Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет208/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   420

421 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Банктерде дамыған елдердің тәжірибесі негізінде бағалы қағаздар  

нарығының қалыптасуы 

 

Абдрахманов Р.Т. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: Rinat_mk

@bk.ru

 

 



Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал 

тарту  анағұрлым  жеңіл.  Акция  және  облигация  сияқты  негізгі  бағалы  қағаздарды 

шығаруға  және  оларды  тіркеуге  2  апта,  эмиссия  проспектісін  шығарып  және  нарыққа 

қатысушылардың  оларды  талқылауына  2-4  апта,  оларды  сатып  алу-сатуға  және  есеп 

айырысуға  2-3  апта  уақыт  кетеді  екен.  Қорытындысында  1,5-2  ай  ішінде  эмитент 

(шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады.  

Өткен  ғасырдың  70-жылдарында  әлемдегі  өркендеген  елдерде  капитал 

қозғалысындағы  шектеулердің  алынып  тасталуы  халықаралық  бағалы  қағаздар 

нарығының пайда болуына жағдайлар туғызды. Қазіргі кезде басқа елдерде орналастыру 

үшін  әлемнің  бір  еліндегі  банктер  мен  корпорациялардың  эмиссияланған  бағалы 

қағаздардың халықаралық  бағалы  қағаздар  нарығында  үлкен көлемде  айналысқа  түсуде. 

Мысалы:  1980-1990  ж.ж.  аралығында  АҚШ-тың  ЖІӨ-гі  бағалы  қағаздармен  жүргізілген 

халықаралық  операциялардың  үлесі  9-дан  93%-ға  дейін  өсті,  Германияда  –  8-ден  58-ге, 

Жапонияда  7-ден  119-ға  дейін  өсті.  Халықаралық  капитал  нарығындағы  қарыз 

қаражатының жалпы көлемінде көп бөлігі облигацияларға тиесілі, 1994 жылы ол 60%-дан 

асты.  Әлемдік  бағалы  қағаздар  нарығының  40%-ға  жуығы  АҚШ-на,  ал  20%-дан  артығы 

Жапонияға тиесілі [1].       

Халықаралық бағалы қағаздар нарығы, ұлттық нарық тәрізді, алғашқы және екінші 

нарықтардан  құралады.  Алғашқы  нарықта  бір  елдің  эмитенті  өзінің  бағалы  қағаздарын 

басқа  елде  орналастырады,  ал  екінші  нарықта  арнаулы  қаржы  мекемелерінің  делдалдық 

етуімен  бағалы  қағаздарды  қайта  сату  жүргізіледі.  Мұнда  екінші  бағалы  қағаздар 

нарығында  негізгі  сатып  алушы  және  сатушы  ретінде  орталық  және  екінші  деңгейдегі 

банктер,  сақтандыру  компаниялары  және  басқа  да  банктік  емес  қаржы  институттары 

жүреді.  Сонымен  бағалы  қағаздар  нарығы  –  экономикалық  өрлеуді  көп  жағдайда 

қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.  

Кез-келген  заңның  мазмұны  қоғамда  орын  алып  және  одан  әрі  дамып  келе  жатқан 

экономикалық  құбылыстарға  сай  боуы  қажет.  Себебі  құқықтық  нормаларды  шығару 

белгілі  бір  экономикалық  мүдделерге  қызмет  көрсетуге  бағытталған.  Қазақстан  халық 

шаруашылығын  дамытудың  «кеңестік»  үлгісінен  экономиканың  еркін  өркендеуінің 

нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық 

қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте мұндай реформа 

жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей 

империясы  мен  Кеңес  мемлекетінің  жаңа  экономикалық  саясат  кезінде  орын  алған 

құқықтық  институттарды  қалпына  келтіру  және  нарықтық  үлгімен  дамыған  өркениетті 

мемлекеттердің (мысалы, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін 

үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.  

Осыған  байланысты,  бағалы  қағаздар  нарығын  реттеудің  американдық  тәжірибесін 

зерттеп  өтейік.  АҚШ  қор  нарығының  даму  тарихына  келсек,  АҚШ-да  ұзақ  уақыт  бойы 

бағалы  қағаз  ұғымын  түсіндіруде  ортақ  пікір  болмады.  Бұл  терминнің  анықтамасы  мен 

бағалы  қағаздарды  (securities)  реттеу  механизмдері  «Көк  Аспан  Заңдарының»  (Blue  Sky 

Low) қабылдануынан бастау алды.   

Security  ұғымы  әр  штаттың  заңында  әрқалай  түсіндіріліп,  осы  анықтамаға  сәйкес 

келетін қаржы құралдарының әр түрлі жиынынан құралады.  



422 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Инвестициялық  қызметтің  дамуы,  соның  салдары  ретінде,  инвестициялардың  жаңа 

әдістері  мен  фирмалардың  пайда  болуы  «Security»  ұғымының  түсініктемесіне  елеулі 

ықпал  етті.  Бұл  институтты  реттейтін  құқықтық,  әрі  ыңғайлылық  нысанында  АҚШ 

соттары  мұндай  «өрісті»  өздері  қалауға  мәжбүр  болды,  бірақ  бұл  сот  іс-тәжірибесінің 

біркелкілігін қамтамасыз етуге шамасы келмеді, security ұғымына да анағұрлым айқындық 

бере алмады.  

АҚШ-та  securities  айналымын  құқықтық  реттеу  екі  деңгейде  жүзеге  асырылады: 

федералдық және штаттар деңгейінде.  

Тек қана федералдық реттеуге securities-тің келесі түрлері жатады: 

1.

Сауда-саттығы  ұлттық  ауқымда  жүретін  securities,  олар  тек  қана  федералдық 



тіркеуге жатады. Олар: 

Нью-Йорк  қор  биржасында  (New  York  Stok  Exchange,  NYSE),  американ  қор 



биржасы (American Stok Exchange, AYSE), Nasdag ұлттық нарық жүйесінде (Nasdag NMS) 

немесе осы субъектілердің құқығын иеленуші кез-келген ұйымда листингтен өтіп, сауда-

саттыққа немесе листингке жіберілген бағалы қағаздар; 

-  


бір эмитент шығарған, тең құқылы немесе анағұрлым тиімді securities; 

Ұлттық қор биржасындағы бағалы қағаздар; 



тіркеуден  босатылған  кейбір  securities  ұсынымдары.  Бұған  тіркеуден  босатылған 

мәмілелерге тиісті securities жатады, мысалы: 

биржа  немесе  биржадан  тыс  нарықта  клиент  тапсырмаларын  тыңдау  мақсатында 



жасалатын брокерлік мәмілелер; 

қайырымдылық  және  басқа  коммерциялық  емес  мақсаттарда  құрылған  немесе 



әрекет етуші ұйым шығарған securities ұсынысынан немесе сатылымынан басқа, тіркеуден 

босатылған securities-пен жасалатын мәмілелер;  

жекелеген  штат  немесе  эмитент  резидент  болатын  немесе  өз  қызметін  атқарып 



жатқан аумақта резидентке ұсынатын securitу. 

Штаттар  ұсынатын  securities-тің  басқа  түрлерін  тіркеу  талабын,  сондай-ақ  тіркеу 

немесе одан босату арқылы реттеу құзырын сақтайды.   

Сонымен,  securities  айналымын  реттейтін  американ  құқығына  тән  негізгі 

ерекшеліктер туралы мынадай қорытынды жасауға болады: жалпы, securities академиялық 

ұғымының болмауы; қаржылық пайдакүнемдік пен кез-келген алаяқтық әрекетінің алдын 

алу мақсатында құқықтың кең түсіндірмесі; құқықтық реттеудің екі – федералдық заңдар 

және штаттар заңдары деңгейі [2, 241 б.]. 

Бағалы қағаздардың нарығы немесе қор нарығын жалпы түрінде бағалы қағаздарды 

шығару  және  қатысушылары  арасында  айналысқа  шығару  бойынша  экономикалық 

қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бағалы қағаздардың нарығы (БҚН) 

– 

кез-келген елдің нарығының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ, бағалы қағаздардың нарығы - 



несиелік  капиталдар  нарығының  бөлігі,  онда  бағалы  қағаздардың  эмиссиясы  мен  сауда-

саттығы  жүзеге  асырылады.  Бағалы  қағаздардың  нарығы  (банктер,  арнайы  несиелік 

институттар  және  қор  биржасы)  арқылы  мемлекеттің,  заңды  және  жеке  тұлғалардың 

жинақталған ақшалай қаражаты капиталдарды өндірістік және өндірістік емес салымдарға 

жұмсалады.  БҚН  қаржы  ресурстарын  және  капиталдарды  қайта  бөлудің  тиімді  тетіктері 

болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының бірқатар функциялары бар, оларды шартты 

түрде екі топқа бөлуге болады: әр нарыққа тән жалпы нарықтық функциялар және басқа 

нарықтардан ерекшеленетін функциялар. 

Жалпы нарықтық функцияларға мыналар жатады: 

1. 


Коммерциялық  функция,  яғни  сол  нарықта  операциялардан  табыс  алу 

функциясы. 

2. 

Бағалық  функция,  яғни  нарық  бағаларды  қалыптастыру  үрдісін  және  тұрақты 



қозғалысты және т.б. қамтамасыз етеді. 


жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау