493
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Қазақстан Республикасында ислам банкингінің даму болашағы
Ермекова А.Ұ.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail: Aksaulee@bk.ru
Ислам елдерінің қаржы-несие нарқының құрылымында банк секторы басты орында
тұр. Ислам банкингі банктік және қаржылық операцияларда шариғат нормаларын
қолдануды көздейді. Мұндай діни нормалардың қозғаушы күші - байлыққа заңсыз
кенелудің барлық түрлеріне және іскерлік келісімшарттарда алаяқтыққа жол бермеу.
Осыған сәйкес ислам ғалымдары ислам банкі ісінің сызбасын анықтайтын қағидаттар
жиынтығын әзірледі. Ислам экономистері дәстүрлі банк жүйесінің кезеңдік экономикалық
дағдарысты ушықтырудағы ерекше рөлін атай отырып, несиелік пайызға тыйым салудың
әртүріл ұтымды негіздемесін ұсынады.
Біздің көзқарасымызша, қазақстандық нарықта жұмыс істейтін ислам қаржы-несие
институттары арасында банк мекемелері үстем болатын тәрізді. Бұл мынадай екі маңызды
факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, ислам қаржы әлемінде ислам банктері кең
таралған. Басқа қаржы-несие мекемелерінің, айталық: сақтандырушы такафул-
компаниялар, инвестициялық қорлар, банктік емес шағын несие ұйымдарының және т.б.
үлесі болмашы. Ал қаржылық мекемелер мен институционалды инвесторлардың әлемдік
тәжірибесінде барынша маңызды әрі кең таралған зейнетақы қорлары ислам әлемінде әлі
дами қоймаған. Екіншіден, Қазақстанда тарихи тұрғыда қуатты банк инфрақұрылымы
қалыптасқан, оның базасында ислам банктерін құру әлдеқайда жеңіл. Қазақстандық банк
активтерінің көлемі сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнатақы қорлары мен
инвестициялық қорлардың активтерінің бәрін қосаалғандағы көлеміңнен бірнеше он есеге
артық.
Осылайша, Қазақстанда ислам банктерінің даму келешегі жақсы деп айтуға негіз
бар. Оның үстіне, шетелдік ислам банктері өз капиталын қолайлы экономикалық факторы
бар тез дамушы елдерге инвестициялауды дұрыс көреді. Ал Қазақстан ірі әлемдік ислам
банктері, әсіресе Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің банктері үшін
инвестициялық қызығушылық туғызып отыр.
Қазақстанда ислам банктерінің жұмыс тәжірибесі жоқтың қасы. Алғашқы
қазақстандық ислам банкі 2010 жылдың басында құрылды. Сондықтан нарықтағы ислам
банкингінің алатын үлесі туралы айтуға әлі ертерек. Бірақ әлемде исламдық капитал
нарқының көлемі жыл сайын 15-20 пайызға өсіп отырғанын ескерсек, ұлттық
экономиканың дағдарыстан кейінгі және үдемелі индустриалды-инновациялық даму
кезеңінде Қазақстанда ислам банкингінің ширақ дамуы әбден мүмкін.
Ашық дереккөздеріндегіресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы 2-3 жылда тек ресми
өтінім білдіргендер саны бойынша Қазақстанда 5-6 ислам банкінің құрылуын күтуге
болады. Жоғарыдаатап өткеніміздей елімізде БТА (Біріккен Араб Әмірлігінің «Еmіrаtеs
Іslаmіc Bаnk» банкімен бірлесе), Катар басшылығы (ҚР Үкіметімен бірлесе), Сингапурдың
Іslаmіc Bаnk Аsіа ислам банкі, сонымен бірге бірнеше қазақстандық қаржы нарқының
кәсіби қатысушылары («Fаttаh Fіnаncе» АҚ, «ИФИ» ЖСС, ІFBTC) тарапынан шариғат
қағидаттарымен жұмыс істейтін ислам банкін құру талпыныстары жасалған болатын [1,
122 б.].
Барлық көрсетілген өтінімдер мен білдірілген ниеттерге қарамастан 2010 жылдың
басында Қазақстанда тек жалғыз ислам банкі-Аль-Хиляль жұмыс істеді. Банк өзінің
қызметін дамыту бағдарламасына сәйкес корпоративті секторға шоғырланатын болады,
онда банктік қызметтердің толық спектрі көрсетіледі: қаржыландыру, операциялық
қызмет көрсету, консалтингтік қызметтер. Қызметтердің жеке бөлшектік секторы тек VІР
–
клиентер үшін депозиттік өнімдер және оларға операциялық қызмет көрсетумен
494
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
шектелетін болады. Бөлшектік банктік өнімдер мен қызмет көрсетудің толық спектрі
Қазақстанда исламдық қаржыландырудың тәжірибесі мен қағидаттарының таралуына
байланысты кейінірек енгізіледі.
Біздің көзқарасымызша, Қазақстанда ислам банктерін құру және олардың жұмыс
істеуі барысындағы негізгі проблемалар - активтерді бөлу және жіктеумен, мемлекеттік
реттеумен, тәуекелдерді басқарумен және т.б. байланысты.
Қаржы қадағалау департаменті (ҚҚД) ұсынған ислам банктері үшін пруденциялық
нормативтер сол банктер және басқа коммерциялық банктер үшін бірдей жағдайлар
жасауды есепке ала отырып жасалған. Жоғарыдаатап өткеніміздей, табыс алу үшін ислам
банкі жобаның үлестік қатысушысы болуы тиіс, бұл кезде банк кәсіпорынның қауіп-
қатері мен сыйақысын бөлісуге немесе саудаға қатысуға және тауардың өзіндік құны мен
оны сатудағы бағасы арасындағы үстеме бағадан кіріс кіргізуі тиіс. Шариғат заңы
бойынша, ислам банктеріарақ, темекі және қару-жарақ сияқты және тағы басқа тыйым
салынған тауарлар тізімі бойынша сауда операцияларын қаржыландырмайды.
2009 жылы 12 ақпанда исламдық қаржыландыру туралы Заң қабылданғаннан кейін
Қазақстанда ислам банк секторының жұмыс істеуі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз
етілгеніне қарамастан, осы банктердің ары қарай дамуына кедергі келтіретін бірқатар
шешілмеген мәселелер бар. Маңызды міндеттердің бірі - шариғат қағидаттарына
толығымен сәйкес келетін ислам банктерінің қызметін реттеу, қадағалау және
басқарудың тиімді жүйесін жасау. Ислам әлемінде осындай жүйе жасауда екі түрлі
көзқарас бар: радикалды және компромистік.
Көптеген исламдық ғалымдар мен кейбір елдердегі (мысалы, Иран, Малайзия, Йемен
және т.б.) мемлекеттік басқару органдары құптайтын осындай көзқарастың бірі - орталық
банктердің ислам қаржы-несие институттарына қатысты қолданатын қадағалау және
реттеу тәртібі дәстүрлі банктерге қатысты тәртіптен түбегейлі ерекше болуы тиіс. Екінші
кең тараған көзқарасты жақтаушылар ислам банктері қызметінің бірегей сипатын
мойындайды, бірақ дәстүрлі банктерге қолданылатын қадағалау мен реттеу тәртібіне аз
ғана өзгерістер енгізуді және арнайы ережелерді қолдануды көздейді. Мұндай реттеу
Бахрейн, Катар және т.б. елдерде қолданылып келеді [2, 19 б.].
Қазақстан реттеудің компромистік нышанын қабылдағанын атап өткеніміз жөн,
бірақ бұл тәртіптің арнайы ерекшелігі бар. Қазақстанда ислам банктеріне қатысты
реттеудің айрықша тәртібі енгізілген жоқ, дәстүрлі коммерциялық банктердегі «ислам
терезелері» тәжірибесінен бас тартты және банктерді исламдық және исламдық емес деп
нақты бөлуді енгізді. Исламдық қаржыландыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде
осылай істеу қажет те шығар, дегенмен де келешекте Қазақстандаалғашқы ислам
банктерінің қызметінің жинақталған тәжірибесін ескере отырып, заңдарға өзгерістер
енгізу қажеттілігі туады.
Біздің ойымызша, Қазақстандағы ислам банк жүйесінің даму саласындағы келесі
мәселе - коммерциялық банктік қызметтердің инвестициялық қызметі мен құралдарын
басқарудың нақты бөлінісін аталған банктердің сақтамауының ықтимал мүмкіндігі.
Қадағалау көзқарасы бойынша, ислам банктерін көбіне әмбебап коммерциялық
банктермен және өзара қорлармен салыстырады, бұл реттеу органдары үшін техникалық
қиныдықтар туғызады. Мысалы, мудариб ретінде қызмет ететін ислам банкін көп
жағдайда коммерциялық банк емес, қорларды басқаратын компания ретінде қарастыру
қажет. Салям құралын қолданатын, салымдарды іріктіру және қызмет қорытындысы
бойынша қауіп-қатерді бөлу қағидаларын ұстанатын ислам банкіне ҚҚД тарапынан
базалық операциялардың сипатын мұқият талдау жүргізу қажет. Осындай мекемелердің
қызметімен және олардың қаржыларды тартуды реттейтін келісімшарттарымен
байланысты қауіп-қатерлерге сәйкес банк секторы шеңберінен де тыс қадағалаудың аясын
кеңейту керек.