(IV)
ССК сапарының сипаттамасы
ССК жұмысы 2018 жылдың 13 наурызынан 15 наурызына дейін « Мейір Бейс» Леңгер
медициналық колледжінің білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу үшін
сараптама комиссиясының сапары бағдарламасының негізінде жүзеге асырылды.
Колледждің білім беру бағдарламалары мен барлық инфрақұрылымының сапасы туралы
шынайы ақпарат алу үшін, өзін-өзі бағалау туралы есептердің мазмұнын түсіндіру мақсатында:
директор, оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі
директордың орынбасары, кадр бөлімінің бастығы, ПӘБ төрайымдары, бөлім меңгерушілері,
әдіскер, бас бухгалтер, оқытушылар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілермен кездесулер
өткізілді. Кластерлік кездесулерге барлығы 292 адам қатысты.
Кесте 2- кездесуге қатысушылардың категориясы мен саны
Қатысушылар категориясы
саны
Директор
1
Директордың орынбасары
2
Бөлімшелер басшылары
8
бас бухгалтер
1
кадр бөлімінің меңгерушісі
1
оқытушылар
20
әдіскер
1
Студенттер
217
түлектер
37
Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер
4
Барлығы
292
ССК жұмысы барысында колледждің инфрақұрылымына визуальды тексеру
жүргізілді: аудиториялар, компьютерлік сыныптар, кітапхана, оқу залы, спорт залы,
медициналық орталық, асхана, жатақхана, симуляциялық орталық, клиникалық-
практикалық кабинеттер. Пәндік әдістемелік комиссиялардың құжаттары, аккредиттелген
білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық ұйымдар:Ленгер қалалық
ауруханасы (Ленгер), Ленгер қалалық емханасы (Ленгер) аккредитациядан өткен
бағдарламалардың практикалық сабақтарының негізіне сәйкес келд
і.
Оқу, өндірістік және кәсіптік практика жүргізу үшін колледж тарапынан Оңтүстік
Қазақстан облысы Төлеби ауданының емдеу-профилактикалық ұйымдарының басшыларымен
келісімдер жасалған. Негізгі медициналық ұйымдармен мен тығыз байланыс бар. Медициналық
білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік кәсіптік оқыту деңгейін жұмыс берушілердің
қажеттіліктеріне жақындатуға, колледждің медициналық мекемелермен байланысын нығайтуға
бағытталған.
Медициналық ұйымдармен және колледждермен әлеуметтік әріптестікті нығайту және
дамыту мақсатында келесі бағыттар бойынша белгілі бір бірлескен жұмыс жүргізілуде:
білікті мамандарды даярлауды болжау, білім беру мекемесі мен МҰ-мен арасындағы қарым-
қатынасты жақсарту.
Ағымдағы практикада нақты жұмыс орындарында студенттерді практикалық оқыту,
студенттерді аттестациялауға қатысу, бірлескен іс-шаралар өткізу, колледж айналасында
экскурсия ұйымдастыру, мамандықпен танысу сияқты ынтымақтастық формалары жиі
қолданылады.
Медициналық ұйымдарда студенттерге сапалыоқу-өндірістік тәжірибе үшін қажетті
жағдайлар жасалған.МККМ Леңгер қалалық ауруханасының Мемлекеттік санитарлық
инспекциясында колледж студенттеріне арналған екі оқу залы бөлінген..
Тәжірибелік сабақтардың барлық түрлерін сапалы өткізу үшін қаланың және ауданның 7
медициналық ұйымымен келісім-шарттар қайта тіркелді. Қосарланған оқытудың элементтері
терапевтік негіздердің білім беру процесіне белсенді қатысатын және толыққанды қатысушылары
болуына, білім мазмұнын толық игеруге және колледжге - халыққа медициналық көмек көрсету
сапасына әсер етуге мүмкіндік береді.
Практикалық базаға барған кезде сарапшылар медициналық ұйымдардың
материалдық-техникалық базасымен танысып, әкімшілік ғимаратта, студенттердің
кәсіптік практикадан өтетін арнайы бөлімдерінде болды. ССК мүшелері тағылымдамадан
өтуге қойылатын талаптар бойынша бас дәрігерлер, бөлім меңгерушілерімен және бас
және аға медбикелермен кездесті.
МККМ Ленгер қалалық ауруханасы мен Ленгер қалалық емханасы өндірістік тәжірибе
кезеңінде жұмыс орындарын қамтамасыз етумен қатар, оқу -жұмыс жоспарлары мен оқу
бағдарлама -ларының мазмұнын түзетуге, сондай-ақ студенттердің білімдерін, дағдыларын және
кәсіби шеберліктерін бағалауға қатысады. Практикалық базаға бару барысында колледждің
үшінші курс студенттерінің өндірістік практикасынан өту туралы дәлелдер алынды.
Өндірістік практика барысында колледж директорының және МҰ басшысының
бұйрығымен жалпы және нақты қадағалаушы (тәлімгер) тағайындалады. Медициналық
мекемелердің басшыларының колледж студенттері мен колледж түлектері туралы пікірлер оң.
Мамандарды сапалы дайындаудың дәлелі - бұл Ленгер медициналық колледжінің түлектерінің
аудандық, қалалық МҰ бөлімдерінде негізінен колледж түлектерінің жұмыс жасауы,.
ССК мүшелері Ленгер қалалық ауруханасының клиникалық ауруханасына барды.
Бас дәрігер Ж.С. Нышановпен кездесу өткізілді, әңгіме барысында Ленгер қаласының
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ауруханасының (Ленгер) әкімшілігі ЖШС
Мейір-Бейс» медициналық колледжімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Аурухананың
көптеген дәрігерлері өздерінің жұмыс орындарында практикалық сабақтар жүргізеді, ОБ
іске асыруға белсенді қатысады, студенттердің, колледж түлектерінің білімдері мен
дағдыларын бағалауға қатысады.
МККМ Ленгер қалалық ауруханасының (Ленгер) бас медбикесі Әмірбекова А.К.
Ленгер қаласында бір ғана колледждің бар екендігін,бұл колледж түлектері кейде жол
картасымен жұмысқа қамтылатындығын айтып өтті.
МККМ Ленгер қалалық емханасының (Ленгер) бас дәрігері Т.К. Есжанов ССК
мүшелерімен әңгімелесу барысында, ««Мейір Бейс» Ленгер медициналық колледжінің
түлектері жұмысқа барған кезде қажетті бөлімшелерде жұмыс істеуге барады және тез
арада орта медицина қызметкерлеріне айналады, бұл халыққа қызмет көрсетуде жақсы
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді»- десе, Бас дәрігердің орынбасары
Анаркулова У.О. мейірбике дайындау ісінде колледжбен емхананың тығыз қарым-
қатынаста екендігін атап өтті.