Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет72/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107

 
 
6.14 
-сурет. Артқы жаймасы бар камераның əрекет ету принципі
 
 
Кескінді  тіркеу  үшін  барлығы  бір  экспозиция  жасалады,  ол 
қозғалатын  обьектілердің  түсірмесін  жасауға  мүмкіндік  береді, 
алайда  мұндай  камераларда  түс  жіберу  сапасы  бойынша 
көпэкспозициялы технологияға орын береді. 
Үш  матрицасы  бар  біркадрлы  камераның  əрекет  ету  принципі 
6.15,а-суретінде  көрсетілгендей,  арнайы  призма  жүйелерінің 
көмегімен  (6.15,б-суретті  қараңыз)  қызыл,  жасыл  жəне  көк 
құрауыштарға  кескінді  бөлшектеуде  болады.  Камераға  түсетін 
жарық,  дихроилды  жүйе  жұбына  келіп  түсіп,  үш  негізгі  түске 
бөлінеді:  қызыл,  жасыл  жəне  көк.  Кескіннің  əр  монохромды 
құрауышы  өзінің  ЗБА-матрицасымен  тіркеледі.  Мұндай  типті 
цифрлық  камералар  орта  жəне  жоғары  класты  цифрлық 
камераларда қолданылады. 
Үшматрицалы  цифрлық  камералардың  бірматрицалыларына 
қатысты артықшылықтары: түрлі-түсті ауысудың ең жақсы жіберуі, 
аса жоғары ажыратымдылық, жарықсезгіштік жəне шу деңгейі. 
Цифрлық  камера  объективі.  Вариообъектив  деп  аталатын 
айнымалы  фокустық  қашықтығы  бар  объективтердің  қазіргі 
заманғы түрі кеңінен таралған (ағыл. Zoom — трансфокатор, «зум»). 
Басты  артықшылығы  –  кескіннің  масштабын  оперативті  өзгерту 
мүмкіндігі 
 
231 


 
 
6.15 
-сурет. Үш матрицасы бар біркадрлы камера:
 
а — əрекет принципі; б — түсбөлу призмалар жүйесі. 
 
жиі матрицадан үзіндіні үлкейтуге қарағанда, аса сапалы кескінді алуға 
мүмкіндік береді. 
Цифрлық  камера  бекітпесі  механикалық  бекітпенің  электронды 
баламасы  болып  табылады  жəне  матрицаға  орнатылған.  Қымбат  бағалы 
камераларда  екі  бекітпе  монтаждалған,  жəне  механикалық  ұсталым 
уақыты  аяқталған  соң  сенсорға  жарық  түсуін  болдырмау  үшін  қызмет 
етеді.  Кейбір  цифрлық  фотоаппараттарда  бекітпе  батырмасын    басқан 
кезде автоматика жүйесі жартылай іске қосылады. Экспозицияны анықтау 
жүйесі  мен  автофокус  түсірілім  параметрлерін  белгілейді  жəне  толық 
басылуды күтеді. 
Көрсеткіш  тетік  —  болашақ  кескіннің  шектерін  жəне  кейбір 
жағдайларда  түсірілімнің  параметрлері  мен  айқындылығын  көрсететін 
фотоаппарат  элементі.  Егер  көрсеткіш  тетіктің  оптикалық  схемасына 
жарық  ағынын  объективтен  көздікке  немесе  күңгірт  шыныға  қайта 
бағыттайтын  айна  болса,  онда  мұндай  аппарат  айналы  деп  аталады. 
Фотоаппараттың басқа түрлерінен негізгі айырмашылығы дəл осы айналы 
жүйесі  болып  табылады,  ол  ауыстырмалы  объективтерді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. Электрондық көрсеткіш тетіктер 
232 


сұйықкристалды (LCD) немесе органикалық жарықдиодты (OLED) 
дисплейлер түрінде орындалады
Ең  көп  таралғаны  біробъективті  айналы  камера,  SLR-камера 
болып  табылады  (single-lens  reflex  camera),  оның  схемасы  6.16- 
сурете  берілген.  Түсірілім  объектін  таңдау  жəне  айқындылықты 
дəлдеу  процесінде  фотограф  камера  объективімен  1  қабылданатын 
жəне күңгірт шыныға 5 айнамен 2 проекцияланатын көрсеткіш тетік 
8 көздігі арқылы нақты кескіні бақылайды. 
Көрсеткіш  тетігі  арқылы  бақыланатын  кескін  шектерінің 
қабықшаға  немесе  матрицаға  проекцияланатынмен  сəйкес  келуі  – 
көрсеткіш  тетігінің  көру  шегі  –  айналы  камераның  маңызды 
сипаттамаларының бірі болып табылады. Жақсы камераларда ол 90 
... 
100% 
құрайды. 
Пентапризма 

(көптеген 
айналы 
фотокамераларға  ерекше  көрініс  беретін)  кескінді  нағыз  жағдайға 
аударуды  қамтамасыз  етеді,  ол  фотографтың  құралсыз  көзбен 
көретініне  сəйкес  келеді.  Көздеу  аяқталған  соң  түсіруге  басқан 
кезде  арнайы  механизм  айнаны  2  камераның  оптикалық  трактінен 
алады,  бекітпе  3  ұсталым  уақытында  ашылады,  жəне  кескін 
матрицаға 4 проекцияланады. 
Цифрлық  камералардағы  процессорлар  келесі  функцияларды 
атқарады: 
■ 
Бекітпе жұмысын басқару;
 
■ 
Түсірілімнің  автоматты  жəне  қол  режимінде  объективпен 
басқару;
 
■ 
Объект жарықтылығын өлшеу, ақшыл теңгерімді таңдау;
 
■ 
Жарқылдақ жұмысын басқару;
 
■ 
Қолда бар жиынтықтан арнайы əсерлерді басқару (сепия, ақ-қара 
түсті түсірілім, қызыл көз əсерін жою жəне басқалар);
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.16 
-сурет. Біробъективті цифрлік 
айналы камераның схемасы:
 
1 – объектив; 2 – айна; 3 – бекітпе; 4 – 
матрица; 5 – күнгірт шыны; 6 – линза; 
7 – пентапризма; 8 – окуляр 
 
233 


■ 
түсірілімнің таңдалған режимдері, баптау, кескіннің өзі жəне т.б. 
туралы ақпаратты дисплейге шығару жəне қалыптастыру.
 
Цифрлық  камера  процессорлары  микробақылаушы  құрамына 
кіреді (MCU), ол процессор функциялары мен құрамында ЖЖҚ мен 
ТЖҚ бар шеткері құрылғылардың функцияларын үйлестіреді. 
Жады  картасы  —  үлкен  көлемді  деректерді,  сонымен  қатар 
цифрлық  камералармен алынатын  кескіндерді  ұзақ  уақыт  сақтауды 
қамтамасыз  ететін  ақпарат  тасымалдаушы.  Цифрлық  камераларда 
ақпарат иесі əдетте флэш-жады карталары болып табылады. 
Камералардың  кейбір  модельдерінің  құрылымдық  шешімдері 
экспонирлеудің  көпкадрлы  жəне  біркадрлы  технологиясын  бір 
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. 
Цифрлық  камералардың  маңызды  сипаттамаларының  қатарына 
келесілері  жатады:  ажыратымдылық;  интерфейстерін  қолдау; 
ақпарат тасымалдаушы көлемі. 
Цифрлық  бейнекамера  —  бұл  түсірілетін  обьектілердің 
жарықсезгіш  элементте  (матрица)  оптикалық  бейне  алуға  арналған 
құрылғы, ол қозғалатын кескіндерді жазуға бейімделген. Әдетте  ол 
дыбысты  параллель  жазу  үшін  микрофонмен  жабдықталады. 
Цифрлық  бейнекамералардың  əрекет  принципі  мен  құрылмалы 
шешімдері фотокамералардын аз ерекшеленеді. 
Canon,  Olympus,  Nikon,  Sony  цифрлық  камералар  жоғары 
сапасымен ерекшеленеді. 
 
6.5. 
Web-КАМЕРАЛАР 
 
Web-камера  немесе  IP-камера  –  бейнетүсірілімді,  цифрлауды 
жүргізетін,  бейнекескіндерді  компьютерлік  желіс  бойынша 
ықшамдайтын жəне жіберетін цифрлық құрылғы. 
ДК  жаңа  шеткері  құрылғысы  ретінде  Web-камера  туралы 
ақпарат  басылымға  1992  ж.  шықты.  Қазіргі  уақытта,  олар 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың 
штатты 
техникалық құралдары болып табылады. 
Типтік Web-камераның құрамы мынадай (6.17-сурет): объектив, 
оптикалық  сүзгі,  фотосезгіш  матрица,  кескінді  цифрлық  өңдеу 
схемасы,  сурет  компрессиясының  схемасы  жəне  желіске  қосылу 
үшін Web-сервер. 
Әрбір  желістік  Web-камерада  өзінің  меншікті  IP-адресі, 
есептеуіш 
функциялары 
мен 
кіріктірілген 
бағдарламалық 
жасақтамасы  бар,  бұл  оған  Web-сервер, 
FTP-  сервер, 
FTP-клиенті 
жəне 
e - mail 
клиенті ретінде қызмет істеуіне мүмкіндік береді. 
234 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау