23
себепті адам өміріне қауіпті (сүмеленген мұз тұрған жерден жү-
руге болмайды) екенін жан-жақты қарап алуды ұсынған дұрыс.
Балалар қоршаған дүниені оларға тәрбиеші жетекшілік
жасаған кезде ғана емес, сондай-ақ, өзіндік жұмыс барысында
белсенді түрде тани алады. Олар көп нәрсені көреді, бірақ бәрін
бірдей дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан, баланың кез келген
уақыттағы сұрағына дәйекті түрде жауап беріп, табиғат туралы
балалардың білім деңгейін арттыру қажет.
Түрлі бақылаулар баланың бойында өзіндік істі атқару
білігін, ұйымшылдықты, тәртіптілікті, бастампаздықты тәрбие-
леуге көмектеседі. Бақылау – оқыту (үйрету) әдісі ретінде де ба-
ланы дамытуда үлкен рөл атқарады. Бақылаулар үрдісінде түсі-
ніктерді қалыптастыруға дұрыс материал беретін бейнелі ұғым-
дар жинақталады. Бақылау кезінде бала бойында нақты ұғым
адамгершілік қасиеттер пайда болады және олар нығаяды.
Бақылау мақсат қоюдан, тапсырмаларды хабарлаудан
және объектілерді белгілеуден басталды. Тапсырмалар балалар-
дың назарын нақты заттарға немесе бақылау жүргізу баланы ті-
келей қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды және олар-
дың бөліктерін айқындауға бағытталынады. Бақылау жасау үшін
объектілерді таңдау, айқындауға маңызды жағдай. Бақылау үр-
дісі құбылысты тұтастай қарауға (жалпы ұғым қалыптасты) ба-
ғытталып, бір ғана бөлшекті егжей-тегжейлі қарауға, соған ғана
назар аудару ұсынылады.
Табиғат құбылыстарын бақылауға көңіл қою жолына тө-
мендегі тәсілдер ұсынылады. Бақылаудан кейін балаға көзін жұ-
мып жаңа ғана нені көргенін көз алдына елестету, содан соң кө-
зін ашуын және нені жете көрмегенін нақтылау ұсынылды.
Ауызша сипаттамаларды тыңдау, бақылау материалдары бойын-
ша жасалған суреттерге талдау жасау – тиімді тәсілдердің бірі.
Ойша немесе заттың өзіне қарап салынған ақ-қара түсті сурет-
терді баланың бақылаған бейнені санада бекітудің жақсы тәсілі
ретінде қолданады.
Бақылаулардың тиімділігін арттыру үшін балалардың
бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне жаздырып отыру қа-
жет. Ол үшін суреттер мен тапсырмалар пайдаланануға болады.
24
Бақылау сабағы кезінде олардың сұраққа дұрыс жауап
беруін қадағалап отыру тәрбиешінің басты міндеті десек, бұл
жөнінде Е.И.Тихеева мынадай талаптар ұсынады.
1. Баяндау,әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан алшақ кет-
пеуге тиісті.
2. Сол түсіндірілген тақырып бойынша баланы қорытынды пі-
кірге жеткізуі керек.
3. Баяндау кезінде баланың ойын бөлмеу қажет. Кейбір ескерту
түзетулерді бала жауап беріп болғаннан кейін айтып түсіндіру
қажет.
4. Әңгімелесу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ қойып
дағдылануы керек.
5. Баяңдалатын оқиға баланың өзіне бұрыннан таныс болса тәр-
биешінің түсіндіруінсіз бала жауап беруі қажет.
6. Берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін қатысты-
ру қажет.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде топсая-
хаттың алатын орны ерекше.
Балаларды қоршаған өмірдегі байланыстар мен қара-
пайым заңдылықтарды түсінуге қол жеткізу, жылдың және күн-
нің әр уақытында топсаяхатқа апару тәрбиешіден үлкен ше-
берлікті талап етеді.
Топсаяхатты ұйымдастырғанда төмендегідей танымдық
міндеттер қарастырылады:
-бақылаушылық пен қызығушылықты дамыту;
-табиғаттың объектілері мен құбылыстарына белсенді
және дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу. Табиғатта болатын құ-
былыстардың бірізділігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Баланың дамуы тек ұғым жиынтығын игерумен алға бас-
пайтыны жалпыға мәлім. Бала ақыл-ойының дамуы қабылдау-
дың
белсенді және шығармашылықпен
қайта өңдеуді талап етеді.
Бұлардың бәрінен сабаққа бақылауды әдіс ретінде қол-
дану, педагогиканың негізгі қағидасын орындауды оқыту (үйре-
ту) үрдісінде баланың белсенділігін талап етеді.
25
Танымдық белсенділік немесе білуге құмарлық – қор-
шаған дүниенің құбылыстары туралы білім алуға ұмтылушы-
лық. Танымдық белсенділік – баланың танымдық қызметінің
дамуы. Танымдық қызметті барынша жоғары деңгейге көтеру
үшін тәжірибе, бақылау, зерттеушілік әрекеттерін күшейту жағы
міндет ретінде қойылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастырғанда қазірдің өзінде
бала бойында дамыған қажеттілікке, ең алдымен оның үлкен-
дермен қарым-қатынас жасауына сүйену керек.
Біз танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін мына-
ларды орындауға тиіспіз:
- балада танымдық қажеттіліктің барынша жоғары дең-
гейінің мазмұнына жауап беретіндей затқа қарым-қатынас жа-
сауына;
- затпен емес, оның өзінің оймен реттелініп отыратын
балаға барынша іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар
жасауына.
Балаға тән ерекшелік өз кезегінде ойға оралған мәселені
сипаттаумен логикалық ойлауды қалыптастыратын танымдық
қызметке талпыну талабы болып табылады. Логикалық ойлауды
дамыту үшін баланың алдына қоршаған дүниедегі заттар мен
құбылыстарды тікелей қабылдау барысында алынған, әлі де
белгісіз, жаңаны білуге қажеттігі бар белгілі фактілерді талдауға
және жинақтауға мәжбүр ететін міндеттерді қою қажет. Бала-
лардың ойлауын дамытатын күшті құрал – қоршаған орта, яғни
табиғат және оның заттары мен құбылыстары болып табылады.
Бақылау жүргізу кезінде мектеп жасына дейінгі балалар-
дың логикалық ойлауын дамытуға көмектесетін түрлі тәсілдерді
(салыстыруларды) пайдалануға болады. Бақылау жүргізіп жат-
тыққан балалар салыстыру тәсілін де меңгере біледі. Салыстыру
көмегімен заттардағы және құбылыстардағы ұқсас және ерекше
белгілерді (мысалы, қыздыру және сүтті қайнату кезінде сұйық
заттың көлемінің ұлғаюы жөніндегі тәжірибе, оны балалардың
өздері де айтып береді), олардың елеулі, басты ерекшеліктерін
бөліп алуға, зерттелініп отырған объектілердің кейбір ортақ бел-
гілерін табуға үйренеді. Мысалы, буды суға айналдыру жөнін-
Достарыңызбен бөлісу: |