  күші,  қимыл  реакциясы  жылдамдығы, 

қозғалыстың  максималды  жиілігі  мен  жылдамдығы,  максимал-

ды  анаэробты  қуаттылық  пен  лактацидті  энергиялық  жүйелер 

сыйымдылықтарының генетикалық негізделуі айтарлықтай шамада 

адам қабілетінің жылдамдықты-күштік деңгейінің туа пайда болған 

сипатын анықтайды. «Ұлы спринтерлер туа бітеді»  деп тегін айтыл-

маса керек.

Максималды  аэробты  қуаттылық  (оттегіні  максималды  пай-

далану)  барынша  дəрежеде  тұқым  қуалай  беріледі.  ОМП  жоғары 

көрсеткіштері  тек  төзімділік  спорт  түрлері  бойынша  жоғары 

дəрежеде  жаттыққан  тұлғаларда  ғана  емес  жəне  спортпен  жүйелі 

шұғылданбайтын  адамдарда  да  тіркелген.  Мысалы,  дизигота-

лы  егіздерде  монозиготалы  егіздермен  салыстырғанда  жоғарырақ 

ОМП  жұп  ішілік  вариабелділік  аңғарылған.  Туа  біткен  ОМП  ал-

дын  ала  анықталуы  (ер  адамдарда 93,4% жəне 95,9% ер  мен  əйел 

адамдарда  бірге)  жасқа  жəне  жынысқа  байланысты  ықпалдарға  аз 

ұшырайды.  Субмаксималды  аэробты  жұмысқа  қабілеттілік  те  көп 

шамада  генетикалық  фактормен  алдын  ала  анықталады. PWC 170 

көрсеткіші үшін тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,9 жуық. 

ОМП  жоғары  мəнінің,  организмнің  жоғары  аэробты  (оттегі  та-

сымалдау)  мүмкіндіктерін  анықтайтын  көптеген  физиологиялық 

факторлар  мен  механизмдердің,  баяу  бұлшық  еттердің  ұлғайған 

мөлшерінің  генетикалық  қалыптасуы  төзімділікті  қажет  ететін 

спорт  түрлерінде  жоғары  нəтижелерге  жетуде  организмнің  зор 

мүмкіндіктерін анықтайды («Ұлы стайерлер туа бітеді»). 

Шыныққандық 

дəрежесін 

анықтауда 

тұқымқуалау-

шылықтың рөлі күмəн тудырмайды. Генотипі əртүрлі адамдарды 

бірдей  жаттықтыру  бірдей  нəтиже  бермейді,  яғни  жаттықтыруға 

организмнің сезімталдығы (шыныққандық) айтарлықтай шамада ге-

нотипке байланысты. 

Мəселен, монозиготалы 10 жұп егіздер 20 апта бойы төзімділік 

жаттығуларына  қатысқан.  ОМП  орташа  жоғарылауы  кезінде 14% 

жеке-дара, өсім вариациялары өте елеулі  41%-ға дейін болған. Алай-

да, егіздерде жаттықтыру əсерінің шамасы (шыныққандық дəрежесі) 

ұқсас болып келген. 

Есептеулер нəтижесі бойынша төзімділік жаттығулары ықпалы-

нан ОМП өсімінің  жеке-дара вариациясының 50%-ы спортшының 



255

генетикалық  ерекшеліктерімен  анықталса,  ал  оның  тек 20-30%-

ы  ОМП  деңгейінің  бастапқы  (жаттығу  алды)  мəніне  байланысты 

болған.  Сонымен,  шамамен,  жаттығу  əсерінің 70-80%-ы  генетика-

лық  тəуелділікте  болып  келеді,  яғни  организмнің  тұқым  қуалай 

берілген ерекшеліктерімен анықталады. 

Тұқымқуалаушылық адамның дене белсенділігінің (қозғалғыш-

тығының)  жалпы деңгейіне де ықпал етеді. 

Мысалы,  жоғары  қозғалғыштық  дене  белсенділігі  өте  жоғары 

ата-аналардың  балаларында 20% жағдайларда,  ал  «қалыпты» 

ата-аналардың  балаларында  тек 4% жағдайларда  айқындалған. 

Қандай  да  бір  спорттық  шынықтыру  түріне  қатынастары  бойын-

ша  монозиготалы  егіздерде  тек 6%, ал  дизиготалы  егіздердің 85% 

айырмашылық  орын  алған.  Спорттық  мамандандыруды  таңдау  ба-

рысында,  белсенділік  дəрежесі  мен  қол  жеткізілген  нəтижелердің 

толық  сəйкес  келуі 70% монозиготалы  егіздер  жұбында,  тек 22% 

дизиготалы егіздер жұбында байқалған. 

Əрбір  адамның  жаттығу  əсерінің  өсу  шегі  генетикалық  алдын 

ала анықталған. Тіпті, жүйелі түрде жүргізілген дене жаттығулары 

да  организмнің  қызметтік  мүмкіндіктерін  генотиппен  анықталған 

белгілі бір шегінен арттыра алмайды. Осыған орай генетикалық фак-

торлар жоғары спорттық нəтижелерге жетуде шешуші болып табы-

лады. Табиғи, генетикалық берілген аэробты мүмкіндіктер сыртқы 

орта  (жаттығу)  ықпалдарына  қарамастан  жеткілікті  дəрежеде 

тұрақты  болуы  мүмкін.  Атап    айтқанда,  ОМП  өсу  шегі  жеке-да-

ра  генотиппен  лимиттелген  болуы  ықтимал,  сондықтан  ешқандай 

жаттығу бұл кедергінің алдын ора алмайды.  

Тұқым  қуалайтын  факторлардың  ықпалы  белгілі  бір  сыртқы 

орта жағдайларында, атап айтқанда, денені жаттықтыру үдерісінде 

көрініс береді. Басқаша айтқанда, тұқым қуалайтын факторлар мен 

орта  факторлары  өзара  əрекет  етеді.  Жоғарыда  айтылғандар  айту-

лы  спортшылар  организмінің  арнайы  қызметтік  мүмкіндіктерінің 

жоғары екендігін жəне оның жоғары шыныққандығын анықтайтын 

бірегей  генотипке  ие    екендігін  көрсетеді.  Сайып  келгенде, «ұлы 

стайерлер мен спринтерлер туа бітеді» тіркесі тек кейбір адамдардың 

ғана генетикалық бейім келетіндігін білдіреді, алайда, ол адамдардың 

айтулы  спортшы  болуы  тек  арнайы  жаттықтыру  нəтижесінде  ғана 

жүзеге асырылады.  

Сайып  келгенде,  тұқымқуалаушылық  факторларының  ықпалы 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау