С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL
MEDICAL UNIVERSITY
Бекітемін
Академиялық
қызмет
жӛніндегі проректор
________Камалиев М.А.
«_____» _______ 2017ж.
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТАҢДАУ БОЙЫНША КОМПОНЕНТ ПӘНДЕРГЕ
СИЛЛАБУС ҚҰРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Алматы 2017ж.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL
MEDICAL UNIVERSITY
Редакция: 1
2017-2018 оқу жылына таңдау бойынша компонент пәндерге силлабус құру бойынша
әдістемелік нұсқаулар
33 беттің 2 беті
ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 маусымдағы «Медицина және
фармацевтика мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар
мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына ӛзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы, 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Кредиттік
оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес
әзірленді.
1.2. Осы әдістемелік ұсынымдар таңдау бойынша компонент пәндері үшін
силлабустарды бекіту, талқылау, әзірлеу тәртібін анықтайды және силлабус
әзірлеуде оқытушыларғы әдістемелік кӛмекті қамтиды. 1 қосымшада – силлабустың
әрбір құрылымдық элементі дәйекті ұсынылған. 2 қосымшада – дайындық
деңгейлері бойынша мамандықтардың шифры және атауы. 3 қосымшада – силлабус
құру үшін ұсынылған сабақ түрлерінің каталогы. 4 қосымшада - силлабус құру үшін
ұсынылған оқыту әдістерінің каталогы. 5 қосымшада - силлабус құру үшін
ұсынылған бағалау әдістерінің каталогы.
1.3. Силлабус – оқытылатын пәннің сипаттамасын, пәннің мақсаты мен міндетін,
оның қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыбы мен ӛту ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс
үшін тапсырмаларды, кеңес беру уақытын, оқытушының талаптарын, бағалау
критерилерін, әдебиеттер тізімін және қосымшаны қамтитын пәннің оқу
бағдарламасы.
1.4. Силлабус кафедралардың/курстардың профессорлық-оқытушылар құрамымен
таңдау бойынша компонент пәндерге құрылады.
1.5. Силлабусты ресімдеуге арналған техникалық талаптар:
шрифт: Times New Roman немесе Times New Roman KZ.
Шрифт ӛлшемі: 14
интервал: бірлік.
Парақ параметрлері: жоғарғы, тӛменгі, оң жақ– 1 см, сол жақ жиек – 2 см.
Парақтардың нӛмірленуі: беттің тӛменгі жағында; тегістеу: оң жағынан.
парақ ориентациясы - альбомды
1.6. Силлабус кафедра, ББК, АК отырысында талқыланады және сараптама үшін
оқу-әдістемелік жұмыс бӛліміне беріледі.
1.7. Силлабус техникалық және мазмұндық тұрғыдан сарапталады.
1.8. Техникалық сараптаманы оқу-әдістемелік бӛлім қызметкері (ОӘЖБ) бағалау
парағы бойынша жүргізеді (қосымша 6), ары қарай мазмұндық сараптамаға тиісті
мамандық бойынша білім беру бағдарламалары комитеттеріне (ББК) беріледі. ББК
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL
MEDICAL UNIVERSITY
Редакция: 1
2017-2018 оқу жылына таңдау бойынша компонент пәндерге силлабус құру бойынша
әдістемелік нұсқаулар
33 беттің 3 беті
бағалау парағы бойынша жүргізілетін мазмұндық сараптама үшін маманды
анықтайды (қосымша 7).
1.9. Техникалық және мазмұндық сараптамасы оң болған жағдайда силлабус тиісті
мамандық бойынша ББК отырысында бекітіледі.
1.10. Бекітілгеннен кейін ОӘЖБ силлабусты университеттің электронды ресурсына
орналастырады және кітапханаға ӛткізеді.