217
көрсеткіші бойынша (орташа жəне қашықтыққа жүгіру, спорттық
жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнасти-
ка, т.б.), ал енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу,
жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу арқылы көрініс береді.
Спорттық тəжірибеде төзімділік жалпы жəне арнайы деп екіге
бөлінеді.
Жалпы төзімділік деп адам организмінің барлық мүмкіндіктері-
нің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты
жұмыс істей алуы жағдайын айтады.
Төзімділік дамуы:
– адам организмінің тыныс алу мүмкіндігі;
– жүгіру техникасын меңгеру сапасы;
– күш, жігердің даму сапасы жағдайлары арқылы анықталады.
Төзімділіктің негізі организмнің аэробты мүмкіндігі болып са-
налады. Оның көрсеткіші ретінде өкпенің тіршілік сыйымдылығы
(ӨТС, л/мин) – өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі
алынады.
Адамның жалпы төзімділігі организмнің жүрек-қантамырлар,
тыныс алу жүйелері қызметі мен спортшының өзіне қажетті
қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді
орындағаннан кейін пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы тұра
білу мүмкіндіктерімен анықталады.
Арнайы төзімділік – cпортшының маманданған спорт түріне тəн
атқарылатын жұмысты ұзақ уақыт жəне жоғарғы қарқында орындай
алу мүмкіндігі. Мысалы, циклдік спорт түрлерінде арнайы төзімділік
спортшының белгіленген қашықтықты белгілі бір жылдамдықта өту
мүмкіндігімен анықталады.
Кейінгі уақытта мамандар спринтерлік төзімділікті жеке көрсетіп
жүр. Оған 1 минут уақыт аралығына дейінгі орындалатын 100-400
метрге жүгіру, 500 метрге конькимен сырғанау, 50-100 метрге жүзу
алынып отыр.
Арнайы төзімділіктің физиологиялық көрсеткіші спортшының
анаэробты мүмкіндігі болып табылады. Бұл төзімділіктің тек
энергиялық көрсеткіші болып табылады.
Арнайы жəне жалпы төзімділікспортшының барлық дене
дайындығы көрсеткіші, психологиялық дайындығы, спорттық
шеберлігі дəрежесі көрсеткіштері жиынтығымен пайдалы іске асы-
ра алу қабілетімен анықталады.
218
Адамның жалпы төзімділігін арттыруға арналған негізгі
жаттығу түрлерінің бірі жүгіру болып табылады ( 15-тарауда
жүгіру туралы толық баяндалған).
Төзімділікті арттыруға арналған басқа жаттығулар ішінде ең
қарапайымы жəне қолдануға ыңғайлысы – жүгіру жаттығулары.
Жүгіру жаттығуларымен жылдың барлық мезгілінде жеке-жеке
немесе топталып жаттығуға болады. Жүгіру жаттығулары арнайы
құралдар мен орындарды қажет етпейтіндігімен қолайлы.
Жүгіру кезінде адам организміне пайдалы əсер етуші жағдайлар
көп болады, аяқпен жерге басу кезінде дененің төменгі бөлігіндегі
қанның жоғары көтерілуіне жақсы жағдай туындайды, қан айналы-
сы жақсарып, қан жүру мүмкіндігі артады.
Жүгіру жаттығулары адамның салауатты өмір сүруге
бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға көмектесетін дене тəрбиесі
түріне жатады (Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).
Ептіліктің даму заңдылықтары мен механизмдері
Ептілік жəне иілгіштік (немесе икемділік) негізгі дене
сапаларының қатарына жатады. Ептілік адамның жеке дара өмірі
барысында, соның ішінде спорттық жаттығу үдерісінде жақсы да-
миды. Ал, керісінше, иілгіштік айтарлықтай генетикалық бақылау
ықпалында болады жəне осыған орай оған тыңғылықты іріктеу
жүргізу қажет.
Ептілік – жаңа, үйреншікті емес жағдайларда жаңа қозғалыстар
түрлерін жылдам меңгеру кезінде дене қимыл-қозғалысының коор-
динациясымен жəне дəлдігімен анықталатын дене сапасы.
Ептілік қабілет вестибулярлық аппарат пен қаңқаның барлық
бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. Бұл
дене сапасының барлық спорт түрлері, соның ішінде күрделі
координациялық спорт түрлері (кедергі арқылы жүгіру, гимнастика,
акробатика) үшін маңызы зор.
Ептіліктің өлшемін анықтау өте күрделі болып келеді, оны қандай
көрсеткіштермен өлшеу əлі де анықталған жоқ. Ептілікті бағалау
кезінде орындалатын жаттығудың күрделілігі, дəлдігі, уақыты есеп-
ке алынады.
Епті қозғалыс – бұл қозғалыс түрлерін кеңестікте өте дəл
219
жəне белгілі бір берілген уақыт аралығында дұрыс орындап шығу
шеберлігімен анықталады. Cонымен қатар кеңестікте қозғалу, уақыт
мөлшері, орындалу дəлдігі əртүрлі өзгермелі жағдайда да өтуі
ықтимал.
Сонымен адамның ептілік қабілеті жаңа қозғалыстар
түрлерін жылдам меңгерумен, күтпеген жағдайда пайда болған
жаңа қозғалысқа тез бейімделу жəне дəл орындау мүмкіндігімен
анықталады.
Ептілік белгілері координациялық күрделілік, қозғалыс дəлдігі
жəне оны тез орындау болып табылады. Бұл қабілеттердің негізінде
экстраполяция құбылысы жатыр (экстраполяция құбылысы жайын-
да 6-тарауда толығымен баяндалған). Экстраполяция дегеніміз –
жүйке жүйесінің бұрын болған тəжірибе негізінде келесі туындаған
қозғалыс міндеттерін барабар шешу қабілеті яғни ортаны жақсы
бағдарлау, алда болуы ықтимал жағдайды болжау, алдын ала
көре білу, қозғалмалы объектіге жылдам реакция, лабилділіктің
(мүмкіндігінің) жəне жүйке үдерістері қозғалғыштығының жоғары
деңгейі, əртүрлі бұлшық еттерді жеңіл басқара білу қабілеті. Ептілік-
ті дамыту үшін жаттығу үдерісінде сол бір қимыл əрекетін орында-
уды əртүрлі жағдайларда өзгертіп отыру, қозғалыс нəтижесі жайын-
да қосымша жедел ақпарат қолдану, уақыт тапшылығы жағдайында
шешімді тез қабылдау дағдысын қалыптастыру қажет етіледі.
Спорттық практикадағы ептілік түсінігі
Ептілік дене сапасы қабілеттердің күрделі кешенінен тұрады.
Ептілік – біріншіден, жаңа қимыл əрекеттері мен қимыл дағдыларын
түзу қабілеті (қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байла-
нысты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі);
екіншіден, жағдайдың өзгеруіне байланысты бір типті қозғалыстан
екіншісіне жылдам ауыса алу жəне күрделі координациялық
қозғалыстарды орындау болып табылады, яғни ептілікті:
– бірінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындау
мүмкіндігі;
– екінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындауды
қысқа мерзімде орындай алуы;
– үшінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындау-
ды қысқа уақыт аралығында жəне өзгермелі жағдайда орындай алуы
сияқты үш сатыға бөліп қарастырады.
Үшінші жағдай ең күрделісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |