Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет136/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   219

289 

 

технологияны ендіруді міндеттейді. 



Оқушылардың    қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін, 

ӛзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір 

–  кӛзқарастары  жүйелі  дамыған,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  ӛз  деңгейінде 

меңгерумен  қатар,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы 

ретінде   қалыптасуын  қамтиды.  Еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақ  қолында.  Қазіргі 

заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға 

қойып  отыр.Сондықтан  сапалы  білім  беруде  атқарылатын  қарқынды  жұмыс 

мұғалімдердің  еншісінде  екенін  айтпасақта  белгілі.Қазіргі  заман  талабына  сай 

 оқыту  да  білім  беруді  жаңашаландыру  –  оқу  тәрбие  үдерісін  даралау, 

демократияландыру  –  жаңа  тақырыпты  оқушылардың  ӛздеріне  меңгере 

алатындай  мүмкіндік    беру,  ізгілендіру,  түрлендіру,  тұлғаға  бағытталған  білім 

беру  ұстанымдары  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.Ол оқыту әдісін таңдау, жүйелі 

ойлауға  үйрету,  оқушының  талантын  зерттеу  және  анықтау,   сандық 

технологиялар 

саласындағы 

жоғары 

құзыреттілікті 



дамыту 

болып 


табылады.Мен    жаңа  тәсілдерді  қолдануда  «диалогтік  оқытудың  маңызын» 

басшылыққа  алдым.  Оқыту  мен  оқудағы  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы 

байланыс  ол  диалог  арқылы  болары  сӛзсіз.  Осы  диалогтікті  оқытуды  сабақ 

барысында  тиімді  қолданылғанда  оқушылар  ӛз  ойларын  жетік  білдіруге, 

кӛзқарастарын  ашық  айтуға,  еркін  сӛйлеуіне,    ізденіс  жасай  отырып  дамуына 

кӛмектеседі.  Бұл  үдерісте  оқушылар  түсінеді,  бақылайды,  ізденеді,  зерттейді,  

ӛздерін  қадағалап  отырады.  Берілген  тапсырмалар  арқылы  ӛзін-ӛзі  реттей 

отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Себебі топ мүшелері бірге 

жұмыс  жасауға  тырысады,  топта  ынтымақтастық  атмосферасын  құра  отырып, 

жаңа  тақырыпты  ӛз  бетінше  меңгеруге  мүмкіндік  туындайды.Әр  мұғалім  ӛз 

сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сӛзсіз. Сол арқылы 

оқушының  сабақты  қаншалықты    меңгергенін  біліп,  олардың  сабақты  қалай 

игеріп отырғанын қадағалап, сабақтың барысын бағыттаушы ретінде іс әрекет 

жасауға  мүмкіндік  туады.Сондықтан  оқушыларды  диологке  тарту  барысында 

сұрақ қоюдың  тӛмен және жоғары дәрежелі болып бӛлінетін екі түрі бар екенін 

естен шығармаған жӛн шығар.Тӛмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс 

емес»  деп  бӛлінеді.  Бұл  сұрақ  түрлері  оқушыны  терең  ойландармайды.Ол 

жаттап  алуға  бағытталып  бағаланып  отырады.  Ал  жоғары  деңгейлі  сұрақтар 

оқушыны  жан-жақты  ойландырып,  ішкі  пікірін  ортаға  сала,  іздене  отырып 

жауап беруге жетелейді. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа 

байланысты  түсіндірме,  сынама,ӛткір  сұрақтар  арқылы    білімдерін  бекітуге 

болады.  Ал  оқушының  берген  жауабы  қате  болған  жағдайда,  оларды  бірден 

тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып,ӛз қателерін 

табуға,  түзетуге мүмкіндік беруіміз керек.Ӛз қатесін түзете отырып  сабақ алуы 

керек  ,оларды  тақырыпқа  қарай  бағыттап  сұрақ  қоя  отырып  дұрыс  жауабын 

табуға    кӛмектесуіміз  қажет. Сол  себепті  мұғалім      қате  жауабын  бас  изеп 

қабылдай  берсе  оқушы   «мен  білемін»  деген  оймен   тақырыпты  меңгермей 

қалуы да мүмкін. Диалогтік оқытудың тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда 




290 

 

жетекші,  кесімді  сұрақ  қою  арқылы  оқушының  сындарлы  сӛйлеуіне 



ынталандыруға,  білімге  құштарлығын  оятуға,  сыни  тұрғыда  ойлауға  ықпал 

етуге  тырысамын.Оқушылар  бір-бірін  үйретіп,  үйренуге,пікір  бӛлісіп,  оны 

құрметтей  білуге,  ӛздерін  және  ӛзгені  бағалай  білуге,  бірімен  бірі  диалогтік 

қатынасқа  түсуге,  бір-біріне  сұрақтар    қоя  білуге,  ойын  жинақтап,  талдауға 

үйренетіндігін,  кез  келген  жағдайды  шешуде  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен 

оқушы  және  ӛзгелер  арасында  серіктестік  құру  арқылы  ой  бӛлісетіндігін 

қадағалап  басшылыққа  алып  отырамын.Мерсердің   зерттеуіне  сәйкес, 

әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бӛлігі 

деген.Оқушылардың білім алуда сұраққа ізденуі, зерттеу арқылы  жауап беруі, 

тыңдауы  мен  сӛйлеуі  арасында  байланыс   анағұрлым  нәтижелі  болатынына 

кӛзім  жетті.  Оқушылар  шағын  топтарда  жұмыс  жасай  отырып,  бір-  бірімен 

пікір  алмасып,  ойларын  ортаға  салып,  баға  бере  біледі.Оқушы  қойылған 

сұрақтарға  жауап  беру  арқылы білімдерін  шыңдайды.Сонымен  қатардиалогтік 

оқыту  әдісі    оқушыларды  сұрақ  қойып,  әңгіме  жазуға,  пікірталас 

ұйымдастырып, ӛз ойын дәлелдей білуге машықтандырады. Диологтік оқытуды 

ӛз  тәжирбиемде    қолдану  арқылы  оқушыларды  ӛзіне  деген  сенімділігін,  ӛз 

бетінше  ізденіп  ақпаратты  сараптай  алуға  ұмтылыс  жасай  бастағандарын 

байқадым.Оқушылар  сабақта  берілген  тақырыптан  тыс  ақпарат  жинап  келіп, 

оны  ӛз  топтарында  еркін  бӛлісуі  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  үлкен 

жетістік.  Диологтік  оқыту  арқылы  сыныпта  оқушылар  бір-  біріне  деңгейлік 

сұрақтар  қоюға,олардың  жауаптарына  ӛз  пікірлерін  қоса  отырып  ақпаратты 

толықтыруға  дағдылана  бастады.  Себебі оқушы  ӛзін ойландырған сұраққа  тек 

жауап  қана  алып  қоймайды, ӛзі  білетін  ақпаратқа  қосымша  ақпарат  алып  оны 

жүйелеу, сараптауға үйренеді. Осындай әдіс- тәсілдер оқушының алған білімін 

шыңдап, оның есінде ұзақ уақытқа сақталады. Қай кезеңде болмасын ұстаздар 

ӛз  сабақтарында    диологтық  окыту  әдісін  қолданып  келеді.Бұл  әдіс    барлық 

пәндерде  қолданылады.  Тек  қазіргі  кезде    заманның  талабына  сай    жаңа 

ақпаратпен  оқушы  ӛзінің  ізденуі  арқылы  білімін  толықтырып  отыруы 

тиіс.Сонда  ғана  олардың  алған  білімдері  шыңдалып,  ұзақ  уақытта  естерінде 

қалады.Менің  байқағаным  оқушылар  бір-  бірімен  сұхбаттасып,  бір-  біріне 

сұрақтар қойып, пікір таласқа түскенде алған жаңа ақпараттары олардың есінде 

ұзаққа  сақталып  жүйелініп  отыратынын  кӛрсетті.Диологтік  оқыту  сонымен 

қатар  ӛздеріне  сенімсіз,  сӛздік  қоры  аз,  ұяң  оқушылардың  ашылуына  да  әсер 

етеді.Бұл  оқушылар  диологқа  түсу  арқылы  ӛз  ойларын  топпен  бӛлісуге 

тырысады,  ӛзін  ойландыратын  сұрақтарға  белсене  жауап  іздей  бастайтынын 

байқадым.  Дүниетану    пәнінде  оқушыларға  түрлі  деңгейдегі  сұрақтар  қою 

арқылы  тақырыптың  тӛңірегінен  шығып  жан-  жақты  қызықтар  деректер  мен 

ақпараттар жинайтын болды.Себебі сабақта олар ӛздері жинақтаған деректерді 

«Қар  кӛшкіні»  әдісі  қолдану  арқылы  ортаға  салып,  белсенді  пікір  таластыра 

бастады.Сыныпта  кімнің  жинақтаған  деректері  қызықты  және  тақырыпқа  сай 

қосымша ақпарат беретінін ӛздері талдап, бағалау барысында ерекше атап кету 

арқылы марапаттау жұмысын жүргізіп отырды.Осындай пікір таластар арқылы 

оқушылардың пәнге деген ерекше қызығушылықтарын байқадым.Қазіргі кезде 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау