Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет37/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107

Түстер қабаты қалың болған сайын, сонша аз жарық шағылысады, 
жəне ақырында түс реңкі қарақоңыр болып шығады (түс). 
Түс 
ажыратудың 
физиологиялық 
ерекшеліктері 
М.В.Ломоносовпен  зерттелді.  Оның  ойлап  тапқан  түс  ажырату 
теориясының  негізіне  тəжірибе  түрінде  орнатылған  факт  қойылды, 
барлық  түстер  жоғары  қанықтықты  үш  жарық  ағынының  қосу 
жолымен  алуға  болады,  мысалы  негізгі  немесе  бастапқы  деп 
аталатын қызыл, жасыл жəне көк түстерден. 
Әдетте  жарық  сəулесі  адам  көзінің  барлық  рецепторларын  бір 
уақытта  тартады.  Адамның  көру  аппараты  жарықтағы  түрлі 
шағылысудың 
салыстырмалы 
құрамын  анықтап, 
жарықты 
талдайды,  ал  содан  соң  миында  олардың  бір  түске  синтездеуі 
жүреді. 
Көздің керемет қасиетінің арқасында – түрлі түсті қабылдаудың 
үшқұрамдылығы  –  адам  түрлі  түсті  реңктің  кез  келгенін  айыра 
алады:  тек  қана  үш  негізгі  түстің  қарқындылығының  көлемдік 
қатынасы  туралы  ақпарат  жеткілікті,  сондықтан  барлық  түстердің 
тікелей  жіберуінде  қажеттілік  болмайды.  Осылайша,  түс 
ажыратудың  физиологиялық  ерекшеліктерінің  арқасында,  түс 
туралы  ақпарат  көлемі  барынша  қысқарады  жəне  түрлі  түсті 
кескіндерді  өңдеу  жəне  тіркеумен  байланысты  көптеген 
технологиялық шешімдер жеңілдетіледі. 
Түс  ажыратудың  тағы  бір  маңызды  қасиеті  түстің  кеңістікті 
орталауы  болып  табылады,  егер  түрлі  түсті  кескінде  жақын 
орналасқан  түрлі  түсті  бөлшектер  болса,  онла  бөлек  бөлшектердің 
түсінің 
үлкен 
ара 
қашықтығынан 
байқалмайтындығымен 
тұжырымдалады.  Барлық  жақын  орналасқан  түрлі  түсті  бөлшектер 
бір түске боялған болып көрінеді. Көрудің бұл қасиетінің арқасында 
монитордың 
электрондық-сəулелік 
түтігінде 
люминофорлы 
түйіршіктер  қасында  орналасқан  үш  түстен  кескіннің  бір 
элементінің түсі қалыптасады. 
Түс  ажыратудың  берілген  қасиеттері  түрлі  түсті  монитордың 
ЭСТ  əрекет  қағидасын  жасаған  кезде  қолданылды.  Түрлі  түсті 
монитордың  электрондық  сəулелік  түтігінде  басқарудың  тəуелсіз 
схемасы бар үш электрондық зеңбіректер  орнатылған, ал экранның 
ішкі бетіне үш негізгі түсті люминофор жағылған: қызыл, көк жəне 
жасыл. 
4.3-суретте монитор экранындағы түстердің пайда болу схемасы 
көрсетілген.  Әр  зеңбіректің  электрондық  сəулесі  люминофордың 
нүктелерін тартады, сосын олар жанып бастайды. 
 
 
 
121 


 
 
4.3 
-сурет. Монитор экранында түстердің пайда болу схемасы
 
Нүктелер  түрліше  жарқырайды  жəне  əр  элементтің  өте  кішкентай 
өлшемдерімен  мозаикалы  кескінді  береді.  Әр  нүктенің  жарқырау 
қарқындылығы 
электрондық 
зеңбіректің 
басқарушы 
сигналына 
байланысты  болады.  Адам  көзінде  үш  негізгі  түсті  нүктелер  қиылысады 
жəне 
бір 
біріне 
таңылады. 
Үш 
негізгі 
түстің 
нүктелерінің 
қарқындылығының  қатынасын  өзгертумен  монитор  экранында  қажетті 
реңкті  алады.  Әр  зеңбірек  электрондар  ағынын  сəйкес  түсті  тек  қана 
люминофорға  қарай  бағыттау  үшін  əр  түрлі  түсті  кинескопта  арнайы  түс 
бөлетін перде болады. 
Электрондық зеңбіректердің орналасуына жəне түс бөлетін перденің 
құрылымына байланысты (4.4-сурет) ЭСТ төрт түрін ажыратады: 
■ 
Көлеңкелік  перделі  ЭСТ  (Shadow  Mask)  (4.4,  а-сурет)  LG,  Samsung, 
Viewsonic, Hitachi, Belinea, Panasonic, Daewoo, Nokia жасап шығаратын 
көптеген мониторларда кеңінен таралған; 
■   
Жақсартылған    көлеңкелік    перделі    ЭСТ    (EDP    —    Enhanced      Dot   
Pitch) (4.4, б-сурет); 
■ 
Саңылаулы  бүркемелі  ЭСТ  (Slot  Mask)  (4.4,  в-сурет),  мұнда 
люминофорлы  элементтер  тік  ұяшықтарда  орналасқан,  ал  перде  тік 
сызықтардан  жасалған. Тік  жолақтар  құрамында  үш  негізгі  түстің  үш 
люминофорлы элементтерінің тобынан тұратын ұяшықтарға бөлінген. 
Перденің бұл түрі NEC мен Panasonic фирмаларымен қолданылады; 
 
122 


■ 
Тік  сызықты  апертурлы  торы  бар  ЭСТ  (Aperture  Grill)  (4.4,  г- 
сурет).  Үш  негізгі  түсті  люминофорлы  элементтері  бар 
нүктелердің  орнына  апертурлы  тор  құрамында  үш  негізгі  түсті 
тік  жолақ  түрінде  тұрғызылған  люминофорлы  элементтерден 
тұратын жіптер сериясы болады. Осы технология бойынша Sony 
мен Mitsubishi түтіктерін жасап шығарады.
 
Құрылымды   көлеңкелік  перде  кинескоптың  ішкі  бетіне 
жағылған люминофордың нүктелеріне сəйкес келетін  саңылаулар 
жүйесі бар арнайы материал – темір никель қорытпасынан жасалған 
металл  тілімді  береді.  Апертурлы   тор  көлеңкелік  пердедегі 
саңылаулар қызметін орындайтын тесіктер жүйесімен пайда болған. 
Монитор  құрамында  электрондық-сəулелік  түтіктен   басқа 
басқару электроникасы болады, ол ДК  видеокартасынан тікелей 
түсетін сигналды өңдейді. Бұл электроника сигналдың күшеюін 
тиімді ету керек жəне электрондық зеңбіректердің жұмысын 
басқарады. 
Монитор экранына шығарылған кескін тұрақты болып көрінеді, 
алайда  ақиқатында  ондай  болмайды.  Сəуленің  өзінің  қозғалысы 
сондай  шапшаң  болады,  тіпті  оны  көз  байқау  алмайды. 
Жыпылықтау  кадрлардың  шамамен  секундына  75  рет  қайталанған 
(кескіннің  барлық  элементтер  бойымен  сəуленің  өтуі)  жиілік 
кезінде іс жүзінде байқалмайтын болады. 
ЭСТ-мониторлардың  құндылықтар  қатарына  келесілер  жатады: 
жоғары  айыру  қабілеті,  экранды  бақылау  бұрышынан  тəуелсіздік, 
жақсы  түс  жіберу.  Бұл  мониторлардың  негізгі  кемшіліктері:  едəуір 
габариттері, жоғарғы энергия тұтыну жəне адам денсаулығына кері 
əсер  ететін,  монитор  жұмысымен  ілеспелі  зиян  электромагнитті 
сəуле шығарудың белгілі деңгейі. 
 
 
 
 
4.4 
сурет. ЭСТ түстер бөлуші перделердің түрлері:
 
а 
— көлеңкелік перделі ЭСТ; 
б 
— жақсартылған көлеңкелік перделі ЭСТ; 
в 
— 
саңылаулы бүркемелі ЭСТ; 
г 
— апертурлы торлы ЭСТ 
 
 
 
123 
 
 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау