Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет209/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   420

423 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



3. 

Ақпараттық функция, яғни қатысушыларға сауда объектілері мен қатысушылары 

туралы нарықтық ақпаратты жеткізеді. 

4. 


Реттейтін функция, яғни нарық сауда және оған қатысу ережелерін, қатысушылар 

арасындағы  дауды  шешу  тәртібін  жасайды,  басымдылықтар  мен  бақылау,  тіпті  басқару 

органдарын және т.б. белгілейді. 

Бағалы  қағаздардың  нарығының  арнайы  функцияларына  төмендегілерді  жатқызуға 

болады: 

1. 


Бағалық және қаржылық тәуекелді сақтандыру функциялары; 

2. 


Ақшалай қаражатты қаржы қызметі салалары арасында қайта бөлу; 

3. 


Ең  алдымен  тұрғындардың  жинақталған  қаражатын  өндірістік  нысаннан 

өндірістік нысанға аудару; 

4. 

Мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  инфляциясыз  негізде,  яғни  қосымша 



қаражатты айналысқа шығармай қаржыландыру; 

5. 


Бағалы және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциясы немесе хеджирлеу, 

туынды  бағалы  қағаздардың,  фьючерлік  және  опциондық  келісім-шарттардың 

сыныбының пайда болуының арқасында мүмкін болды. 

Бағалы қағаздардың нарығы: 

1. 

Бастапқы және екінші; 



2. 

Ұйымдастырылған  және  ұйымдастырылмаған  түрінде  ұсынылуы  мүмкін  [3,  97-

100 б.].  

Бағалы қағаздар БҚН құралдары (оның объектілері) болып табылады. 

Эмитенттер,  инвесторлар  мен  БҚН  кәсіби  қатысушылары  (делдалдар)  БҚН 

қатысушылары (оның субъектілері) болып табылады. 

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу кезеңінде. Оның даму 

жолында  алғашқы  іс-шаралар  жүргізілуде.  Бюджеттен  кемшілігін  толтыру  мақсатында 

мемлекет  бұрынғыдай  ақша  белгілерін  шығармай,  оның  орнына  мемлекеттік  бағалы 

қағаздарды,  мысалы,  мемлекеттік  органдардың  және  жергілікті  әкімшіліктердің  бағалы 

қағаздарын  шығаруда.  Алайда,  бағалы  қағаздарын  нарығын  дамыту  жолында  шешуін 

талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.  

Экономикалық  мәселелер:  нарықты  реттейтін  механизмнің  жоқтығы;  нарықты 

дамытатын  бірыңғай  көзқарас  жүйесінің  жоқтығы;  заңдардың  мүлтіксіз  орындалмауы; 

салымдарды  тіркеу  жүйесінің  жоқтығы;  бағалы  қағаздар  нарығының  материалдық 

техникалық  негізінің  аздығы;  нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі 

жатады.  

Ал,  әлеуметтік-психологиялық    мәселелерге  бағалы  қағаздар  нарығында  маман 

кадрлардың  аздығы  мен  халықтың  инвестициялық  белсенділігінің  төмен  деңгейлігі 

жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін 

түсінбеушілігінен  және  өздерінің  уақытша  бос  ақшаларына  бағалы  қағаздарды  сатып 

алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.  

Бағалы  қағаздар  нарығына  мамандарды  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  Ұлттық 

комиссияның  осы  іспен  шұғылдануға  рұқсат  берген  Оқу  орталықтары  дайындаған 

болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған 

Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір 

мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері және хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын 

реттейтін  Бас  басқарманың  мамандары  кірген.  Оқуды  ойдағыдай  бітіріп,  мамандық 

туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға 

құқық алып, қызмет атқаруда [4]. 

Әлемдік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі бар. Олар: 

І. Банктік үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы 

қорларын  бөледі  (Германияда,  Австрияда,  Белгияда  көп  тараған).  Бұл  үлгі  бойынша 



424 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



экономиканы  инвестициялау  мен  мемлекеттік  бюджет  кемшілігін  жоюды  банктер  өз 

міндетіне алады.  

ІІ.  Банктік  емес  үлгі  немесе  нарықтық  үлгі    -  онда  бағалы  қағазадар  нарығының 

механизмі  арқылы  елдің  қаржы  қорын  бөлумен  банктік  емес  мекемелер  шұғылданады 

(мысалы,  АҚШ,  Ұлыбритания,  Малайзия,  Пәкістан,  Сингапурда).  Бұл  үлгі  бойынша 

бағалы  қағаздар  нарығы  демократиялық  жолмен  өркендейді.  Қаржының  негізгі  бөлігі 

жеке тұлғалардың ақшасы. Ол – банктен алған ақшаға қарағанда – «арзан» ақша. 

ІІІ. Аралас үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын 

бөлумен банктер де, банктік емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).   

Бағалы  қағаздар  нарығының  нарықтық  үлгісінің  банктік  үлгіден  айырмашылығы 

мынада: 

1. 


Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі. 

2. 


Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі. 

3. 


Өндірісті қаржыландырудағы тікелей банктік несиенің аздығы. 

4. 


Нарықтағы банктік емес мекемелердің көптігі. 

Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. 

Сондықтан  бағалы  қағаздар  нарығына  уақыт  талабына  сәйкес  әлі  де  біраз  өзгерістер 

енгізілуі қажет.  



Қолданылған дереккөздер тізімі 

       

1.    


www.forex.ru

  

 



 

2.    Лялин  В.А.,  Воробьев  П.В.  Рынок  ценных  бумаг:  Учебник.  –  Москва: 

Проспект,  

2015. – 


384 с. 

     


3. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары:   

 

    



Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008. – 296 б. 

     4. 


www.kase.kz

 

 



 

 

Бағалы қағаз нарығында банктердің қызметін оңтайландыру 



 

Абдрахманов Р.Т. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: Rinat_mk

@bk.ru

 

 



  Қазақстанда  бағалы  қағаздар  нарығы  қазіргі  уақытта  құрылудан  қалыптасуға  дейінгі 

барлық  эволюциялық  дамудың  кезеңдерінен  өтті.  Бүгінгі  таңда  бағалы  қағаздар  нарығы 

халықаралық  тәжірибеде  және  ұлттық  экономиканың  ерекшеліктеріне  сәйкес  жұмыс  істеуде. 

Соның  айғағы  ретінде  еліміздегі  банктердің  бағалы  қағздар  нарығындағы  қызметі  болып 

табылады.   

  Бағалы  қағаздар  жүйесінің  өзектілігі  бір  жағынан  халық  өзі  тапқан  табыстарын  сенімді 

және  табысты  жерлерге  орналастыруға  қызығушылық  танытуымен,  екінші  жағынан 

кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Банктер 

негізгі  делдалдардың  рөлін  атқарады,  яғни  ұсақ  инвесторлардың  қаражаттарын  жинақтау, 

инвестицияны  кәсіби  басқарумен  қамтамасыз  ету,  тәуекелді  әртараптандыру,  кәсіпорындарды 

қаржымен  қамтамасыз  ету,  кең  массалық  инвесторларға  бағалы  қағаздармен  тікелей  емес, 

жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.  

Қазіргі  кезде  республикада  бағалы  қағаздар  нарығы  қалыптасу  кезеңінен  өтуде. 

Оның  даму  жолында  алғашқы  іс-шаралар  жүргізілу  барысында  бюджеттің  кемшілігін 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау