35
орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естері-
не түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқи-
ғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Ба-
лалардың өткен тақырыпты естеріне түсіруге және жаңа мате-
риалдарды меңгертуге мазмұнды суреттер беріліп әңгімелеу
ұсынылады.
Эвристикалық әдістің көмегімен байланыстырып сөй-
леуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен
тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғы-
зылады. Сондай-ақ баладан ойын жүйелі құрастыруға және то-
лық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау,
әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері, мек-
тепалды даярлық тобындағы балалардың ойын, өрбітіп, байла-
ныстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды
жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін
қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеру-
ге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде
немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойынды қолдану-
дың ерекше көңіл бөлетін негізгі шарттары бар. Олар:
- ойын балалардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
- балалардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- ойынның нәтижесі бірден қорытылып отырылады.
Педагог-тәрбиешілер сабақта ойын элементін қолдану
барысында мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
- ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде
қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерек-
шелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын;
- ойынға қатысушылардың санын анықтау;
- ойын барысында қолданылатын материалдардың тар-
тымдылығы;
- ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
36
- ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның
әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәй-
кестігі;
- балалардың ойынға қатысу белсенділігін бақылауға;
-
ойынды қорытындылау, оның нәтижесін хабарлауға тиісті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі және орынды
қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынта-
сын арттырып, білім дағдыларын игеруге іскерліктерін шың-
дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды.
Зерттеу кезінде тәрбиеші-педагогтің басқаруымен ойын
ұйымдастырып, баланың жеке басының ерекшелігіне: мінез-құл-
қы, сана-сезімі, ерік-жігеріне ықпал жасайтындай жағдай туғы-
зып, тікелей табиғат құбылыстарымен, табиғат заттарымен та-
ныстыра отырып, олар туралы балалардың саналы білімін қа-
лыптастыру мақсатын көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету мақсатымен “Ыстық
күн”,“Көктемгі жаңбыр”,“Автомобиль”,“Алтын күз бізге не бер-
ді”, “Кімнің қадамы алшақ”, “Кім тез ойлайды”, “Сөз ойла”, т.б.
ойындар алдын ала дайындалды. Ойын кезінде балалар рөлге
бөлінеді. Әр рөлдегілер өз міндетін түсініп алады.
Ойынның аты – “Ыстық күн”.
Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарының тіршілікке
тигізетін пайдасын, ерекшеліктерін түсіндіру. Осының негізінде
байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген қызы-
ғушылықтарын арттыру.
Ойын шарты: жаз мезгілі. Ыстық күндегі алма ағашы-
ның
көрінісі. Ыстықтан
шөлдеп тұрған алма ағашына табиғат құ-
былыстарының тигізетін әсері, күн, жел, бұлт, жаңбыр. Табиғат
құбылыстарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы және тірі
табиғатпен байланысы. Осыларды өз сөздерімен айтып жеткізу.
Рөлдерде: Алма ағашы – Рауан
Күн – Мақпал
Жел – Алмас
Бұлттар – Олжаc, Қуаныш
Жаңбыр – Сымбат, Нұржан
Кемпірқосақ – Жұлдыз.
37
Керекті көрнекіліктер: алма ағашы болып киінген бала,
бұлттың, жаңбырдың, кемпірқосақтың суреттерін салған плакаттар.
Ойын барысы: күн ыстық. Алма ағашы ыстықтан қатты
шөлдейді. Шөлге шыдай алмаған алма ағашы Күнге:
– Күн, қандай ыстықсың. Мен ыстықтан қатты шөлде-
дім, – дейді.
Күн: Жарайды, онда мен желге бұйырамын, ол бұлттар-
ды айдап келсін. Бұлттан жаңбыр жаусын.
Күн: Жел, ағаштар шөлдеп кетіпті, бұлттарды қуып кел-
ші, -дейді.
Жел уілдеп барып бұлтты қуып келеді.
Бұлт: Жаңбыр, жаңбыр, жауыңдар, Шөлдемесін тіршілік.
Жаңбыр: Біз тіл алғыш тамшымыз, Айтсаң болды, жауа-
мыз, – дейді.
Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді. Ол күліп:
–
Амансыңдар ма, достарым
,
жаңбырдан нәр алдыңдар
ма?
Шөлдеріңді қандырдыңдар ма?
Алма ағашы: Сәлеметсің бе, кемпірқосақ, иә, шөліміз
қанып қалды.
Күн: Алма ағашы, шөлің қанды ма?
Алма ағашы: – Ризамын, Күн, барлық тірі табиғат жаң-
бырдан нәр алады. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер, –
дейді. Ойын соңында бәрі “Жауын” әнін айтады (әні мен сөзі
Ж.Мусинанікі).
Жау, жау, жауын, жау жауын,
Көктеп кетсін бақ-бауың,
Бізге керек жеміс-жидек.
Алма, алмұрт, тәтті қауын,
Жау, жау, жауын! Жау жауын!
Ойынға топтағы барлық бала қатысады. Егер, ойынды
бірнеше рет қайталауды балалар өтінсе , олардың тілегін қана-
ғаттандырған абзал. Рөлдерді әр бала өз қалауларымен таңдай-
ды.
Ойын барысында
балалар белсенділік танытуы мүмкін. Мұн-
дай ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат табиғат құбылыс-
тарының тірі табиғатқа ықпалы зор екенін, табиғат объектіле-
рінің бір-бірімен өзара байланысты болатындығын біліп, олар-
Достарыңызбен бөлісу: |