Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет41/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107

Шолу бұрыштарының сипатты мəндері — 170°/170°, бөлек модельдерде 
178°/178° жетеді. 
СК-монитордың  ажыратымдылығы  бөлек  СК-ұяшықтың  өлшемімен, 
яғни  пиксельдердің  белгіленген  өлшемімен  анықталады.  Мысалы,  34- 
дюймді маонитордың матрицасының ажыратымдылығы 3440 х 1 440. 
Жарықтық  —  СК-мониторларды  таңдау  кезіндегі  ең  маңызды 
параметр.  СК-монитордың  типтік  жарықтығы  250 ... 400  кд/м
2
.  Бұл  кезде 
СК-монитордың центрінде жарықтық экран шетіне қарағанда 25 % көбірек 
болады. 
СК-мониторының  кескінінің  кереғарлығы  бейнесигналдың  деңгейі  ең 
азынан  көбіне  дейін  өзгерген  кезде  оның  жарықтығы  қанша  есе 
өзгеретіндігін көрсетеді. Қазіргі заманғы мониторлар үшін 700 : 1 -ден 
1 000: 1 дейінгі кереғарлықтың мəні сипатты. 
ЖК-монитордың  инерциялылығы  оның  ұяшығын  активтендіру  үшін 
қажетті ең аз уақытпен сипатталады, жəне 5 мс жетеді. 
Масса-ауқым  сипаттамасы мен энергия  тұтынуы СК-мониторларды 
ЭСТ-мониторлардан  ажыратады.  Көптеген  модельдердің  салмағы 
біренеше  килограмнан  аспайды,  ал  экран  қалыңдығы  –  20  мм.  Жұмыс 
режимінде тұтынатын қуат 35...80 Вт аспайды. 
СК-мониторлардың  көптеген  модельдері  орнатылған  динамикамен, 
сонымен  қатар  USB,  құлаққаптарды  қосу  үшін  жалғағышпен 
жабдықталған. Бұдан басқа, дауыстың сырт көзіне жəне дауыстық картаға 
қосылу үшін олардың микрофонды кіруі мен аудиошығысы болады. 
 
 
4.1.3.  Плазмалық мониторлар 
 
Плазмалық  дисплейлер  (Plasma  Display  Panel  —  PDP)  СК- 
мониторларды  итеріп  шығарып,  белсенді  түрде  кең  экрандылардың 
нарығын жаулап алып жатыр. СК-мониторлар – жайпақ жəне жеңіл, бірақ 
олардың  20"  аса  диагоналі  бар  модельдері  жоғары  бағамен  ерекшеленеді. 
Плазмалық  технология  үлкен  экрандарды  жасаған  кезде  берілген 
кемшіліктерден айырылған, олар өздерінің аз салмағы мен қалыңдығының 
арқасында  кез  келген  жерге  орнатыла  алады:  қабырғада,  төбе  астында, 
үстелде. Шолудың кең бұрышының арқасында кескін кез келген нүктеден 
көрінеді.  Жəне  ең  бастысы,  плазмалық  мониторлар  бұрын  экранның 
мұндай  өлшемі  кезінде  қол  жетпейтін  болған  түс  пен  айқындылықты 
жеткізе алады. 
Бейнелеу құралдарында газ қуатсыздануын пайдалану идеясы көп жыл 
бұрын  КСРО  Рязань  қаласында  «Плазма»  НПО  пайда  болды.  Алайда  ол 
уақыттың  технологиясы  сапалы  кескін  алуға  жəне  жақсы  түс  жіберуге 
жетуге мүмкіндік бермеді. 
 
133 


Шетелде  бұл  технологияның  облысындағы  зерттеулер  мен 
əзірлеулер  1960-жылдардың  басында  электродтың  тігу  инесі  түріндегі 
ұшталғаннан бос электрондардың жүгірісінің электромагнитті өрісінің 
өздігінен  бастамашылық  етуімен  байланысты  құбылысты  зерттеу 
кезінде  басталды.  Мұндай  қағидат  бойынша  күндізгі  жарық  шамдары 
жұмыс  жасайды.  Ұшып  шығатын  электрондар  инертті  газды  
иондармен  қанықтырады,  олардың  жарқырауын  шақырады.  Мұндай 
инешікті  матрицаны  алу  технологиясын  1966  жылы  Иллинойс 
штатындағы  университетте  жасап  шығарған.  1980  жылдары  бұл 
идеяны  Burroughs  мен  IBM  компаниялары  жүзеге  асыруға  тырысты, 
бірақ сəтті болмады. 
Бірінші плазмалық экрандар монохромды (қызғылт сары) болды 
жəне  бəрінен  бұрын  кескіннің  үлкен  алаңы  талап  етілген  тек  қана 
айрықша 
тұтынушының 
сұранысын 
қанағаттандыра 
алды. 
Диагоналдары  21"  асатын  қымбат  емес  экрандарды  алуды  СК,  ЭСТ- 
технологиялары  да  қамтамасыз  етуге  жағдайлары  жоқ  екендігі  анық 
болғанда,  Hitachi,  NEC,  сонымен  қатар  Fujitsu  сияқты  тұрмыстық 
теледидар  мен  компьютерлердің  алдыңғы  қатарлы  өндірушілері 
қайтадан  PDP-ға  оралды.  Қазір  Fujitsu,  Hitachi,  Matsushita,  Mitsubishi, 
NEC, Pioneer мен басқалар диагоналі 50" жəне одан асатын плазмалық 
мониторларды өндіреді. 
PDP-мониторлар  екі  шыны  беттің  арасын  инертті  газбен,  мысалы 
аргон немесе неонмен толтыру жолымен жасалады. Содан кейін шыны 
бетке  миниатюралы  мөлдір  электродтарды  жағады,  оған  жоғары 
жиілікті  кернеу  беріледі.  Осы  кернеудің  əсер  етуімен  электродқа 
жапсарлас  газ  облысында  электр  разряды  пайда  болады.  Газ 
разрядының 
плазмасы 
жарықты 
ультракүлгін 
диапазонында 
шағылыстырады,  ол  адам  көретін  диапазонда  люминофордың 
бөлшектерінің  жарқырауын  тудырады.  Шын  мəнінде  экрандағы  əр 
пиксель күндізгі жарықтың кəдімгі шамы секілді жұмыс жасайды. 
Плазмалық  панельдің  жұмысының  принципі  ионданған  жағдайда 
(салқын  плазма)  болатын  сиретілген  газдың  (ксенон  немесе  неон) 
басқарылатын  салқын  разрядында  болады.  Кескіннің  бөлек  нүктесін 
қалыптастыратын  жұмыс  элементі  (пиксель)  негізгі  үш  түске 
сəйкесінше  жауапты  үш  субпиксельден  тұратын  топ болып  табылады. 
Әр  субпиксел  бөлек  микрокамераны  береді,  олардың  қабырғасына 
негізгі  түстердің  бірінің  флуоресценттеуші  заты  болады  (4.9-сурет). 
Пиксельдер  тікбұрышты  тор  түзетін  басқарушы  мөлдір  хром-мыс- 
хромдық электродтардың қиылысу нүктесінде болады. 
Пикселді «жағу» үшін қиылысу нүктесінде қажетті пиксел болатын 
екі  бір  біріне  ортогональ  қоректеуші  жəне  басқарушы  электродтарға 
жоғары  басқарылатын  айнымалы  кернеудің  тікбұрышты  импульстері 
беріледі. 
134 


 
4.9 
-сурет. Плазмалық панель құрылымы
 
Ұяшықтағы газ өзінің валентті электрондарының көп бөлігін береді 
де,  плазмалық  жағдайға  ауысады.  Иондар  мен  электрондар 
басқарушы  кернеу  кезіне  байланысты  электродтарда  кезектесіп 
камераның  түрлі  жағына  жиналады.  Сканерлеуші  электродқа 
импульс 
беріледі, 
бір 
аттас 
əлеуеттер 
қабатталады, 
электрстатикалық  өріс  векторы  өзінің  шамасын  екі  еселейді. 
Разрядтау  болады  –  зарядты  иондардың  бөлігі  энергиясын  жарық 
кванттарын  шағылыстыру  түрінде  ультракүлгін  диапазонда  (газға 
байланысты) 
береді. 
Өз 
ретінде, 
разряд 
аймағында 
флуоресценттеуші  жабын  болып,  көрінетін  диапазонда  жарықты 
шағылыстыра  бастайды,  оны  бақылаушы  қабылдайды.  Сыртқы 
шынымен көзге зиян шағылысудың ультракүлгін құрауышының 97 

сіңіріледі. 
Люминофордың 
жарқырауының 
жарықтығы 
басқарушы кернеу мəнімен анықталады. 
Жоғары жарықтылық (700 кд/м
2
 аса) пен кереғарлық (500: 1 кем 
емес)  дірілдеудің  болмауымен  қатар  мұндай  мониторлардың  үлкен 
артықшылықтары 
болып 
табылады. 
Кескіннің 
жоғары 
айқындылығы  экранның  барлық  жұмыс  бетінде  сақталады.  Бұдан 
басқа,  плазмалық  мониторларды  қалыпты  кескін  көруге  болатын 
нормальге  қатысты  бұрыш  LCD-мониторларға  қарағанда  барынша 
көп  болады.  Бұған  қоса,  плазмалық  панельдер  магнитті  өріс 
түзбейді  (денсаулық  үшін  олардың  зиянсыздық  кепілі  ретінде 
қызмет 
етеді), 
дірілдеуге 
ұшырамайды. 
PDP-мониторлар 
электромагнитті  өріске  беріктілікке  ие,  оларды  өнеркəсіптік 
жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. 
Мұндай  мониторлардың  негізгі  кемшіліктері  монитордың 
диагоналі  көбейген  кезде  өсетін  жоғары  тұтыну  қуаты  мен  кескін 
элементінің  үлкен  өлшемімен  шартталған  төмен  айыру  қабілеті 
болып табылады. 
 
135 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау