Визор матрицалар арасындағы қашықтықты көлденеңінен реттеуге
мүмкіндік береді, ол IPD (InterPupil Distance) деп аталатын
пайдаланушының қарашықтары арасындағы қашықтыққа сəйкес
келуі керек. Шлемдердің кейбір үлгілерінің визорлары IPD
автоматты
анықтаудың
арнайы
оптикалық
жүйесімен
жабдықталған, ол шлемнің жеке күйге келтіруіндегі қажеттілікті
шығарады.
VR-шлемдердің маңызды ерекшелігі виртуалды бағдарлау
жүйесінің болуы (ВБЖ) (Virtual Orientation System — VOS), ол
бастың
қозғалысын
қадағалайды
да,
соған
байланысты
экрандардағы кескіндерді дəлдейді. Бас бір жаққа бұрылған кезде
панарамалық кескін СК-матрицалары арқылы қарама-қарсы бағытта
«бұралады». Нəтижесінде пайдаланушыда бақыланатын суреттің
тұрақтылық елесі, кескіннің шынайылық сезімі пайда болады.
Пайдаланылатын өрістің түрі мен əрекет ету принципіна
байланысты магнитті, ультрадыбысты жəне инерциялық ВБЖ
ажыратады.
Магнитті ВБЖ шағын магнитті датчиктерді қолданады
(индуктивтілік орауышы). Магнитті ВБЖ-ға радиомаяк рөлін
атқаратын сыртқы қозғалмайтын таратқыштар блогы кіреді;
таратқыштарға келіп түсетін электр сигналдарын қалыптастыратын
жүйелі электронды блок, жəне таратқышпен қабылданған
сигналдарды өңдейді. Қабылданған сигналдардың фазасы мен
қарқындылығы
жіберетін
жəне
қабылдайтын
орауыштар
арасындағы қашықтыққа, жəне олардың өзара бағдарына
байланысты болады. Жіберілетін жəне қабылданатын сигналдарды
өңдеп, жүйелі электронды блок қабылдағыштың таратқышқа
қатысты
кеңістіктік
координаталарын
есептеп
шығарады.
Есептеудің нəтижелері ДК жіберіледі.
Ультрадыбысты
ВБЖ
магниттілердің
орнына
шағын
пьезокерамикалық түрлендіргіштер қолданылады, олар қабылдағыш
пен таратқыштардың қызметін атқарады. Әдетте шлемде
орналасқан үш таратқыш пен қабылдағыш қолданылады. Жүйелі
блок таратқыштарға электр сигналын жібереді жəне ультрадыбысты
сигналды тіркейді.
Жіберілген жəне қабылданған сигнал арасындағы уақытша
кідіруді өлшеп, сонымен қатар дыбыс толқынының таралу
жылдамдығын біліп (шамамен 330 м/с), қабылдағыш пен таратқыш
арасындағы қашықтықты нақты анықтауға болады. Датчиктердің
үш жұбы арасындағы қашықтықтардың өлшеу нəтижелерін өңдеу
жолымен шлемнің (пайдаланушы басы) кеңістіктегі жағдайы мен
бағдарлауын есептейді.
158
Инерциялық ВБЖ негізінен кəсіби қолдануға арналған
үлгілердің VR-шлемдарында қолданылады. Өздерінің атауын
оларда инерциялық датчиктердің – гироскоп пен акселерометрдің
қолдануы арқасында алды. Олардың көмегімен тəуелсіз
инерциялық координаттар жүйесі құрылады, мұнда пайдаланушы
басының жағдайы қадағаланады.
Инерциялық ВБЖ гироскоптар ретінде шағын қатты денелі
датчиктер қолданылады. Әр датчик жартылай өткізгіштік лазерлі
таратқыш пен
қабылдағыштар
тұрады.
Датчиктер
өзара
перпендикуляр
үш
жазықтықта
орналасқан.
Датчиктердің
көмегімен үш өзара-пернедикуляр жазықтықтағы айналудың
бұрыштық жылдамдығы, сонымен қатар Жердің магнит өрісінің
векторының бағыты өлшенеді.
Инерциялық ВБЖ сыртқы электр жəне магнит өрістеріне қарсы
тұра алады.
VR-шлемі
үшін
кіру
сигналы
ретінде
тұрмыстық
видеоаппаратураның не бейнесигналы, не ДК видеоадаптерінің
RGB-сигналы қолданылуы мүмкін.
Визорлары бар VR-шлемдер əдетте тікелей ДК видеоадаптерына
қосылуға есептелген. Визордан басқа VR-шлем жоғары сапалы
стереофониялық аудиожүйемен жабдықталған. Дыбыс көзі не
теледидар (бейнемагнитофон), не компьютердің дыбыс картасы
болуы мүмкін.
VR-шлемдер үлгілері техникалық шешімдер мен мүмкіндіктері
бойынша аса сан алуан болады жəне ереже бойынша ең жоғарғы
компьютерлік технологиялардың өнімдері болып есептеледі.
Мысалы, Razer компаниясы OSVR Hacker Dev Kit шлемін ұсынды.
Мұндай шлеммен дене жағдайын қадағалайтын арнайы сақина
арқасында дене қимылдарын басқаруға болады (Skeletal tracking).
Қозғалыстарды қармау бақылауышы пайдаланушының ымдарын
витуалды ортаға көшіреді. Құрылым компаспен, акселерометр жəне
гироскоппен жабдықталған. Ішкі қосылу үшін екі USB 3.0 порты
бар, ал қосымша аксессуарлар үшін сыртқы USB 3.0 порт қызмет
етеді. 5,5 дюймді дисплей Full HD ажыратымдылықты кескінді
көрсетеді жəне 60 Гц жиілігімен суретті жаңарта алады.
Виртуалды ақиқат шлемі ауысымды дисплейді жасап тұра
алады.
Шлемнің баптауы диоптрий шамасы мен қарашықтар
арасындағы қашықтықта есепке алып жүргізіледі, ол көз көрумен
проблемалары бар адамдарға құрылғымен көзілдіріксіз пайдалануға
мүмкіндік береді. Құрылғы окулярлы мини-дисплей жəне екі
линзалы оптикамен жабдықталған, ол ең аз қателікті 100° шолу
аумағын қамтамасыз етеді.
159
Виртуалды ақиқат шлемдері қазіргі уақытта бинокулярлы көрудің
ерекшеліктерін пайдалануға негізделген барлық құрылғылардың ішіндегі
ең табыстылары болып саналады.
4.3.2. 3D-көзілдіріктер
3D-көзілдіріктер
үш
өлшемді
кескіннің
қалыптастыру
құрылғыларының бағасы бойынша ең көп таралғаны жəне қолжетімдісі
болып саналады. Олардың əрекет ету принципі стереожұптың
элементтерінің бөлінуінің бекітпелі əдісін қолдануға негізделген. 3D-
көзілдіріктер компьютерге немесе смартфонға қосымша ретінде
қолданылады.
3D-көзілдіріктердің əрекет ету принципі стереожұптың сол жəне оң
бөліктерін мониторда тізбекті бейнелеуі кезінде көзілдіріктің əйнегінің
айқындығы синхронды өзгереді. Нəтижесінде əр көз стереоəсерді
қамтамасыз ететін стереожұптың тек қана өз бөлігін көреді. 3D-
көзілдіріктің əйнектері компьютер командалары бойынша «айқындығын
жоғалта» алатын болса, оларды поляризация əсерін пайдаланатын сəулелі
типті СК-ұяшықтар технологиясы бойынша орындалады. Сондықтан 3D-
көзілдіріктерді кейде поляризациялық деп атайды. 3D-көзілдіріктердің
əйнектерінің айқындығы видеоадаптердің сигналдарымен басқару
нəтижесінде экрандағы кескіннің синхронды ауысуымен өзгеретін
болғандықтан, оларды белсенді деп атайды.
Осылайша,
«белсенді
поляризациялық
көзілдіріктер»,
«3D-
көзілдіріктері» терминдері — синонимдер; олар бірдей қағидатта жұмыс
жасайтын құрылғыларды білдіреді.
3D-көзілдіріктерді ДК-ға қосу көптеген жағдайда қосымша құрылғы –
контроллер көмегімен жасалады, ол əйнектің ретімен күңгірттенуін
басқаратын 3D-көзілдіріктер үшін синхросигналды түзеді, шығу
бейнесигналын
жəне
видеоадаптер
синхросигналдарын
монитор
экранында стерео жұптың элементтерінің бөлек ретті көрсетуін
қамтамасыз ету үшін түрлендіреді (қажеттілігі бойынша).
Мысалы, Samsung фирмасымен жасап шығарылған смартфондарға
арналған виртуалды ақиқаттың 3D-көзілдіріктері шолудың үлкен
бұрышын 96° қамтамасыз етіп, жұмыс істейді. Оларда кіріктірілген
акселерометр мен гироскоп болады. Смартфоннан бөлек көзілдірік жұмыс
жасамайды, сондықтан олардың функционалдығы көбіне оның
мүмкіндіктеріне байланысты болады. Бұл кезде əсіресе смартфонды
виртуалды ақиқаттың құрамды бөлігі деп санау дұрыс. Samsung 3D-
көзілдіріктері корпуста орналасқан не сенсорлы панель көмегімен, не
пайдаланушы басының бұрылуымен басқарылады.
160
Достарыңызбен бөлісу: |