7 ТАРАУ
КОМПЬЮТЕРЛІК ДИЗАЙНГЕ АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАЛАР
7.1
РАСТРЛЫҚ СУРЕТТЕР РЕДАКТОРЫ
Растрлық графика редакторларының көптеген түрлері белгілі. Мұндай
бағдарламалрдың негізгі ерекшеліктерін ең танымал редакторAdobe
PhotoShop мысалы негізінде қарастырамыз. Бұл бағдарлама суреттерді
нөлден жасауға, сондай ақ, дайын сандық суреттерді өндеуге мүмкіндік
береді, суреттерді баспаға және жоғары сапалы шығаруға дәлдеу, өндеу,
дайындауға
арналған
барлық
құралдармен
қамтамасыз
етеді.
Бағдарламаның кең қолданылатын салаларының біріне веб-дизайн және
электронды жарияланымдар жатады. PhotoShop – өз сыныбында ең
қуатты және қызмет аясы кең бағдарлама. Сондай-ақ, PhotoShop RGB-ден
CMYK түсті кеңістігіне өту алгоритмі сәтті іске асырылған, сондықтан,
растрлы суреттерді баспаға дайындау үшін Adobe PhotoShop
бағдарламасын қолдану ұсынылады.
Adobe PhotoShop бағдарламасының жұмыс ерекшеліктерін меңгеру
үшін көптеген арнайы әдебиеттер бар, сондықтан, бағдарламаның ең
негізгі қызметтерін қысқаша қарасытырамыз.
PhotoShop жұмыс үстелі 7.1-суретте келтірілген. PhotoShop жұмыс
үстелінің көптеген элементтері Windows немесе Mac OS X
қолданушыларына таныс болуы мүмкін. Мәзір жолы командаларға қол
жеткізуге мүмкіндік береді, сурет терезесін тышқан көмегімен қозғалтуға
болады, айналдыру жолағы қазіргі мезетте терезе шекарасынан тыс
суреттің бөліктерін экранға шығару мүмкіндігін береді. Дағдылы
элементтермен қатар, жұмыс үстелінің таныс емес элементтері бар.
Сурет терезесі. PhotoShop компьютердің оперативтік жадысы жеткенше
бір уақытта бірнеше суретті ашуға болады. Әр сурет жеке терезеде
ашылады. Суреттер барлығы көрінетін масштабта ашылады. Суреттерді
жете қарап шығару үшін үлкейтуге, немесе, керісінше, кішірейтуге
болады. Сурет терезесінің атауында сурет атауы, көрсетілген сурет
өлшемі (пайызбен), түс режимі көрсетіледі. 100% масштаб, экранның бір
пикселі суреттің баспа таңбаның нақты өлшемін емес, бір пикселіне
сәйкес келетінін білдіреді.
114
7.1-сурет. Adobe PhotoShop бағдарламасының жұмыс терезесі
7.1-Сурет. Аdobe Photoshop жұмыс терезесі
Құралдар панелі. Бұл панель әртүрлі құралдардың белгілері бар
батырмалардан тұрады. Олар панельдің жоғарғы бөлігінен белгілеу
құралдарынан бастап топтарға бөлінген. Соңғы нұсқаларда құралдар саны
көбейді, сондықтан, экранды толтырып тастамау мақсатында кейбір
батырмалардың астында бірнеше құрал жасырылады. Егер батырманың
төменгі сол жақ бұрышында кішкентай үшбұрыш бар болса, оған тышқан
меңзерін жақындатып, қалқыма мәзір шықпағанша сол жақ батырмасын
басу қажет (7.2-сурет). Тышқанды басып, қажетті құрал таңдалады
(немесе батырмаларды немесе олардың пернетақтадағы тіркесін басу
арқылы), суретті шерту немесе сурет ішіндегі аймақты белгілеу арқылы
қолданылады. Панельдің төменгі бөлігінде төрт басқару элементі
орналасқан: түсті блок құралдары – сурет салу және түс өзгерту үшін
қолданылады; пішіндер блогының құралдары – тез пішіндер құру
режиміне кіріп, шығуға мүмкіндік береді; сурет терзесімен жұмыс
жасауға арналған құралдар – бейнелену режимін өзгертуге арналған; түс
таңдау батырмалары.
115
Параметрлер панелі Сурет атауы Мәзір жолағы
Құралдар панелі
Түстерді басқару
Пішінді басқару
Масштаб Ақпараттық өріс Сурет терезесі Палитралар
7.2-сурет.Adobe
PhotoShop
құралдар панелі
Қалқымалы палитралар.
Қалқымалы
палитралар
санына құралдар панелі және
құралдар параметрлері панелі
кірмейді.
Қалқымалы
палитралар терезе өлшеміне
байланысты емес, оларды
топтауға,
бағдарлама
терезесінде
қозғалтуға,
экранға қолданушыға қажетті
палитраларды
шығаруға
немесе жасыруға (Window
(Терезе)
мәзірі
тізімінде
қажетті
палитраға
қарсы
қанат белгісін қою немесе
алып тастау қажет) болады.
Әрбір
палитра
суретпен
жұмыс жасау кезінде белгілі
міндеттерді
орындауға
мүмкіндік береді.
Біріктіру панелі. Панель
құралдар параметрі панелінің
оң жақ бөлігінде орналасады,
қалқымалы палитраларды біріктіру панелі болып табылады. Бұл панельге
барлық палитралар үнсіз келісім бойынша қосылады.
Құжат көлемі. Сурет көлеміне келсек, ақпараттық өрісте қиғаш
сызықпен бөлінген екі сан көрсетіледі. Сандаурдың екеуі де бір суреттің
жадыдағы алатын орнын көрсетеді, бірақ олар әртүрлі есептеледі. Бірінші
жағдайда негізгі суреттің жадыда қосымша қабатсыз, пішінсіз, мәтінсіз
және т.б. алатын көлемі көрсетілген (пиксельмен өлшенетін сурет
биіктігін оның ұзындығы мен еніне көбейту бір пиксельдің жадыда
алатын көлем мәнін береді). Екінші сан барлық аталған ерекшеліктерді
ескеріп, суреттің шынайы өлшемін есептейді. Бұл алынатын файлдың
өлшемі туралы мәліметке ие болуға, көрінетін және көрінбейтін сөздердің
қабаттасытырылуы файл өлшемін өзгертуге әкелетінін, бағдарламаның
баяу жұмыс жасауына әкелетінін көруге мүмкіндік береді.
PhotoShop құралдар панелі. PhotoShop барлық нұсқаларында
құралдар панелі (7.2-сурет) басқа да басқару құралдарымен қатар
толықтырылып, өзгертілді, бірақ құралдар тобы өзгерусіз қалды.
Бағдарлама нұсқаларының бірімен танысып, басқа жаңа немесе ескі
нұсқаларымен жұмыс жасауда қиындық тумайды. PhotoShop
өндірушілері
бағдарлама
қолданушыларының
қалауын
ескеріп,
бағдарламаның келесі нұсқалары ыңғайлы және интуитвиті түсінікті бола
түседі.
116
Достарыңызбен бөлісу: |