қатысы жоқ. Сандық баспаның ұқсас, яғни классикалық типографиялық
баспадан басты айырмашылығы - заттай баспа қалыбының болмауы. Бұл
ерекшелік сандық баспаның артықшылығын да, кемшіліктерін де
шарттайды.
Баспа қалыбының болмауы аз тиражды (бірнеше ондықтан 500-1000
данаға дейін), сондай-ақ, визиткалар, үлестірме парақшалары, буклеттер,
күнтізбелер сияқты ұсақ баспаларды және басқа да күрделі емес
баспаларды тез басып шығаруға мүмкіндік береді. Берілген жағдайда
СБМ офсеттік баспадан негізгі артықшылықтары – бір жұмыстан екінші
жұмысқа жылдам өту және тираждау процесінің алдында қосымша
технологиялық операциялардың болмауы. Мысалы, қазіргі сандық баспа
кешендері бір тапсырмадан екіншісіне өту үшін қайта орнатуға
минималды 30 с қажет етеді және бөлшектер мен модульдерді
ауыстыруды, жабдықтың немесе шығару материалдарын қайта жүктеуді
қажет етпейді. Сондай-ақ, сандық технологиялар тиражды тез басып
шығаруға немесе макетке тез арада, оның ішінде тапсырыс берушінің
қатысуымен өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді (Осы себеппен, сандық
баспаны «оперативті баспа» деп атайды). Сандық баспаның екінші
артықшылығы – дербес өнімдерді, мысалы қонақтардың аттары жазылған
шақыру билеттерін басу мүмкіндігі. Алғашқы сандық машиналарда баспа
сапасы мен түспен қамтуы офсеттік баспадан айтарлықтай төмен болды,
алайда технологиялар тез жетілуде. Қазіргі уақытта сандық машиналар
сапасы жоғары ажыратымдылық сипаттамалары 2400х2 400 dpi толық
түсті таңба алуға мүмкіндік береді, бұл тіпті ең ұсақ элементтерді
ажыратуға мүмкіндік береді. Қазіргі «беті-арты» келтіру технологиясы
басып шығарылатын бетті 0,5 мм дейінгі дәлдікпен орналасуын
қамтамасыз етеді. Түспен қамтылуы дәстүрлі баспа технологияларынан
кем емес, ал басып шығарылатын материалдар спектрі әртүрлі фактуралы
қағаздардан, үлдірлерден, калькадан, пластиктен, қатырма қағаздан
тұрады. Басып шығарылған өнімдер кез келген баспадан кейінгі өндеуге
беріледі: кесу, бүктеу, лактау, ламинациялау және т.б.
Сандық баспаның негізгі кемшілігі – баспа-таңбаның жоғарғы құны.
Тираж саны 1000 дана және одан жоғары болғанда, офсеттік баспаның
өзіндік құны бірнеше есе төмен болады, сондықтан сандық баспаны
қолдану аз және өте аз тиражды болады. Әдетте, баспа машиналарының
иелері қабылдайтын тираж саны – 50-100 данадан басталады,
тапсырыстар көбінесе 500-1000 данаға дейін болады. Кейбір жағдайда тез
арада басып шығару қажет болғанда ірі тапсырыстар (5000 данаға дейін)
кездесіп жатады. 1000 данадан аса тираждар үшін (басып шығару мерзімі
қалыпты болған жағдайда) сандық технологиялар тиімсіз.
Сандық баспаның өзіндік құнын төмендету үшін, офсеттік баспамен
бірге қолданады, мысалы, театр билеттерінің бір бетін офсетпен басып
шығарса, қойылымның атауы, күні, қатары мен орны (екінші бетін)
сандық машинада басып шығарылады.
Сапалы сандық баспадан бөлек, сандық технологияларды қолданудың
тағы бір саласы – монохромды тираждау. Қазіргі уақытта парақтық,
рулондық монохромды баспа машиналары өндіріледі. Мұндай машиналар
кітап (аз тиражды), құжаттар, газеттерді басып шығаруда сәтті
112
қолданылады.
Жаңа
зерттеулер
газеттерді
сандық
баспалауға
қызығушылық артқандығын көрсетелі. Digital Dots and Ifra халықаралық
БАҚ баспашылар ұйымының мәліметтері бойынша, еуропалық газет
баспагерлерінің 90% дерлік, газеттерді сандық баспалау кеңінен
қолданылатына сенімді. Біздің елімізде кітаптар мен газеттердің сандық
баспасы кең пайдалануға ие болған жоқ.
Сандық баспа технологиясының тағы да бір түрі – кең форматты
бүріккіш принтерлерде плакаттар шығару. Интерьерлерде орналастыруға
арналған плакаттарды әдетте, қағазға басып шығарып, ламинациялайды.
Далада орналастырылатын плакаттар, банерлер, кергіштер ПВХ үлдірінде
немесе матада басып шығарылады, бояулар ретінде сольвентті бояулар
(еріткіштер негізінде) қолданылады. Мұндай сиялардың көмегімен
алынған суреттің күн астында түсі өніп кетпейді, ылғал мен
атмосфералық жауын-шашындардың әсеріне тұрақты. Кеңінен таралған
кең форматты принтерлердің стандартты максимал баспа ені 3,2 м
шектелген. Сонымен қатар, ені шамамаен 5 м материалдарда жұмыс
жасауға арналған модельдер бар. Өлшемі үлкен сурет алу үшін (мысалы,
құрылыс жүріп жатқан ғимараттың бетін жабу үшін) оны бөлшектеп
басып шығарып, біріктіреді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Графикалық дизайн және беттеу үшін компьютер таңдау кезінде
неліктен процессор және жадыға назар аудару қажет?
2.
Қандай енгізу/шығару құрылғыларын білесіз?
3.
Түпнұсқаны орналастыру әдісі бойынша сканерлер қандай
түрлерге бөлінеді?
4.
Тұтынушылық қасиеттері бойынша сканерлер қандай түрлерге
бөлінеді?
5.
Қазіргі уақытта принтерлердің қандай түрлері кеңінен
қолданылады? Оларға сипаттама беріңіз
6.
Сандық баспа машинасы дегеніміз не? Оның артықшылықтары
мен кемшіліктерін атаңыз.
113
Достарыңызбен бөлісу: |