Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет66/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   168

208

шыларда  жаттықпаған  адамдармен  бірдей  (оттегі  пайдалануы  тең) 

жұмыс  орындау  кезінде  аралас  веналық  қандағы  оттегі  мөлшері 

төмен. Мұндай спортшыларда аралас веналық қандағы оттегінің ми-

нималды мөлшері орта есеппен 25 мл О

2

/л жуық болады. Сондықтан 



оларда  АВА-О

2

  максималды  жүйесі  жаттықпаған  адамдарға 



қарағанда  жоғары,  орта  есеппен 150-155 мл  О

2

/л  тең  келеді 



(10-кестені қараңыз).

Сəйкесінше  төзімділікті  жаттықтыратын  спортшылар  өздерінің 

оттегі  тасымалдау  жүйесі  мүмкіндіктерін  неғұрлым  тиімді  жүзеге 

асырады, себебі жаттықпаған адамдарға қарағанда жүректен айдала-

тын қан көлемінің əр бірлігінен оттегіні көбірек алады.

Жаттықтыру  үдерісінде  белсенді  жəне  белсенді  емес  мүшелер 

арасында  қан  айналымының  қайта  таратылуы  жетілдіріледі, 

сондықтан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда жұмыс 

атқарушы  бұлшық  еттерге  бағытталған  жүректің  минуттық  қан 

көлемінің максималды үлесі көбірек болады. 

Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде жаттықтырылған бұлшық 

еттердегі  капиллярлар  саны  артады.  Жаттықтырылған  бұлшық 

еттердің  молынан  капиллярлануы – олардың  жұмыс  қабілеттілігін 

жоғарылатудың  маңызды  механизмдерінің  бірі.  Капиллярлық 

тор  көлемінің  ұлғаюы  арқасында  спортшыларда  спортпен 

шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  максималды  мүмкін  бо-

латын  бұлшық  еттік  қан  айналымы  жоғары  болады.  Төзімділікті 

жаттықтыратын  спортшыларда  капиллярлық  қабырғалар  арқылы 

түрлі  заттардың,  соның  ішінде  оттегі  диффузиясының  жалпы 

жылдамдығы да жоғары болады, сəйкесінше жаттықпаған бұлшық 

етке  қарағанда  жаттыққан  бұлшық  ет  ала  алатын  оттегінің  макси-

малды мөлшері көп болады. 

Жаттықтырылған бұлшық еттер қаннан оттегіні экстракциялау-

дың (жəне утилдеудің) жоғары қабілеттілігіне ие. Жаттықтырылған 

бұлшық  еттердің  көлем  бірлігіне  максималды  оттегіні  пайдалану 

жылдамдығы жаттықтырылмаған бұлшық еттерге қарағанда шама-

мен, 1,5 есе жоғары болады. Бұл жаттықтырылмаған бұлшық еттер-

ге  қарағанда  жаттықтырылған  бұлшық  еттерге  осындай  мөлшерде 

оттегіні  алу  үшін  қанның  аз  көлемінің  қажет  екенін  білдіреді. 

Сондықтан бірдей жұмыстарды орындау кезінде жұмыс атқаратын 

бұлшық  ет  арқылы  өтетін  қан  айналымы  жаттықтыруға  дейінгіге 

қарағанда жаттықтырудан кейін төмен болады. Бірдей субмаксимал-




209

ды жұмыс кезінде спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда 

жұмыс  атқаратын  бұлшық  ет  массасының 1 кг-на  қан  айналымы 

төмен болып келеді.

Бірдей  субмаксималды  аэробты  жұмысты  орындау  кезінде 

(оттегі пайдалануы тең) спортшылармен спортпен шұғылданбайтын 

адамдарда  жүректің  минуттық  қан  көлемі  шамалас  мəнге  тең. 

Сəйкесінше,  спортшыларда  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттерге 

бағытталған  жүректің  минуттық  қан  көлемінің  үлесі  (абсолюттік 

л/мин.  жəне  салыстырмалы %-бен)  азырақ  келеді.  Сонымен,  олар-

да жұмыс кезінде дененің басқа мүшелері мен ұлпаларына, соның 

ішінде жатыр бөлімі мен тері торларына көп қан бағытталуы мүмкін. 

Сондықтан  спорттық  жаттығуларды  орындау  кезінде  жаттықпаған 

адамдарға  қарағанда  спортшылардың  маңызды  ішкі  мүшелері 

неғұрлым қанмен жабдықталудың қолайлы жағдайында болады. 

Жүректің  минуттық  қан  көлемінің  тері  қан  айналым  жүйесіне 

неғұрлым айтарлықтай бөлігінің бағытталу мүмкіндігі спортшылар-

да жылу шығарудың күшеюі үшін жақсы жағдай жасалғанын жəне 

осылайша дене температурасының қажетсіз жоғарылауының алдын 

алуын көрсетеді. Бұл бірдей жұмысты орындау кезінде жаттықпаған 

адамға  қарағанда  жаттыққан  тұлғаның  дене  температурасының 

төмен болып келуінің басты себептерінің бірі болып табылады.



Максималды  аэробтық  жұмыс  кезінде  іс  басқаша  белгілі 

жағдайда  болады.  Ең  əуелі  мұндай  жүктемелер  қуаттылығы  мен 

шекті ұзақтығы бойынша спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 

адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары жəне екіншілерге бұл қол 

жеткісіз  болады.  Спортшылардың  оларды  орындау  мүмкіндіктері, 

атап  айтқанда,  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттерге  бағытталған 

жүректің  минуттық  қан  көлемінің  көптігімен  жəне  оның  ұлғайған 

үлесімен (%) қамтамасыз  етілетін  жұмысшы  бұлшық  еттерге 

уақыт бірлігінде оттегінің көп мөлшерін жеткізетін оттегі тасымал-

дау  жүйесінің  жоғары  қабілеттілігімен  анықталады.  Максималды 

аэробтық  жүктеме  кезінде  спортпен  шұғылданбайтын  адамдардың 

жаттықпаған  бұлшық  еттеріне  қарағанда  спортшының  жұмыс 

атқарушы  бұлшық  еттері  уақыт  бірлігінде  қанның  айтарлықтай 

көп  бөлігін  алады  жəне  сонымен  қатар  одан  оттегіні  көбірек  экс-

тракциялайды. Бұл жағдайларда жүректің минуттық қан көлемінің 

өте  көп  үлесі (85-90%-ға  дейін  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттер-




210

ге  бағытталса  да  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  спортшыларда 

өмірлік маңызды («белсенді емес») дене мүшелері мен ұлпаларының 

қанмен қамтамасыз етілу жағдайы жақсырақ болады.

Сонымен қатар максималды аэробтық жұмысты орындау кезінде 

спортшыларда  рН  айтарлықтай  төмендейтінін  жəне  жұмыс  атқа-

рушы бұлшық еттер арқылы өтетін веналық қан температурасының 

жоғарылайтынын  атап  өткен  жөн.  Нəтижесінде  оксигемоглобин 

диссоциация қисығының оңға ығысуы (Бор əсері) жүреді, бұл ұлпа 

капиллярларында  қандағы  гемоглобиннің  оттегіден  босауын  жəне 

оның  бұлшық  ет  жасушаларына  диффузиясын  жеңілдетеді.  Осы-

мен  қатар  диссоциация  қисығының  ығысуы  маңызды  «қорғаныс» 

қызметін атқарады: жаттыққан бұлшық еттердің оттегіні күшті экс-

тракциялауына  жəне  оттегімен  гемоглобиннің  қанығу  пайызының 

өте төмендеуіне қарамастан, спортшылардың бұлшық еттік веналық 

қанындағы  оттегі  парциалдық  кернеуі  орта  есеппен  жаттықпаған 

адамдардан ерекшеленбейді жəне 10-20 мм сынап бағанасынан төмен 

түспейді. Бұл оттегі кернеуінің жеткілікті градиентін ұстап тұруды 

қамтамасыз етеді, сондықтан тіпті, капиллярдың вена ұшына тақау 

орналасқан бұлшық ет жасушалары да қаннан оттегінің жеткілікті 

мөлшерін алуын жалғастырады. 

Сонымен,  жүрек-тамыр  жүйесіне  қатысты  төзімділікке 

жаттықтырудың басты əсерлері:

А) жүрек қызметінің жоғарылауынан, яғни максималды жүректің 

минуттық қан көлемінің (систолалық көлем есебінен) артуынан;

Ə) систолалық көлемнің ұлғаюынан;

Б)  тыныштық  күйдегі  сияқты  стандартты  жұмыс  кезінде  де 

ЖЖЖ төмендеуінен (брадикардия);

В) 

жүрек 


жұмысының 

тиімділігінің 

(үнемділігінің) 

жоғарылауынан;

Г) дененің белсенді жəне белсенді емес мүшелері мен ұлпалары 

арасында қан айналымының неғұрлым жетілдірілген қайта тараты-

луынан;

Ғ) жаттыққан бұлшық ет жəне басқа дененің белсенді мүшелері 



мен  ұлпалары  (соның  ішінде  жүректің)  капиллярлануының 

күшеюінен тұрады.




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау