564
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Сол себептен лизингтік компаниялар филиалдарын ашқан кезде, есеп беру
жылдарын әр түрлі мерзім етіп қойды.
Инвестициялық салық жеңілдіктері ақысыз болған жоқ, ол жал төлемдері арқылы
қайтарылып отырылды, бірақ мұндай саясат мүлік құнының 52 % шамасында пайызсыз
қарыз ретінде тиімді болды.
1984 жылы Ұлыбритания өкіметі корпоративтік салықты 52 %-дан 35 %-ға дейін
төмендетуді, ал 1986 жылы бір жылғы 100 пайыздық салықтық жеңілдік регрессивті
пайыздық қойылыммен (бірінші жылы 25 %, екінші жылы 25 %, және т.б.) өзгертуді
ұйғарды.
Өзгертулер біртіндеп жүзеге асырылды [2, 144 б.].
Франциядағы алғашқы лизингтік компания 1957 жылы пайда болды. Ол SEPAFITES
(1962 жылдан бастап – Locafrance)өндірістік жабдықтар лизингімен айналысты. Алғашқы
келісімшартты компания 1961 жылы жасады, ал 1966 жылы Францияда лизинг туралы
бірінші заң қабылданды [3, 10-14 б.].
Лизингтік қатынастар Францияда өте тез дамыды, жергілікті халық лизингті «креди-
бай» (несиеге сатып алу) терминімен атайды.
Бүгінгі таңда елде ұшақтар мен вертолеттер, кемелер мен баржалар, көлік-тасымал
жабдықтары, контейнерлер, есептеу техникасы, медициналық жабдықтар, баспа, ірі
өндірістік жабдықтар лизингке беріледі.
Қозғалмайтын мүлік лизингі 1966 жылғы заңмен реттеледі. 1967 жылы Францияда
Өнеркәсіп пен сауда саласындағы қозғалмайтын мүлік операцияларымен айналысатын
қоғам (СИКОМИ) пайда болды. СИКОМИ мүшелеріне капиталы 10 млн. франктен кем
емес акционерлік компаниялар кіреді. СИКОМИ лизингтік компанияларына келесідей
салықтық жеңілдіктер ұсынылады: табыстың 85%-ы салықтан босатылады, тездетілген
амортизация және т.б.
Қозғалмайтын мүлікті лизингке беру мерзімі көбінесе 15-20 жылға созылады. Оның
объектілеріне: жер, құрылыстар, байланыс жолдар жүйесі, қозғалмайтын жабдықтар
(лифтттер, т.б.). төлемдер көбінесе тікелей регрессивті немесе аралас тәсілмен жүзеге
асырылады.
Франция – арнайы лизингтік заңнамасы бар көп емес елдердің бірі. Оның негізгі
мағынасы Франция экономикасына неғұрлым тиімді лизинг түрлерін анықтау және
сипаттау болып табылады. Оларға:
− «
несиелік жалға алу» (қаржы лизингінің бір түрі);
− «
жай жеткізу» (басқаша айтқанда, сатып алу опционы қарастырылмаған
оперативті лизинг келісімшарты);
− «
сатып алу опционды жеткізу». Ең алдымен тұрмыстық қолдану аясындағы
операциялармен байланысты; лизингтік қатынастардың объектісіне көбінесе
автомобильдер жатады;
−
қозғалмайтын мүлік лизингі.
Француз лизинг бизнесінің ерекшелігіне жарық үнемдеуші технологиялармен,
жарық берудің жаңа көздерін дамытумен, қазба байлықтары қорларын «жаңғыртумен»
айналысатын лизинг берушілерді ерекше қолдау жатады.
Мұндай лизинг берушілер амортизация және салық есептеумен байланысты
жеңілдіктерді иемденеді (жергілікті салықтарға байланысты). Бұл жүйе елге
маңыздылығы жоғары салаларға инвестициялардың құйылуын қамтамасыз етеді.
Германиядағы лизинг бизнесімен айналысқан ең алғашқы компания жарғылық қоры
1 миллион маркаға тең Бас кеңсесі Дюссельдорфта орналасқан «Locallease
Mietfinanzierung GmbH» болып табылады.
Бүгінгі күнде Германияда лизинг бизнесінде 1300-ден астам компаниялар жұмыс
істеуде.
565
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Лизингтік компаниялардың саны жағынан Германия АҚШ-тан кейінгі екінші, ал
операциялар көлемі жағынан едәуір төменде орналасқан мемлекет. Мұнда да
Франциядағыдай тұрмыстық лизинг дамуда.
Лизингтік қатынастардың негізгі объектілеріне автомобилдер (35 %), компьютерлер
мен кеңселік жабдықтар (25 %), көлік құралдары (16 %), өндірістік құралдар (15 %),
кемелер, ұшақтар, темір жол жабдықтары (5 %), басқа да тауарлар (4 %) жатады.
Лизингті нормативтік реттеу лизингті операция түрінде қарастыратын Азаматтық
Кодекс негізінде жүзеге асырылады [4, 76-78 б.].
Лизингтік мәмілелерді жүргізу тәртібі 19.04.1971 ж. және 22.12.1975 ж. Федералдық
қаржы министрінің хаттарында көрсетілген.
Талаптарға сай жасалған контрактілер салықтық жеңілдіктерге ие бола алады.
Түрлі қателіктер мен ауытқушылықтарды жібермеу мақсатында Германиядағы
лизингтің нақты түрлерін анықтайтын құжаттар баспа бетінде үнемі шығарылып тұрады.
Қытайдағы лизингтік қатынастардың дамуы ерекше. Лизингтік операциялар 1980
жылдардың басынан бері қарай қолдануда.
1978 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан шаруашылық реформа лизинг қызметіне
деген сұранысты қалыптастырды. Лизингтік қатынастардың дамуы барысында 30 000
астам қазіргі заманғы жабдықтар импортталып, капитал салуды қажет ететін көздер
айқындалды. 1990 жылдың соңында ҚХР-да 51 лизинг компаниясы қызмет ететін.
Соның ішінде 25 – мемлекет меншігіндегі, 26 – шетел компанияларымен біріккен
акционерлік қоғамдар. Қытайдағы шетелдік инвесторларға АҚШ, Франция, Сингапур,
Гонконг банктері жатады. Қытайдың лизинг нарығына Жапон банктері мен компаниялары
ерекше көңіл аударуда.
Әдетте лизинг компанияларының капиталы бірнеше ел мүшелері арасында бөлінеді.
Оған мысал ретінде АҚШ, Жапония, Франция және басқа да мемлекеттерінен құрал-
жабдық әкелуге бағытталған «China International Non Ferrous Metals Leasing» компаниясын
келтіруге болады.
Саны 300-ден астам мекеме, соның ішінде банктік мекемелер де қызметін
диверсификациялау мақсатында лизингті қолданады [5, 23-27 б.].
Қытай лизингтік компанияларға әдетте, тауарлық мамандану бағыты тән. «China
Ori
ent Leasing» компаниясының операцияларын жүргізу барысында жеңіл өнеркәсіп пен
тұрмыстық электр құралдарымен байланысты операциялар көбірек кездеседі.
Қытайлықтардың ойы бойынша алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың моралдық
тозған машиналары мен жабдықтары технологиялық жабдықталу деңгейі төмендеу
кәсіпорындарда тиімді қолдануы мүмкін.
Қытайдағы ең ірі лизинг бизнесінің өкілі «China Leasing Co. LTD» болып табылады,
1985 жылы оның қызметінің көлемі 167 миллион долларды құрады, бүкіл Қытай лизинг
нарығындағы операциялардың 20 %.
Ресей Федерациясындағы лизинг бизнесі кеңес дәуірінде пайда болды. Ол тек
кемелер мен ұшақтарды сатып алу үшін қолданды.
Дегенмен лизингтік мәмілелер саны көп болған жоқ және онымен тек ірі ішкі сауда
ұйымдары айналысты.
Бұл кезең лизинг туралы арнайы заңның, мәміле қатысушыларының құқықтық
жаңдайы туралы түсініктің жоқ болуымен сипатталады.
1990 жылдардың басында нарықтық реформалардың алуы мен көпдеңгейлі
экономикаға өту барысында Ресей нарығында коммерциялық банктер тарапынан ашылған
алғашқы лизингтік компаниялар пайда болды.
Бірақ бұл кезеңде лизингтік заң әлі қабылданған жоқ болатын, сондықтан лизинг
бизнесі аренда туралы заңдар бойынша нормалар негізінде қызмет етті.
Бұл этап Ресейдегі қаржы лизингі бизнесінің қатысушылары үшін аса үлкен
тәуекелмен сипатталып, лизинг қызметінің дамуын тежеуші факторға айналды.