Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет52/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61

 
      Қызметкер: 
 
       1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) 
белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай 
туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 
 
      2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық 
куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу 
үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан 
өтуге; 
 
      3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және 
мақсатқа сай пайдалануға; 
 
       4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс 
беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға; 
 
      5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің 
және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды 
қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті. 
 
      316-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және 
 
                еңбекті қорғау саласындағы құқықтары 
 
      Жұмыс беруші: 
 
       1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, 
қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін 
ынталандыруға; 
 
       2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын 
қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік 
жауапкершілікке тартуға құқылы. 
 
      317-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және 
 
                еңбекті қорғау саласындағы міндеттері 
 
      1. Жұмыс беруші: 
 
       1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық 
процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында 
және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі 
шараларды қабылдауға; 
 
      2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен 
даярлаудан өткізуге; 
 
       3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық 
іс-шараларын жүргізуге; 
 
       4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу 
жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге; 
 
      5) білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 
 
      6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, 
қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық 
өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, 
емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен 
жабдықтауды қамтамасыз етуге; 
 
      7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы 
жөнiндегi жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салу 
бойынша өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 
туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi 
қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты беруге;
 
      8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
 


 
       9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың 
есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға; 
 
      10) қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілерде Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша бес жылда 
кемінде бір рет мерзімдік аттестаттауды жүргізуге;
 
      10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк 
объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек инспекциясы 
жөнiндегi тиісті жергілікті органға ұсынуға;
 
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;
 
      12) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыруға;
 
       13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 
ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне 
хабарлауға; 
 
       14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; 
 
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ 
еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік 
аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, 
мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы 
 медициналық куәландырудан өткізуге; 
 
       16) авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа 
адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті. 
 
      2. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік 
көздерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс 
берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін. 
 
      Ескерту. 317-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19 
N 9
 (алғашқы ресми 
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2009.12.30 
№ 234-IV
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-б
. қараңыз), 2011.07.05 
N 452-
IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      318-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
 
                жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 
жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 
салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. 
 
       Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды. 
 
      Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
 
      
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   36-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  
      319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
 
                саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi
 
                қабылдау
 
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк  құқықтық 
актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға 
бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, 
биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен 
нормативтерді белгiлейдi.
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау