Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет184/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   420

373 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



ойнайды, олар: үкіметтің салық, қаржы-несиелік және өтелімді саясаты. Еңбек нарқының 

анықтаушы  негізі  әлеуметтік  қамтамасыз  ету,  еңбек  қарым-қатынасының,  азаматтық 

құқықтардың саласындағы заңнамалар болып табылады. 

Жұмыс 


күшінің 

нарқынын 

жанама 

реттеу 


шаралары 

біруақытта 

макроэкономикалық  реттеу  шаралары  болып  табылады  және  елдегі  жалпы  іскерлік 

жағдаяты арқылы жұмыспен қамту және жұмыссыздық динамикасына ықпал етеді.  

Жалпы  алғанда  еңбек  нарқы  қызмет  етуінің  америкалық  тәжірибесі  нарықтық 

экономиканың  базистік  принциптеріне  негізделіп,  ол  түрде  елдің  басты  экономикалық 

ресурсын оңтайлы пайдалануға жеткілікті тиімді ықпал етеді. 

Көптеген  он  жылдықтардың  ішінде  еңбекті  басқарудың  Жапондық  жүйесі  ең 

тиімді  және  өміршең  үлгінің  бірі  болып  саналды,  оған  келешек  тиесілі.  Бірақ  соңғы 

уақыттарда  оған  да  жұмыссыздықтың  өсуін  тудырған  экономикалық  қиындықтармен 

бетпе-бет  келуге  тура  келді.  Орта  және  ұзақ  мерзімді  келешекте  жапондық  өндірісте 

құрылымдық  өзгерістер,  экономикалық  іс-әрекеттің  интернационалдылығымен  (кең 

ауқымдылығы мен) және ақпараттық технологияның дамуымен шарттасылған. Бұл, сөзсіз, 

еңбек  нарқындағы  жағдайға  ықпал  етеді.  Осыған  байланысты  соңғы  жылдары 

экономиканың  құрылымдық  қайта  құрылу  мақсаттарын  ескеріп,  Жапонияның  Еңбек 

министрлігі  елдің  еңбек  нарқын  тұрақтандыруға  бағытталған  бірнеше  шаралар  кешенін 

жүзеге асыруға тырысуда, олардың ішінде келесілерін атап өту қажет: 

жұмыс  күшіне  деген  сұраныстың  кезеңдік  ауытқу  жағдайларында  жұмыс 



орындарын  сақтауға  талпынатын  фирма  басшыларын  қолдауға  арналған  демеу  қаржы 

бөлу; 


мемлекеттің  жұмысшылардың  оқуын  ұйымдастыруға  және  орташа  және  кіші 

кәсіпорындардағы тартымды еңбек жағдайын құруға қатысуы; 

жұмысқа  орналастыру  және  жұмысшылардың  бір  кәсіпорыннан  екіншісіне 



ауысқан  кезде  кәсіби  қабілеттерін  дамыту  мүмкіндігін  кеңейтетін  жұмыс  берушілерге 

демеуқаржы ұсыну; 

жұмысқа  орналастыру  бойынша  жеке  агенттіктерінің  жұмыспен  қамтуды 



қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бюролардан басқасын да қолдау; 

оқу орындарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету; 



мүгедектердің жұмыспен қамтылу деңгейін қолдау және жоғарылату бойынша 

бағдарламаларды дамыту.          

Жапонияда  жұмыспен  қамту  саласындағы  заң  актілерінің  кешені  тиімді  қызмет 

етуде.  Олардың  негізінде  әзірленетін  барлық  шаралар  халықтың  жұмыспен  қамтылуын 

қамтамасыз  ету  мәселелерін  басқару  жүйесін  білдіреді,  ондағы  негізгі  көңіл  жұмыспен 

қамту  саласындағы  жағдайды  жақсартуға,  жұмысқа  орналастыру  мен  жұмысшылардың 

кәсіптік қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. 

Жұмысшылардың  кәсіби  қабілеттерінің  дамуына  себепші  болатындар:  кәсіби 

даярлықты өткізуге жұмсалған шығындарды жалдаушыларға ішінара өтеу және кәсіптік 

даярлықпен айналысатын мемлекеттік құрылымдарды ұйымдастыру; кәсіптік даярлықты 

және  еңбек  нарқында  өзінің  бәсекеге  қабілеттерін  жоғарылатуға  тырысатын 

жұмыссыздардың қайта оқуын өткізу; жұмысшыларға тұрақты, бүкіл еңбек мансабының 

бойында  қайта  оқуға  немесе  өзбетінше  білім  алуы  үшін  ақылы  оқу  демалысын  алу 

мүмкіндігін  жұмысшыларға  ұсынатын  жалдаушыларға  демеуқаржы  төлеу;  мемлекеттік 

даярлық  курстарында  оқитын  жұмысшылары  бар  кіші  және  орта  кәсіпорындардың 

басшыларына демеуқаржы төлеу.  

Жапонияның  аумақтық  құрылымдарында  еңбек  нарқын  реттеу  бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру ерекше болып табылды. Әрбір префектурада еңбек бөлімдері 

қызмет  етеді,  оларда,  ереже  бойынша,  екі  секторы  болады:  жұмыспен  қамту  саласында 

жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  және сақтандыру.  «Жұмыспен  қамтуды қамтамасыз 

ету туралы» Заңы бойынша префектуралардың губернаторлары еңбек мәселелерін шешу 




374 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



үшін  жауапты  өзінің  бағыныстыларының  және  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  етеу 

бойынша мемлекеттік бюро директорларының іс-әрекеттерін басқаруға және қадағалауға 

құзырлы.  Бюро  қызметкерлерін  дайындау  жәйшылықта  жұмыс  орындарында  жүзеге 

асырылады.  Ал  жұмыстан  тыс  оқу  курстары,  көп  жағдайда,  ұзаққа  созылмайды  және 

жұмыс  процесінде  оқуға  қосымша  ретінде  болады.  Жұмыстағы  оқу  әдістерінің  бірі  – 

алмастыру,  яғни  міндеттердің  бір  түрін  орындаудан  басқасына  өтуі,  мысал  үшін, 

жәрдемақылармен  жүргізілетін  жұмыстан,  жұмысқа  орналастыру  жөніндегі  жұмыстарға 

өтуі.      

Қытайда  жұмыспен  қамту  жүйесін  реформалау  1990  жылдардың  басында 

Халықаралық  еңбек  ұйымы  жағынан  белсенді  көмек  көрсетуінің  арқасында  жүргізілді. 

1994  жылы  қабылданған  Еңбек  кодексі  құқықтық  негіз  болды.  Қытайдағы  жұмыспен 

қамту жүйесін реформалаудың басты мақсаты – базасы «үш темірдей ережелерде» болған 

– жалдаудың өмір бойылық жүйесі, белгіленген еңбек ақысы мен кепілденген тұрғын үй 

сияқты  еңбек  қарым-қатынастарының  ескі  жүйесін  жою,  сонымен  қатар  үш  жүйеде  – 

жалдаудың  келісім-шарттық  жүйесі,  белгіленбеген  еңбек  ақы  мен  еңбек  қарым-

қатынастарында қатысудың үш жақты жүйесі. 

Қазіргі уақытта еңбек ресурстарын басқарудың үш үлгісі қызмет етуде:  

1) қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі үлгісі; 

2) халықаралық стандарттарға бағытталған басқарудың үлгісі; 

3) басқарудың өтпелі үлгісі.   

Еңбек қарым-қатынастарының жүйесін басқару үш деңгейде жүзеге асырылады. 

1.  Мемлекеттік  деңгей  –  Еңбек  және  әлеуметтік  сақтандыру  министрлігі 

мемлекеттің  мүдделерін  қорғайды;  Қытай  кәсіпорындары  директорларының 

ассоциациясы  –  жұмыс  берушілердің  мүдделерін,  ал  Бүкіл  қытайлық  кәсіодақ 

федерациясы – жұмысшылардың мүдделерін қорғайды. 

2.  Өңірлік  деңгей  –  еңбек  қарым-қатынастары  бойынша  провинциялық 

департаменттер, кәсіпорындар мен кәсіподақ директорларының ассоциациясы. 

3.  Жергілікті  деңгей  –  еңбек  қарым-қатынастары  бойынша  жергілікті 

департаменттер, кәсіпорын директорларының ассоциациясы және кәсіподақ ұйымдары.  

Еңбек  нарқының  Қытайлық  моделі  бүкіл  экономикалық  белсенді  халықтың 

анағұрлым  жоғары  кірістерге  жету  уәждерін  қалыптастырып,  жұмыспен  қамтуды 

қолдаудың  әлеуметтік-экономикалық  механизмдерінің  кеңінен  пайдаланылуымен 

сипатталады. Мұндай механизмдердің қатарына жалдау және жұмысшыларды жұмыстан 

шығарудың  ережелері  ырықтандыру,  ішінара,  уақытша  немесе  қосымша  жұмыспен 

қамтылуды  көтермелеу  арқылы  жұмыс  күшін  пайдаланудың  жұмсақтығын  арттыру, 

қысқа мерзімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін қоғамдық жұмыстарды дамыту 

(мысал  үшін,  демалыс  кезінде  оқушылар  мен  студенттерді  де  қосқанда)  жатады. 

Мемлекет белсенді түрде халықтың жұмыспен қамтылу тиімділігін жоғарылатуға көмек 

береді, кәсіпорындардағы мамандардың қайта даярлануына демеу қаржы төлейді, жоғары 

біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарына үміткер болған жұмысшылардың оқуларын 

ішінара төлейді, жұмыссыздар өз ісін құру үшін пайызсыз несие береді.  

Батыстың,  АҚШ-тың,  Жапонияның  және  Қытай  елдерінің  халықтың  жұмыспен 

қамтылуын  реттеуге  деген  көзқарастары  осындай.  Қазақстан  үшін  қай  үлгі  немесе 

олардың қандай ұштастырулары ең артықшылықта екенін анық айту мүмкін емес. Жалпы 

алғанда, нарықтық құрылымдардың даму кезеңінде, экономикасы дамыған елдердің еңбек 

нарқын  реттеудегі  жинақталған  айтарлықтай  тәжірибесі,  өңірлік  әлеуметтік-

экономикалық даму ерекшеліктерін ескеріп, бідің елімізде оның пайдаланылу мүмкіндігі 

де жан-жақты зерттелуін талап етеді.  



Қолданылған дереккөздер тізімі: 

1.  Еримбетов А. Вопросы регулирования трудовых  отношений  в  условиях  рынка 

//Труд в Казахстане. -2016. -№1. –С.14-18. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау