538
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Ұлттық банк банкноталармен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған монеталар мен банкноталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны
өзгертуге тек Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар.[2]
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша
бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың
шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе ақша түрінде болуы мүмкін.
Депозиттік банктер эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша
агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-
қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер-бекітілген
нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында
сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек
қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп
аталады.
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік
шоттардағы қалдық . Айналымдағы қолма-қол ақша мөлшері банктердің
корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан,
Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі
корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу
арқылы реттейді.[6]
Ол ақша несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асада. Бұл құралдары
ақша базасының кеңейюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына
қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.Ақша
мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені
міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының қөзі болып пайдаланбайды,
сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты
болады.Бұл- айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша несие саясаты
үшін үлкен мәні бар.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады., ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады.
Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып және
Республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
басқа елдің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынаста
Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк бұл –эмиссиялық, резервтік,
кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие,
«банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай –ақ ақша –несие және валюта саясатын
анықтайды.
Ұлттық банк –оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас
органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек Қазақстан Республикасының
президентіне есеп береді.
539
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Ұлттық банктің басты міндеті –ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі қызметі: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен
мемлекеттің ақша –несие саясатын жүргізу, ақша эмиссилау, банктерге, ұйымдарға несие
беру және республикада есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екі
деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық
резервін сақтау және т.б. [5]
Коммерциялық банктің керемет мүмкіндіктері мен оларды басқа қаржылық
институттардан ерекшелейтін сипаттама –ақшаларды құру, несиелік жүйенің
икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк
уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады,
сонымен олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни
жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен бірге банктер өз қызметі үрдісінде
ақшалардың бір бөлігін жояды. [7]
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Ғ.С. Сейітқасымов –«Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.
2. А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -
2003жыл.
3. Ө.Қ. шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин –«Экономикалық
теория». Алматы –Ақтөбе 2002 жыл.
4. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов. «Экономикалық теория».
Алматы 2004жыл.
5. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова-«Макроэкономика». Алматы -2003жыл.
6. С.С. Сахариевич, С.А. Сембаевна –«Жаңа кезең экономикалық теориясы».
Алматы «Дәнекер». 2004жыл.
7. “Ақша Несие Банктер” оқулық.
4
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
Мейрханқызы С.
Алматы экономика және статистика академия, Алматы қ.
Е-mail:
sumbat_meirhankyzy@mail.ru
Банктерді бағалы қағаздармен жұмысын кеңейтудегі жағымды шарттарға
қарамастан, қор нарығының қызметіне және сонымен байланысты қызмет көрсету
сферасының дамуына банктердің мүдделеріне кері әсер ететін субъективті және
объективті проблемалар бар. Оларға Осы сферадағы қызметтерінің тиімділігі және
мақсаттылығығындағы проблемалар, заңнамалық проблемалар, ұймдастыру-техникалық,
психологиялық проблемаларды жатықзуға болады.
Жақында ғана отандық банктердің шаруашылық субъектілермен қарым-қатынасы
туралы, яғни олардың нақты секторды несиелеуіне байланысты сынға алынды.
Қазақстандық экономикаға айналмалы және инвестициялық қаражаттар жетпеді, яғни бұл
қаражаттарға сұраныс несиелеумен де жаппады. Бұл сын негізінен әділетті болды, бірақ
бұл жылдары банктердің саясатын объективті жағдайлармен түсіндіруге болады, яғни
банкирлердің өздері бұны «сапалы» қарыз алушылардың аздығымен және несиелеу үшін
дәлелденген, анық жобалардың жеткілікті көлемдерінің болмауымен байланыстырады.
Шындығына келетін болсақ, банктер мен нақты сектор арасындағы қарым-
қатынастың «салқын» болуы жоғарыда аталып өткен себептермен ғана шектелмеді, яғни
бұл жылдары банктердің инвестициялық қызметтерінің шектеулі болуы негізінен нақты
секторды несиелеудің жоғары жүйелі тәуекелдердің болуымен байланысты, сонымен