401
сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың
болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері
мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету
сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі
шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына,
оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім
алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға
болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта
жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті
оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.Қазір
олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, ӛзгелермен теңдей білім алуына
жағдай жасау қажет.
Әдебиеттер:
1. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету
арқылы қолдау туралы. ҚР №343 заңы, 2002.
2. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010.
3. Қ.Бисенов
.//
Егемен Қазақстан,
Сенбі, 18 мамыр, 2013.
4. Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік
педагог.-№4, 2010.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ - АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ
Молдагалиева Р.Ш
1
., Салимова А.С.
2
Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті,
Кӛкшетау қ.
1
, с. Зеленый Гай
2
, Қазақстан
moldagalieva_66@mail.ru
,
salimova.1967@inbox.ru
Мақала қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып
отырған инклюзивті білім беру мәселесіне арналған. Әрі балалардың жеке
сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуы арқылы
білім беру қарастырылған. Инклюзивті білім беру мәселесінің даму тарихына
402
шолу жасалған. Сонымен қатар білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі
шектеулі балаларға айрықша орын бӛлінген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «білім беру
жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар
жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты
байыту» деп атап кӛрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының
жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын
бӛлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет –
олардың әлеуметтік аяқталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды ӛмірге
дайындалуына жағдай жасау және кӛмектесу.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
осы мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның
ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына
арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат.
Елбасымыздың «Қазақстан -2020» бағдарламасы негізінде елімізде жаңа
науқан – инклюзивті білім пайда болды. Бірақ біз оған дайынбыз ба, әлде жоқ
па?
Инклюзивті білім немесе басқаша айтқанда «баршаға білім» атты
бағдарлама негізі– ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептерде оқыту. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан
бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа ӛздерінің білім беру
саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал біздің елімізде инклюзивті білім
беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім
беруді
дамытудың
2010-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында» кӛрсетілді. Осы бағдарлама тӛңірегінде инклюзивті білім
беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді
шешу кӛзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары