Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет64/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107

əйтпесе тінтуір ДК сигналды жібере алмайды. Инфрақызыл 
тінтуірлер қалыпты батареялардан жұмыс жасайды. 
Радиотінтуірі  радиосигнал  көмегімен  тінтуірден  ақпаратты 
жіберуді  қамтамасыз  етеді.  Бұл  кезде  қабылдағыш  пен  таратқыш 
арасындағы  бос  кеңістікке  қажеттілік  болмайды.  Радиотінтуір 
радиотолқындар  көмегімен  шағын  қабылдағышқа  деректерді 
жібереді,  ол  компьютер  жалғағышына  қосылған. Радиотінтуір  қуат 
көзі  корпустағы  батареяларынан  жүзеге  асырылады.  Тінтуір 
сигналын  енгізу  құрылғысы  онда  орналасқан  батырмалар  болып 
табылады.  Тінтуір  моделіне  байланысты  екіден  төрт  батырмаға 
дейін болады. 
Тінтуір  батырмаларының  функционалдық  тағайындалуы  түрлі 
жəне  орындалатын  қосымшаға  байланысты.  Батырмалардан  басқа 
көптеген  тінтуірлер  терезелерді  тез  айналдыру  (скроллинг)  үшін 
арнайы құрылғылармен жабдықталған. 
Тінтуірлер ДК қосылу тәсілі бойынша мынадай бөлінеді: PS/2 
портына жалғанатындар жəне USB портына қосылатын тінтуірлер. 
Эргономикалық  пернетақталармен  қатар  компьютерлік  нарықта 
эргономикалық,  пайдаланушы  білезігіне  жүктемені  азайтатын 
пішінді  иілген  тінтуірлер  пайда  болды.  Бұдан  басқа,  түрлі  пішінді 
тінтуірлер  шығарылып  жатыр,  олардың  қосымша  тағайындалуы  – 
пайдаланушыда оң эмоциялық икемделу қалыптастыру. 
Тінтуірдің  маңызды  сипаттамасы  дюймге  нүктелер  санымен 
өлшенетін ажыратымдылық болып табылады (тнд немесе dpi — Dot 
Per  Inch).  900  тнд  ажыратымдылығы  тінтуірді  оң  жаққа  1  дюймге 
жылжытқан кезде жетек микробақылаушыдан оң жаққа 900 бірлікке 
жылжығандығы туралы ақпарат алатындығын білдіреді. 
Тінтуірлердің  негізгі  өндірушілері  Microsoft,  MitsumiA4Tech, 
Logitech, Genius, Razer компаниялары болып табылады. 
 
6.2.2. Джойстик 
Джойстик  (joy  stick)  —  екі  жазықтықта  теңселмелі  басқарудың 
тұтқасы  түрінде  орындалған  ақпарат  енгізу  құрылғысы.  Негізінен 
джойстик  компьютер  ойындары  үшін  қолданылады.  Джойстик 
виртуалдық  үш  өлшемді  кеңістікте  виртуалды  объектпен  басқару 
мүмкіндігін  береді  (  «X—Y—Z»  осьтері  бойынша  координаталар). 
Тұтқасын алға-артқа еңкейту жиі «Y» виртуалдық осінің өзгеруіне, 
солға-оңға – «X» виртуалдық осінің өзгеруіне əкеледі. «X» пен «Y» 
координаттық осьтерінен басқа, кейбір джойстиктер 
 
 
 
207 


джойстик  негізіндегі  қосымша  басқарушы  элемент  көмегімен 
немесе оның осінің (таралған атауы «твист») айналасында джойстик 
тұтқасын  айналдыру  арқылы  «Z»  осінің  координаталарын  ұсынуға 
қабілетті. 
«X—Y—Z» 
координаталары 
туралы 
ақпартты 
бағдарламалық  жасақтама  алып,  пайдаланушыға  мониторда 
бейнеленетін  қандай  да  бір  виртуалдық  объектпен  басқаруға 
мүмкіндік  береді.  Джойстик  тұтқасында  жəне  оның  негіздемесінде 
əдетте  батырмалар,  ауыстырып-қосқыштар,  слайдерлер  жəне  түрлі 
тағайындаулы басқа басқару элементтері орналасады. 
Бұрын джойстиктер ДК-ге ойын порты арқылы қосылды, мұнан 
былай USB стандартты интерфейсіне өту болды. Джойстиктер 
аналогтық жəне цифрлық болады. 
Аналогтық  джойстик  ДК  аналогты  сигнал  жібереді  –  белгілі 
кернеулі  жəне  ток  күшті  айнымалы  электр  сигналы.  Сигнал 
бақылаушы жəне процессормен өңделеді, ары қарай цифрлық түрде 
бағдарламалық 
интерфейстермен 
қолданылады. 
Аналогтық 
джойстиктердің бірнеше технологиялары бар: 
■ 
потенциометр 
мен 
аналогтық-цифрлық 
түрлендіргіште 
барынша  қарапайым  құрылмалық  шешім.  Алайда  қорек  көзі 
сапасы  мен  АЦТ  сапасына  талаптары  жоғары,  ал  датчиктің  өзі 
бұл кезде жеткілікті берік емес; 
■ 
энкодер  —  оптикалық  датчик  механикалық  компьютерлік 
тінтуірлерде  қолданатындығымен  ұқсас,  өте  нақты  жүрісті 
қамтамасыз етеді, ұзаққа шыдайды; 
■ 
тензометриялық  датчиктре  —  ноутбуктарда  қолданылады, 
алайда  ойын  құрылғыларында  таралмаған.  Тензодатчиктер 
джойстик үстелге мықтап бекітілген кезде қолайлы; 
■ 
оптикалық  матрица.  Мұндай  джойстиктер  оптикалық  тінтуірге 
ұқсас  əрекет  етеді,  тұтқаның  аз  жүрісті  құрылғылары  үшін 
қолданылады  жəне  жоғары  сенімділікпен  жоғары  нақтылықты 
қиыстырады; 
■ 
магнитті датчиктер — магнитрезистивтік жəне Холл əсерінде. 
Осылар да басқалар да сенімді жəне ұзақ мерзімді. 
Цифрлық  джойстиктер  джойстиктің  өзімен  туындаған 
цифрлық  сигналды  компьютерге  жібереді.  Бұл  кезде  мұндай 
джойстиктер  жиі  потенциометрді  де  қолданады,  бірақ  олардың 
аналогтың сигналы құрылғы ішінде циярланады. Мұндай шешімнің 
артықшылығы  аналогтық  сигнал  компьютердің  ішкі  кеңістігінде 
орналасатын  ойын  портына  жіберілместен  бұрын  цифрлыққа 
айналады, мұнда көптеген электрондық шу болады. 
 
 
 
208 


Сонымен  қатар  оптикалық  джойстиктер  болады.  Оптикалық 
джойстикте  потенциометрлердің  орнына  оптикалық  сенсорлар 
қолданылады,  олар  оптикалық  тінтуірлерде  қолданатындарға  ұқсас 
болады.  Компьютерге  сигнал  цифрлық  джойстиктердегідей 
цифрлық  түрде  жіберіледі,  бірақ  бұл  кезде  оқудың  оптикалық 
жүйелері  потенциометрлерде  болатындай  механикалық  тозуға 
ұшырамаған.  Тағайындалуы  бойынша  джойстиктердің  келесі 
түрлері болады: 
■ 
геймпадтар  —  нарықта  болатын  көптеген  құрылғылардың 
басымын  құрайтын  жəне  кез  келген  ойынға  үйлесімді  əмбебап 
ойын бақылауыштары;
 
■ 
басқыштары бар рөлдер — автомобильдік жарыс, джиптер жəне 
айналмалы 
мұнарасы 
жоқ 
басқа 
машиналарда 
ғана 
қолданылатын ойын бақылаушылары;
 
■ 
ұшақ джойстиктері— ұшақ ойындарының барлық түрлеріне, 
сонымен қатар «атқыш» пен кез келген басқа ойындарда 
қолданылады, джойстик негізінен сол жағында (немесе оң 
жағында) қаруды (мұнара) бұру үшін батырмалар болу керектігі 
шартымен. Джойстиктердің бөлек модельдерінің өзіне тəн «кері 
байланысы» болады:
 
оларды  «ату»  үшін  қолданғанда  тұтқасы  шынайы  қаруда 
болатындай «қайтарым» əсерін береді. Кейбір модельдерде шынайы 
ұшу  аппаратымен  басқаруды  ұқсататын  сезінетін  кедергі  болады 
жəне  виртуалдық  объекттің  орын  ауыстыруын  нақты  реттеуге 
мүмкіндік береді. 
Ресейде джойстиктердің нарықтағы көшбасшылары Quick Shot 
пен Genius фирмалары болып табылады
 
6.3. 
СКАНЕРЛЕР 
 
6.3.1.  Сканерлердің әрекет ету принципі мен жіктеуі 
Сканер  (Scanner)  —  ЭЕМ  ақпаратты  мəтін,  сурет,  слайд,  жазық 
тасымалдаушыдағы  фотосуреттер,  сонымен  қатар  шағын  өлшемді 
көлемді  объектілердің  кескіндері  түрінде  енгізетін  құрылғы. 
Сканерлеу  əдісі  150  жылы  телеграф  бойынша  фотосуреттік 
кескіндерді  жіберу  кезінде  қолданылды.  Бірінші  ақ-қара  түсті 
сканер 1863 жылы, түрлі-түстісі 1937 жылы жасалды. 
 
 
209 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау