Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет39/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65

ажыратымдылыққа, сондай-ақ, түстерді жеткізудің үлкен тереңділігіне ие 
блу керек. 
Барабандық  сканерлер.  Бұл  сканерлердің  ең  ескі  түрі.  Мұндай 
сканерлер  компьютерге  қосылған  алғашқы  құрылғылар  болып  саналады. 
Сол кезде  сканерлер өте  сирек,  арнайы мамандандырылған және қымбат 
(барабан  сканерлері  үшін,  бұл  қазірдің  өзінде  де  дұрыс),  ең  алдымен 
басып шығару мәселелерін шешуге арналған құрылғылар болды. 
Барабандық сканерлері ең жоғары ажыратымдылық пен динамикалық 
ауқымды қамтамасыз етеді. Мөлдір түпнұсқа (әдетте фотопленка) мөлдір 
айналмалы  барабанға  бекітіледі,  оның  ішінде  ақ  түсті  жарықтандыратын 
шам  орналасқан.  Барабан  беті,  сканерленетін  пленка  бетін  шаң  мен 
сызаттардан бүркемелейтін, арнайы сұйықтықпен жабылады. Барабанның 
бетіне  шоғырланған  фотокөбейткіштерге  негізделген  оптикалық 
сканерлеу  блогы  барабанның  осіне  параллель  қозғалады.  Оның 
сипаттамалары  адамның  көзімен  ажыратылмайтын  жартылай  реңктердің 
сканерлеуіне 
мүмкіндік 
береді 
және 
сканерлеудің 
тиімді 
ажыратымдылығы  барабан  айналу  жылдамдығымен  анықталады.  Түсті 
бөлу,  бірнеше  дихроникалдық  айналар  көмегімен  түйінді  бөлумен 
орындалады. 
Барабандық  сканерлер  қарапайым  пайдаланушыларға  арналмаған, 
себебі  олар  салыстырмалы  түрде  баяу  (сканерлеу  жолдар  бойы  емес, 
нүктелер  бойы),  олар  кітаптарды,  журналдарды  және,  әсіресе,  рельефті 
түпнұсқаларды сканерлеуге қолданылмайды және ең бастысы өте қымбат. 
Соңғы  жылдары  планшетті  сканерлердің  сапасы  жылдам  өсті,  ал  қазір 
барабандық  сканерлер  дерлік  шығарылмайды,  олар  планшеттік 
сканерлермен ауыстырылады. 
Сканерлердің  контрукциясындағы  ұқсас  сипаттамалары  олардың 
мақсаттарына  байланысты  айтарлықтай  өзгеше  болуы  мүмкін.  Мысалы, 
ең  көп  таралған  планшеттік  сканерлер  кеңседе  де,  бейнелермен  кәсіби 
түрде  жұмыс  істейтін  пайдаланушының  жұмыс  үстелінде  де,  веб-
әзірлеуші 
кеңсесінде 
де 
кездеседі. 
Бірақ, 
осы 
сканерлерге 
қолданушылардың талаптары мүлдем басқаша. 
Тұтыну  қасиеттері  тұрғысынан   сканерлер  келесі  түрлерге 
жіктеледі: үйге арналған, кәсіби, құжаттарды сканерлеу, кітап. 
Үйге  арналған  сканерлер.  Өндірушілер  мөлдір  және  мөлдір  емес 
түпнұсқаларды  сканерлеуге  мүмкіндік  беретін  ықшам  және  жеңіл 
үлгілерді  ұсынады  және  сканерлеу  мүмкіндігінше  жылдам  орындалады. 
Дегенмен,  мұқият  болу  керек  және  түсіну  керек,  массаның  және 
өлшемдердің  азаюы,  байланыстық  датчиктерді  пайдаланғандықтан 
болады  және  өндірушімен  мәлімделген  мөлдір  түпнұсқаларды  сканерлеу 
мүмкіндігі,  жиынтықта  35  мм  пленка  үшін  екі  рамка  барымен 
түсіндіріледі. 
Кәсіби сканерлер. Сканердің бұл түрі бейнелермен кәсіби түрде жұмыс 
істейтін қолданушылар пайдаланатын үлгілерді қамтиды - жоғары сапалы 
планшеттік  сканерлерден  бастап  барабандық  сканерлеріне  дейін.  Осы 
типтегі  құрылғылар  сканерлеудің  ең  жоғары  сапасын  қамтамасыз  етеді. 
Бұл  үлгілерде  түйіннің  бөлінуіне  негізделген  түс  бөлу  жүйесі,  кешенді 
оптикалық жүйемен сканерлеу датчиктері қолданылады. Көп жағдайда  
мөлдір түпнұсқалармен жұмыс істеуге арналған қосымша адаптер кәсіби  
      104 


 
планшеттік  сканерлердің  құрамына  кіреді.  Ұсынылған  сипаттамалары 
бойынша  үйге  арналған  модельдерімен  салыстырғанда,  сканерлеу 
жылдамдығы, салмағы және жалпы өлшемдері бойынша кәсіби сканерлер 
ұтылады,  сонымен  бірге,  олар  әлдеқайда  қымбат.  Алайда,  бағаның 
айырмашылығы суреттердің әлдеқайда жоғары сапасымен өтеледі. 
Құжаттарды  сканерлеу.  Қазіргі  уақытта  көптеген  компаниялар 
электрондық 
құжат 
айналымы 
жүйесін 
пайдаланады. 
Мұндай 
компаниялар,  көпжақты  құжаттарды  тез  цифрлай  алатын жоғары  сапалы 
сканерлеу  құрылғыларына  мұқтаж.  Бұл  жұмысты  автоматтандырылған 
құжаттарды беретін планшеттік сканерлер немесе жетілдірілген науалары 
бар  тартылатын  сканерлер  атқарады  –  осындай  модельдерді  көптеген 
өндірушілер ұсынады. 
Кітап  сканерлері.  Көптеген  кітаптар  мен  журналдарды  сканерлеу 
үшін,  сондай-ақ  үлкен  түпнұсқалар  үшін  арнайы  кітап  сканерлері 
қолданылады.  Олар  кітапханаларда,  мұрағаттарда  және  инженерлік 
жобалаумен 
айналысатын 
кәсіпорындарда 
қолданылады. 
Бұл 
құрылғыларда түпнұсқа массивті тұғырға орналастырылады, ал сканерлеу 
блогы оның  үстінде  жылжымайтындай бекітілген. Бұл  конструкция  сізге 
кітапты  ең  қарапайым  жолмен  (оларды  мұқабасын  астына  салып,  оқып 
отырғандай  беттерді  аударып)  сканерлеуге  мүмкіндік  береді,  бұл  ескі 
мұрағаттық құжаттарды және кітаптарды цифрлау кезінде өте маңызды. 
Принтерлер  шығару  құрылғыларына  жатады.  Қазіргі  кезде  ең  көп 
таралған  принтерлердің  бірнеше  түрі  бар:  соққы  типіндегі  принтерлер 
(әдетте  матрицалық),  бүріккіш,  лазерлік,  сублимациялық,  балауыз 
жақпасымен термиялық принтерлері. 
Соққы  типіндегі  принтерлер.  Бұл  принтердің  ең  ескі  түрі,  ол  өте 
төмен  баспа  сапасымен  сипатталады,  жұмыс  істегенде  ерекше  шу 
шығарады, сондықтан кеңселерде матрицалық принтерлер қазіргі заманғы 
үлгілермен  толық  ауыстырылды.  Дегенмен,  матрицалық  принтерлердің 
жақсы  жақтары  да  бар.  Іс  жүзінде  барлық  дерлік  матрицалық 
принтерлерде басып шығару үшін әр түрлі парақтар мен қағаз орамдарын 
пайдалануға  болады,  лазерлік  және  бүріккіш  принтерлердің  барлығында 
осындай  мүмкіндіктері  жоқ.  Матрицалық  принтерлер  соққыны 
қолданғандықтан  (яғни,  принтердің  басы  мен  қағазы  арасындағы 
байланыс  болғандықтан)  қосымша  материалдарды  пайдалану  арқылы 
оларда  бір  уақытта  бірнеше  көшірме  жасауға  болады,  лазерлік  және 
бүріккіш  принтерде  секілді  бірінен  соң  бірін  емес.  Осыған  байланысты, 
матрицалық принтерлер әлі күнге дейін банктерде және сауда саласында 
қолданылады. 
Бүріккіш принтерлер. Қазіргі уақытта бүріккіш басып шығарудың екі 
негізгі  түрі  бар:  термиялық  және  пьезоэлектрлік.  Бұл  терминдер 
картридждерден  шүмектер  арқылы  сияны  шашырату  технологиясын 
сипаттайды. Картридж сұйық сиясы бар резервуардан және сияны қағазға 
шығаратын шағын (шамамен бір микрон) тесіктерден тұрады. Саңылаулар 
саны принтердің ажыратымдылығына байланысты болады және бір түске 
21-ден  256-ға  дейін  өзгеруі  мүмкін.  Түсті  принтерлер  төрт  (немесе 
көбірек)  түрлі  түсті  бояуы  бар  резервуарлар  (көгілдір,  қызылкүрең,  сары 
және  қара)  пайдаланылады.  Бұл  төрт  түсті  араластырғанда,  кез-келген 
дерлік түсті шығаруға болады. Ашық түстерді нақты беру үшін қызғылт,  
105 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау