4.7
-сурет. TN типті СК-матрицасының тұрғызу схемасы
бұл матрицалар жауап беру уақыты бойынша TFT-матрицаларынан қатты
қалыспайды. Олар соңғыларының сипаттамаларын түстер тереңдігі жəне
оларды жаңғырту нақтылығы бойынша барынша шамадан асады. MVA
технологиясының артықшылықтары қою қара түс (перпендикуляр қарау
кезінде) жəне кристалдың бұрандалы құрылымы да, екілік магнит өрісінің
де болмауы болып табылады.
MVA аналогтары болып келесі технологиялар табылады: Samsung-тан
PVA (Patterned Vertical Alignment); Sony-Samsung-тан Super PVA (S-LCD);
CMO-дан Super MVA; ASV (Advanced Super View), сонымен қатар Sharp-
тан ASVA (Axially Symmetric Vertical Alignment).
VA типті матрицалар (MVA — Multi-domain Vertical Alignment, PVA —
Patterned Vertical Alignment жəне олардың өзге түрлері) жоғары
кереғарлықпен жəне барынша жақсы түс жіберумен сипатталады.
MVA/PVA матрицалары TN мен IPS арасында бағасы да, тұтыну
қасиеттері бойынша да ымыра болып табылады.
IPS технологиясы (In-Plane Switching) Hitachi компаниясымен 1996
жылы бірінші ретте екі мəселені– шолудың кішкене бұрышы жəне түс
жіберудің төмен сапасын жою үшін жасап шығарылған.
Қазіргі уақытта IPS типті классикалық матрицалар нарықта
кездеспейді. Оларды IPS-матрицасының түрлі түрленімі ауыстырды.
Олардың барлығы матрицалардың басқа түрлерімен салыстырғанда ең
жақсы түс жіберуді береді жəне бақылау бұрышы азайған кезде
көлденеңінен жəне тігінен түстердің көрінетін бұрмалаусыз
130
178°-қа тең шолу бұрыштары болады.
IPS — сұйық кристалды экранның матрицасының орындалу
технологиясы (жұқақабыршықты транзисторларда), мұнда кристалдар
экранның біртұтас жазықтығының бойымен шиыршықты емес, бір біріне
параллель орналасқан (TN секілді). Кернеу болмаған кезде сұйық
кристалдар молекулалары бұрылмайды. IPS типті СК-матрицаның тұрғызу
схемасы 4.8-суретте берілген.
Тəжірибеде IPS-матрицасының TN-TFT- матрицасынан ең маңызды
айырмашылығы қара түсті мінсіз бейнелеу арқасында кереғарлықтың
жоғары деңгейінде болады. Сурет нақтырақ болып шығады.
IPS-матрицасының базасында жасалған мониторлар мен дисплейлер
барынша көп энергия жұмсайтын. Бұл кристалдардың ауқымын бұру үшін
қажет етілетін кернеудің жоғары деңгейімен қамтамасыз етілген.
Параллель кристалдардың барлық ауқымын бұру үшін IPS уақыт қажет.
Осылайша, сурет салу жылдамдығы маңызды болған тапсырманы
орындаған кезде матрицасын қолданған едəуір тиімді. Басқа жағынан,
күнделікті пайдалануда жауап беру уақытындағы айырмашылықты адам
байқамайды.
IPS-матрицаларындағы мониторлардың, ереже бойынша, «PRO»
(кəсіби) таңбалануы болады жəне қалғандарынан қымбатырақ тұрады.
Оларды суретшілер мен графикалық дизайнерлер пайдаланғанды ұнатады.
4.8
-сурет. IPS типті СК-матрицасының тұрғызу схемасы
131
Мобильді құрылғылардың көптеген өндірушілері өздерінің гаджеттарын
IPS-экрандармен толымдайды.
IPS-матрицаларының негізінде жақсартылған сипаттамалары бар
бірнеше технология жетілдіре түсті:
■
AS-IPS (Advanced Super-IPS) — 2002 жылы жетілдірілді. S-IPS-
матрицасымен салыстырғанда матрицаның өзінің кереғарлығы мен
мөлдірлігі жақсартылған, ол жарықтығын жақсартады;
■
H-IPS (Horizontal IPS) — 2007 жылы пайда болды. Экранның біртекті
визуалды беті жəне жақсырақ кереғарлыққа қол жеткізілді.
Графикамен кəсіби жұмыста қолданылады;
■
e-IPS (Enhanced IPS) (H-IPS өзге түрі) —2009 жылы жасалған.
Толығымен ашық пиксельдер кезінде жарық өткізуді көбейту үшін
кеңірек апертурасы бар, ол аз энергия тұтынатын шамдар өндірісінде
арзанырақ жарықтандыруды пайдалануға мүмкіндік береді. Диагонал
шолу бұрышы жақсартылған, жауап беру уақыты 5 мс дейін
азайтылған;
■
P-IPS (Professional IPS) (H-IPS басқа түрі) — 2010жылы жетілдірілді.
1,07 млрд түсті (түстің 30-битті тереңдігі) қамтамасыз етеді.
Субпиксель үшін көбірек мүмкін бағыттар (1 024 256-ға қарсы)
жəне true color - түс жіберудің ең жақсы тереңдігі. P-IPS
матрицаларындағы мониторлардың кеңейтілген түстік қамтуы болады;
■
AH-IPS (Advanced High Performance IPS) — 2011 жылы жасалған. Түс
жіберу жақсартылған, ажыратымдылық көбейтілген, жарықтығы
жоғарылатылған жəне энергия тұтынуы төмендетілген.
PLS-матрицасы (Plane-to-Line Switching) 2010 жылы жетілдірілген
Samsung. PLS технологиясы IPS ұқсас матрица тұрғызу принципіна
негізделеді. PLS-матрицаларының пиксельдерді тығыз орналастыру
мүмкіндігінде, жоғары жарық өткізу мен жарықтықта, сонымен қатар IPS-
матрицасына қарағанда сəл төмен энергия тұтынудың тиімді
сипаттамалары болады. Алайда PLS-матрицаларының айтарлықтай
кемшіліктері де бар – СК-матрицалар арасында ең төмен кереғарлық жəне
sRGB аспайтын түстік қамту.
Сұйық кристалды мониторлардың негізгі сипаттамаларына
келесілер жатады.
СК-мониторлардың экранының бағдарлануы портретті де , ландшафты
да бола алады. Жағдайлар қатарында (үлкен көлемді мəтіндермен, Web -
парақшалармен жұмыс) портретті бағдарлы экранмен жұмыс жасаған
ыңғайлы.
СК-мониторлардың шолу өрісі əдетте перпендикулярдан экран
жазықтығына көлденеңінен жəне тігінен өлшенетін шолу бұрыштарымен
сипатталады.
132
Достарыңызбен бөлісу: |