399
кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1
ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.
Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті
оқытуды дамыту болып саналады.
Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және
арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.
Инклюзивті оқыту - барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп ӛміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу
тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге
оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Тәжірибе кӛрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бӛлігі шығып қалады, ӛйткені қалыптасқан жүйе мұндай
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп ӛміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру
мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың
мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын
ӛңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге
енгізілген ӛзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың
жағдайлары да ӛзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған
балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Ӛйткені, олар бір-
бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының
400
қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім
беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай,
балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына
арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат.
[1]
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал.
Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру
бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан
бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа ӛздерінің білім беру
саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті
білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының
Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» кӛрсетілді.
Осы бағдарлама тӛңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру
мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу кӛзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді. Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы ӛмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек
балалар үшін кӛтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бӛлмелерде арнайы
құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да
арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар»
құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға
және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде
педагог-дефектологтардың,
балаларды
психологиялық-педагогикалық